Дипломдарымыздың тақырыптары

Национал-көтриоттар аға-көкелеп астына түсетін біреудің дипломын мұрағаттан көріп қалғанмын кездейсоқ. Тақырыбы: «N. совхозындағы технологиялық жаңару процесстері мен ондағы партиялық үгіт-насихаттың ролі» екен, ғалым епті
nurbergen_makym -ның тақырыбы: «Жаһандану идеясының БАҚ-тағы казуализмі» екен
Дипломдарымыздың тақырыбын жазып, қорс-қорс жылай отырсақ деген ой, өткен-кеткенді, қай-қайдағыны еске алып.
Бөлісу:

128 пікір

AKY
1. «Микропроцессорларды оқытудың мультимедиалық программасы»
2. «Логикалық нейропроцессорларды жобалау»
satibaldi
Екі диплом???
AKY
бакалауриат және магистратура
satibaldi
Менің тақырыбым: «Уроинфекциялардың этиологиялық құрылымы», 3-ке қорғадым.
Sedef1
орысшага аударса менм дипломкам «Формы репрезентации языковой модели времени в условиях художественного текста на материале англ.прозы» оны озм тандамадым препод берді. аямады.
19852407
Менің тақырыбым: «Уроинфекциялардың этиологиялық құрылымы», 3-ке қорғадым
balzaminka
дежавю, дәл осы тақырыпты бұрын көтердіңіз емес пе?
satibaldi
Бұрын итім көтеріп қалғанын жазғанмын, басқасы есімде жоқ.
madlen
Диплом жазбағам, типа кредитная технология бойынша жазбауға болады деген бірнәрсе. Есесіне гос емтихандар саны диплом жазғандардың санынан көбірек болды.
19852407
Рахатын-ай,
диплом жазам деп құр сүйек болып қалғаным есімде бір кездері от переживания

