Kandukondain Kandukondain


Назарларыңызға Талливуд өнімін ұсынамын, қабыл алғайсыздар . Бұл кино Джейн Остиннің 1811-ші жылы жарық көрген «Сезім мен сезімталдылық» (Sense and Sensibility) атты роман желісімен түсірілген. Бүгін ғаламторды шарлап отырып, осы фильмнің орысша нұсқасын тауып алдым, «Разум и Чувства» деп аталады.

Индия киносының көрермендері болса араларыңызда, қарап көріңіздер. Фильм әрине махаббат жайлы, апалы-сіңлілі қыздардың махаббаты, сезімі, сатқындық, бастарынан өткен қиыншылығы туралы. Өзім Айшвария Райды ұнатамын, ол кісі осы фильмде ортаншы қызды сомдайды. Қысқа сөзбен айтқанда, мен тұрып жатқан өлкемен, сол елдің тілімен таныс болыңыздар
Бөлісу:

25 пікір

madlen
Айшвариядан баска кім бар тағы да мұнда?
balzaminka
қалған актерлердің барлығы тамильдер
sabalak
Үнді фильмдері туралы бір әзіл:
— мен сені өлтіремін.
— Асықпа алдымен мен және менің пілім саған билеп береміз ҚҚҚ
balzaminka
неше түрлі клишелері бар ғо
satibaldi
Талливуд өнімін ұсынамын
О гімдер тағы нақ?
sabalak
екі күнде үш фильм түсіретін Болливуд дейтін еді!
balzaminka
Тамилнадтың өз дербес киноиндустриясы бар, Талливуд, Болливудқа конкурент. Тамиль, телегу тілдерінде түсіреді, сондай-ақ тағы бір тіл бар, қаз не помню
monti
да жууу мұндайын мен естімептім
araika
Үнді кинолары ертегі сияқты, сонан соң барлығының сюжеті бірдей өрбиді. Бала күнімде әрбір жексенбі сайын көрші үйге кинотеатрға барушы ек. Қазір мүлде көрмеймін, дұрысы көруге деген құштарлық жоқ.
asaubota
сеннен сұрайын деп жатқам үнді фильмдерін ұнатасың ба деп. жауабы мында тұр екен

фильмді түсіріп алуға сілтеме бар ма?
balzaminka
Фильмге сідтеме

Үнді фильмдерімен өстім ғо, соның әсерімен Индияға қызықтым
Abilakim
Келіншегім үнді фильмдерін ұнатады.Аптасына бір кино торрент арқылы жүктеп беремін.Болмаса онлайн қарай салады.Арасында мен де көремін іш пыспас үшін
asaubota
ИндияТВ жоқ па үйде?
Abilakim
одан да қарайды, бар.
Zhan
Осы Айшвария Райдың сұлулығына сөз жоқ, бірақ өте жасанды ойнай ма или маған солай көріне ме, әйтеуір актриса ретінде фильмде ойнаған образдары мені еш сендіре алмайды. Одан гөрі толықтау, супер сұлу болмаса да Каджол мен сүйкімді Прити Зинтаның кинодағы рольдері жақсы шығады.
balzaminka
Бкусыңызға талас жоқ қо, Жан ака
Aikona
Бұрындары үзбей қараушы ем. Қаз онша қызықпаймын. Әпкем әр демалыс көреді, амал жоқ үй жинап кетем . Көбіне Айшвария Рай мен Шахрух Кхан ойнаса көруге тырысам.
balzaminka
менің де фавориттерім осы кісілер
direct
Осы үнділер ақ Мухаббат фильмдерін түсіруден шаршамайды екен.
Соңғы рет қачон үнді киносын көргенім есімде жоқ екен, бұдан кейін қашан көрерімді де білмейм)))
Aikona
жүректері күймеген шығар әлде сол күйікті әйтеуір өзгерту шығар
direct
@Aikona не деген жүрек оларда? Радж Капурдан бастап жүректері күймек түгілі — өртеніп кететін фильмдерді шығарып тастадығой) Әлде жаңа ұрпақ боевик/ужас көріп қатыгезденбей, Мухаббат фильмін көріп, соған сеніп, өмірге Мухаббат көзқарасымен қарап өссін дейтін шығар а?)))
Abilakim
Робот деген фильмдері бар.Барлық андроидтарды демалдырып кетеді. Ол да махаббатсыз емес бірақ
satibaldi
Ол да махаббатсыз емес бірақ