"Қазақ баспасөзіндегі жедел ілгерілеу идеясы"
patick
Мен үшін шешім қабылдапты. «Кел де тақырыбыңды алып кет» деді, алып кеттім. Тақырыбы:
«Пернебек Бейсенов — публицист». Диплом деуден гөрі реферат деп атаған дұрыс сияқты.
AKY
Танымайды екем ондай адамды.
19852407
Сол саған, маған, оған (Патикке) таныту үшін жаздырған да
TERISKEY
Бәсе деймін-ау, дорбаңдағы кітаптың авторын қайдан естіген едім деп жүрсем, дипломың екен ғой:
19852407
«Пернебек Бейсенов — публицист».
Осындай тақырыптар рахат қой. Көшір әйдәтіп, универ мен Ұлттық кітапхана аман болсын деп қойып
patick
Әңгіме сонда болып тұр ғо, емге материал жоқ. Фотодағы екі кітапта — оның мақалалары мен шағын өмірбаяны ғана.
AKY
Ал қасымдағы құрбыларымдыкі:
«Нейрондық желілерді оқытудың мультимедиалық программасы»
«Дискретті математиканы оқытудың мультимедиалық программасы»
balzaminka
«Алматы облысы, Талғар ауданы суармалы егіншілік жерлерінің мелиоративтік жағдайын жақсарту»
satibaldi
Барып, көріп келуге тура келді ме, әлде сызбасына сүйене салдың ба?
balzaminka
бардым, көрдім, соткамнан айрылдым
satibaldi
Қалай енді, былай жақсартуға келе ме екен?
balzaminka
иии, қайдағыны еске салып Сізде, онсыз да «белая ворона» болған тақырып ол. Жұрттың бәрі Қызылорданы алғанда, мен оқшауланып, өз қаражатыммен материал жинап, басына барып, одан комиссия төрағасы Алматыдан келіп, өзіне таныс аудан болғасын сұрақты жаудырып, соңында жақсартуға келеді екен деген
satibaldi
мен оқшауланып, өз қаражатыммен материал жинап,
Пайғамбарсымащ
balzaminka
ақиқаты солай, не дим басқа
Zilola
Бальзаминка, тақырыбыңды жазғаның жақсы болды, Талғарда болғаныңды еді біліп отырмын. Табиғаты қалай екен, былай?
balzaminka
шын айтсам, есімде жоқ.
19852407
 көп ішіп қойыппын деш Алматыдан келген комиссия төрағасымен
Erlan
Менінің тақырыбым артта қалған Қызылорда облысының экономикасыма бірдеме
balzaminka
сол бірдеме ғо көтермей жатқан Қызылорда экономикасын
sabalak
Менікі "Қазақстан нарығындағы қаржы институттары " ұмытпаппын)
boztorgai
"қызылорда облысы қазалы ауданы 300 орындық мәдениет үйінің жобасы"
Zilola
уау!!! әріптес!
«Алматы қаласындағы көппәтерлі тұрғын үй»
TERISKEY
Ыбырай Алтынсариннің «Мұсылманшылықтың тұтқасы» еңбегінің зерттелу тарихы(ғылымхал).
balzaminka
ғылымхал?
TERISKEY
негізі мен әдебиет бөлімінде оқысам да, дипломым оған қатысты болған жоқ шы. Ислам ғылымхалы — ислам дінінің негізгі ережелері, түсінік, діннің шарттары мен орындалу барысын жете түсіндіретін жинақ. Дінге кетқалғаным үшін «5»-тің ең төменгісін қойд. 1 ғана сұрақ қойды комиссия: "Қыздар хиджаб кигені дұрс па?" деп. «Иә» дедім. Болды, бара беріңіз деді
balzaminka
сонымен, ғылымхал деген термин ғылыми теориялар жиынтығы?
TERISKEY
жоқ, ҒЫЛЫМХАЛ — діни ережелердің қысқаша жинағы.
19852407
Дінге кетқалғаным үшін «5»-тің ең төменгісін қойд.
«Темірқазықтың» тентегімісің-ей?
TERISKEY
«Темірқазықтың» тентегімісің-ей?
 титтей де қатысым жоқ
Nur
Менікі де Ыбырай Алтынсарин туралы. Балғынбек Имашев берген тақырыпты. Алтынсаринің исламнан безбегенін, діншіл болғанына көз жеткіземін деп қиналдымғо.
Aikona
“Риддер-Сокольное кенорны Крюков кеншоғырының минералогиясы”
direct
"Әлишер Науаи" — неғой, дипломдық жұмысым емес, өмірімде бірінші һәм соңғы рет жазған рефератым, лицейде 1 курс оқитын кезде))) Содан кейін курстық, дипломдық жұмыс жазу пешенеме жазылмапты. Жазуым балақайдікіне ұқсағасын, әпкеме жаздырғам, әдемілеп өзбек тілінде. Рефераттың ішіндегі, мұқабасындағы суреттер мен өрнектерді өзім әдемілеп сызып, фломастермен бояп, трафаретпен «РЕФЕРАТ» деп жазып, апайға апарып бергем. Кәттә семиз «5» қойып берген Лола апайымыз. Мұқабасы әдемі болғандықтан көрнекілік тақтасына іліп қойып еді.
Gulistan
Взаимодействие интерфейса человек-машина на заводе ТШО.
Осы есте қалғаны.
satibaldi
А? Ом манэ падме хуум… Қай мамандық б-ша???
Gulistan
Өнеркәсіптік электроника.
«5 минут позора» деген рас екен.
AKY
Өнеркәсіптік электроника.
Херасе. Сындым мамандығыңа.
serjan
«Sylibum marianum дәрілік өсімдігінің онтогенезіндегі вегетативтік мүшелерінің морфологиясы мен анатомиясы»
satibaldi
Қиын болды ма?
serjan
Қиын болғаны тақырыбынан көрініп тұрған жоқ па?
satibaldi
Sylibum marianum қай жақта өсетін арамшөп?
sigma
Структура автолокализованных экситонов в гранецентрированных щелочно-галоидных кристаллах при низкотемпературной (-193С температура жидкого азота) одноосной деформации
direct
Базардан іздеп таппайтын тақырып екен!!!
Сонымен, бұл жұмыс не жайлы сонда?
satibaldi
спивак-лавровсстың
Abilakim
өткенде бір танысым дипломдық жұмыс іздеп еді, мыналардың арасынан таппай отырмын
Abilakim
А.Байтұрсыновтың «МАСА» жинағы жайлы дипломдық жұмыс жазған журналистті көргенмін. Мазмұнына қарасаң реферат
19852407
Біздің курстан тағы бір қыз жазды ендеше
Marco
"Қуғын-сүргін жылдарындағы Алашорда публицистикасы" сияқты
satibaldi
KILYZAMAN : «Конспиративтік пәтерлердің назарға ілінуінің белгілері».
mirasasem
Берік Қорқытов еңбектеріндегі Атырау билері мен жыраулары
Aldeken
Негізі «Мұстафа Шоқай және Түркістан тәуелсіздігі идеясы» деген (осылай сияқты ед, әйтеуір) тақырыпқа дипломдық жұмыс дайындағанмын. бірақ қорғалмай қалды, рецензияны 1 күнге кешіктіргенімді сылтауратып, керімсалжұбатқанованатолийпереверзенцевінссс…
Marco
керімсалжұбатқанованатолийпереверзенцевінссс…
asaubota
Диплом тақырыбын алғашқы жыныстық тәжірибемен салыстыратын болсақ менікі онша романтик болмады. Тақырыбым "Қонақүй бөлмелерін интернет арқылы брондау" еді. Түк қиналмай интернеттен ала салдым да, өз атымды жазып, қағазға шығарып, сосын дискіге жаздым. жетекші мен барғанда бөлмесінде жоқ екен, есігінің астынан сала салдым да ауылға кеттім. 1 айдан кейін интернетке кіріп, өз аккаунтыммен кіріп көрсем 3 қойғанын көрдім.

дипломнан өтсем де 3-ші курстың бір сабағын әлі тапсырмағаным үшін сол жылы берілмеді дипломым, келесі жылы ана сабақты тапсырғасын барып алдым.
Adiletshu
Алматы қаласында ойын-сауық индустриясының элементі ретінде гольф туризмнің дамуы
satibaldi
Қорытынды не болд сонымен?
Adiletshu
Мүмкіншілігі зор болды ғой
dark_nazgul
Диплом жұмысым "Қазіргі қазақ әдебиетіндегі әдіс пен стиль мәселесі".
Магистрлік диссер: «Оралхан Бөкей шығармаларындағы экспрессионизм және экзистенциализм элементтері»
Осылай ғой дейм, ұмытып қалыппын…
AKA
Дипломдық жұмыс әлі қорғамадым, алдағы уақытта иншАллаһ! 9-сыныпта қорғаған ғылыми жобамның тақырыбы бар: «Днепр РС — 20 зымыран тасығышының зияны». Ең сәтті жобам осы болды.
satibaldi
9-сыныпта қорғаған ғылыми жобамның тақырыбы бар
9-шы сыныпта ненің ғылыми жобасы?
AKA
Ну енД, оқушылардың республикалық ғылыми-жоба сайысы ғой.
satibaldi
«Днепр РС — 20 зымыран тасығышының зияны»
Мұсабаев қызғаныштан бұрышта қолдары дір-дір етіп, темекі шегіп тұрд дейсің ғой
meirzhan
Тақырыпты ойдан шығарып отырған жоқсың ба?  Тым қиын екен. Қазір бұны ирандық оқушылар қорғап жүр.
AKA
1. Осы уақытқа дейін айтқаным мен жазғандарымның бірінде де өтірік болған емес, ойдан шығару жайлы тіптен ойлаған жоқпын. Себебі, бәріне де есептің барын естен шығарған емеспін.
2. Ғылыми жұмысым туралы қолымда бар ақпаратпен бөлісе аламын, қажет десеңіз. Қалың бір файл мен суреттер жеткілікті. Оған да сенбесеңіз Қызылордаға келіңіз, ғылыми жетекшіммен және ғылыми институттағы ғалым ағайыммен /мені ұмытып қалмаса әрине/ таныстыра аламын.
3. Бұл жазғандарым да сендіре алмаса, осы сайыстан жүлделі 3-орын алғанмын, сол дипломымды көрсете аламын.
4. Ирандық оқушылар жайлы хабарым жоқ. Зерттеп жүрген болса естуім керек, себебі бұл Қызылорда обл. Қармақшы ауд. Қуаңдария ауылында болған жағдай. Одан бері 3 жыл өтті, толық зерттеліп, нақты ақпарат әлі күнге дейін шыққан жоқ. Сол күйі зерттелмей қалды…
AL-ASTER
Мықты тақырып дегеннен басқа айтар жоқ. Мектепте менде де бір тақырып болған экологияға қатысты. Осы ракеталар туралы. Аса жақсы жоба болмаған, рас. Тек ең жас қатысушы ретінде ІІІ орын берд

Негізі, сол кезден бастап «жұлдыз» ауруына ұшырап, бұзылып кеттім.

(Мұңлы болмағанда, күлкілі болар ед)
AKA
Менің де жасыма қарады-ау шамасы?! Себебі, 1-орынды 11-сынып оқушысы, бітіруші түлек алған болатын. Бірақ, әділетсіз болды деп санаймын өзім, себебі, үнемі Аралдың мәселесін қарастыра беретін. Сол кезде де 1,2-орындарды «Арал мәселесі» алды. Республикалық сайысқа да сол екі орын жөнелтілді. Есіме түссе…
araika
Қызылорда обл. Қармақшы ауд. Қуаңдария ауылында
Таныс, таныс, таныс бәрі… Сонда сен осы ауылға бардың ба? Мен де қызықпын, әрине барасың. Сонымен, нәтижесінде жаза кетші, мені қызықтырады. Яғни, соңғы нүктең, "қосарың" қандай болды ғылымға?
Ғалым ағайың кім болды? Менде Т. Жайсаңбаев ағай болған. Айтпақшы, сол кісі сендерге сабақ бермей ме?
mampasi
есімде жоқ. себебі қорғайтын күні деканаттағы қатыннан сатып алдым да сол күні қорғаған болып өткізіп бердім қайта
AL-ASTER
C# тілінде аудармашы бағдарламасы (Қаз-Рус-Енг). Кәдімгі күнде көріп жүрген аударма бағдарламаларынан еш айырмашылығы жоқ. Қиын түсы: сөздік қоры. Бәлен мың сөзді аударатын менде бас та, ниет те жоқ ед. Сондықтан, бір транстлятордың базасын нетіп кетуден басқа вариант болмады. Қорғаған соң, дайын орыс пен ағылшын тілдерін сапырып, тағын оншақты тілдің аудармасын қосып: Қазақша-Түрікше-Ивритше-Моңғолша-Қытайша-Орысша-Ағылшынша-Корейше-Жапонша етіп жіберуге болар ед. Әттең, базасы ұрланған болған соң, қорғаған сәттен бастап корзинаға жіберуге тура келд.

ПыСы: басында сөйлем аударатын машина жасамақ ниет болған (кейін коммерциялық етуге), кейін ішіп кеткен түріме аяушылық білдіріп, жәй сөздік ете салудан басқа вариант көрмей қалдым.

Екіншісі сауда желісінің орталықтандырылған электронды сату жүйесі.
AL-ASTER
Комментті редактрлеуге болмай ма?
meirzhan
Керекке кеше тіркелгендей болдың ғой, Нұржол ))
boztorgai
базасы ұрланған болған соң

басқалар ұрламай жүр дисіз бе
маңдай терлететіндер некен саяқ, менше
sigma
терлемегендерді терлететін орган бар ғой
Simona
Қaйдaғыны қaйдaн еске түсiрiп: Der Stellenwert der schulischen Bildung und Erziehung im Bewusstsein von Müttern verschiedener Kulturen.
„Eine qualitative Vergleichsstudie zwischen Müttern mit deutschem kulturellen Hintergrund und Müttern, deren kulturelle Wurzeln in Nahost liegen.“
Simona
Бiр сөйлеммен aудaру қиын, сондықтaн жaлпы не турaлы екенiн aйтa кетейiн: Бiлiм мен тәрбиенiң aнaлaр (екi түрлi мәдениеттен) үшiн мaңызы. Қысқaсы мұсылмaндaр мен немiс әйелдердi iздеп әуре боп, олaрдaн интервью aлып, әрқaйсысымен кем дегенде 1 сaғaт сұхбaттaсып, нәтиженi сaлыстырып, бiрaз нервымды құртқaн жұмыс.
araika
Дипломдық жұмыс жазылмады, емтихан тапсырдық.
Мектептегі ғылыми жобамның тақырыбы: «Шудың (шум) экологиялық фактор ретінде адам денсаулығына әсері». Негізі, бұл жұмыстың нүктесін ғана қойдым десем болады. I-турдан өтіп, екіншісіне келгенде ұшып түстім. Неге ұшпасқа? Физикадан бір формуланы жатқа біліп, оның заңдылықтарын түсіне алмасам...II- тур тест болатын, өтірік математикалық амалдарды қолдандым (кездескен сандарды көбейттім, бөлдім...)
Сол кезде алған III-дәрежелі дипломды-ай… Біреудің обалына қалғанда болармын, себебі көк көзді жігіттің көзі тесіп кеткен еді. Ұмытпасам, Аманов (аман болсыншы өзі)
AL-ASTER
Орысша баламасын жазбағанда, мүлде басқаша түсінуге болад.
araika
иә, денсаулықтарыңа абай болыңдар! Шулы ортадан бастап құлақтағы құлаққапқа дейін бәрі зиян.
meirzhan
Шулы орта дегеніміз — о, қала, о біздің әсем қала ғой. Тым болмағанда үйдің терезесі плотно жабылу керек деп естігем. Көшедегі шу (шум) мен автокөлік дыбысы бәсең естілу үшін.
araika
Дұрыс естігенсің. «Пластик терезелерді қолданған жөн» деп жақсы жарнаманы да кірістірген болатынбыз.
AL-ASTER
Осы пластик терезенің ауа өткізгіштігі (сыртқы ортамен қалыпты ауа алмасу процессі+) ағаш терезеге қарағанда төмен болғандықтан, оның да зиянын неге ескермеске.
araika
Енді бұл жағын басқа адамға, тек маған емес
Зиянсыз деп те айтпадым деп ақтала кетуді жөн санап тұрғаным
AL-ASTER
Пытаясь сохранить лицо, теряешь задницу :қарқылдаған смайлик:

//Линдон Джонсон
AL-ASTER
Шулы орта да, құлаққап та жауымыз екен ғой сонда… Кім айтты бізді жауынан қорқады деп?!
araika
 Өздерің білесіңдер ғой, айту — парыз
saltanat23
Менің дипломдық жұмысымның тақырыбы: 1) «Экскаватор редукторын шығаратын механикалық құрастыру цехын жобалау және фланец қақпағын механикалық өңдеудің технологиялық процесін жетілдіру». Сызбалардан қиналғаным қатты есімде қалып қойыпты.
2)«Г.Н.Потанин еңбектеріндегі қазақ ауыз әдебиеті мәселелері»
satibaldi
Сызба қиындығын көбісі айтады. Біреудің бір апта бойы бас көтерместен сызып, қорғайтын күні үстіне шәйнекті ақтарып алып, шатыры жүріп кеткені туралы естіп едім.
saltanat23
Құдай сақтап, мұндай жағдайға ұрынбадым. Сызбаның да аз болмайтынын (кем дегенде 8-10 сызба) ескерсек, «шатыры жүріп кетуінің» де жөні бар екен.
konvict
Бізде дипломдық жұмыстың орнына практиканың отчетін тапсыру керек болды. Таныс ИП-дан печать бастырып алып, бітіріп кеткендердің тапсырғанын архивтан ұрлавалдық. Сканерлеп, сосын фирма атын өзгертіп тапсыра салдым. Практиканың қалай өткенін айтып отырып өз өтірігіме өзім сеніп қалажаздадым.
salta
«Егемен Қазақстан» мен "Қазақ әдебиеті" газеттеріндегі (2003-2004) сатира жанры.мляяяяяя, маймыл болғанмын, өйткені түнімен Астана күнін тікелей эфирге береміз деп, 8 сағаттық эфирді бітіріп, таңертең әрең барғанмын қорғауға. шаршап тұрғанымды көріп, Ақсалеу ағай: мына баланы жіберейік, «4» қоя салыңдар деді. шәпкемді аспанға лақтырып, таңды таңға ұрып ұйықтағаным бар…
satibaldi
мляяяяяя, маймыл болғанмын
Мұны өткен шақта айтуыңызға толық негіз бар ма?
salta
одан бері маймыл болмауға тырысып жүрмін… өзімше тырысамын, сырт көзге қалай екенімді сырт көз біледі…
asaubota
сырт көзге қалай екенімді сырт көз біледі…

Сатыбалды salta-ны көрсе Жанның Саясын бірден ұмытып кетер еді
Zhan
Менде қыстырылысып қосыла кетейінші, Гульвира — Астананың әдемі келіншектерінің бірі.
boztorgai
шәпкемді

құдайдың ыстығында шәпке киіп жүрсіз бе
Gastarbaiter
Диплом жазғаным жоқ, бірақ жазғаным дұрыс еді лібә...қаптаған экзамендер выпускнойдың алғашқы минуттарына дейін артымнан қуалап жүрді ғой.
Aigolek
Казакстан Республикасындагы Индикативты жоспарлау
kozildirik
"Қазақстандағы жанама салықтар" 3 ке қорғадым, оның өзін жұмыстың арасында, жүгіріп жүріп зорға дегенде))))
ademi_alem
Менде дипломдық жұмыс тақырыбын таңдау мүмкіндігі болған жок. Қазақ тілінен қорғайсың ба, әдебиеттен қорғайсың ба? деп ешкім сұрамады. Тақырып берді, ұнамады. Алдын ала қорғау кезінде елу бет бірдеңе жазып апардым, «тақырып ашылмаған, қайта жаз дұрыстап» деген пікір естіп қайттым. Диплом қорғау күні сол жұмысты қайтып апардым. Дипломдық жетекшім «Есің дұрыс па? Бұл не деген сұмдық! Ужас!» деп… Не болса да бары осы деп, ақыры қорғадым дипломдық жұмысымды. Бәрі қорғап біткеннен кейін мені оңаша шақырып алды кабинетке. Сосын жеке куәлігімді сұрады, бердім. «Дипломдық жұмысты қайта жазып әкелмейінше бұл құжат жоқ саған» деді. Арада біраз уақыт өткенде эл.почтама «Сізге диплом, жеке куәлік деген нәрселер керек емес пе?!» деген хабарлама келген. Мен «жоқ» деген жауап жаздым. Арада тағы біраз күн өтті. Кешқұрым Ертіс өзенінің бойымен серуендеп жүрген едім, алдымнан группалас қыздар шықты. Диплом алған күндері екен. Ертеңінде жұмыста отырғанда эл.почтама «Айналайын, дипломың мен құжатыңды алып кете ғой» деген хабарлама келді.
Marationok
Сіздің электрондық поштаны қалай біліп қойған? Әлде өзіңіз бердіңіз бе?
Ottegin
«Абай шығармашылығы этнографиялық дерек ретінде»

Моғолстанның әскери ісі тарихы
qonyrbai
«Дәулет Әлімжановтың әдістемелік мұрасы». Мен газет-журналдан оның өмірбаянын алдым. Ал дипломның тоқсан пайызы Ахмет Байтұрсыновтың әдістемесі туралы жазылған диссертациядан ұрланды. Үш күнде алпыс бетті жазып тастағам.
satibaldi
Дәулет Әлімжановтың әдістемелік мұрасы
О гім шешесс?
qonyrbai
Білмедім сол. Оразахынова Нұрша апайдың берген тақырыбы сол. :)
DiasBisengali
Филологтардың дайын 3 дипломдарын алып, құрастырып, қорытындыны қоса салдым
RaymbekEgemberdiev
Су бетін модельдеудегі компьютерлік графиканың әдістері мен алгоритмдері :-)