Сөздің парқы. 1. Бұлыңғыр шамалар туралы
Біреудің далбасасына қой дегің кеп кетеді, не пікіртласқа белден қойып кеткің келеді. Бірақ соңғы кездері ойланатын болып қалғанбыз ба. Себебі, қазақтың сөз қабылдау ерекшелігі — хрестоматиялық нұсқадан әлдеқайда алыыыыыста жатыр екен. Бірер мысал келтірсем.
1. Қазақ мықты идеалист. Оны кезінде студенттерімнен байқағам. Мысалы, лекцияда "… бұл әдісті қолдану онша құпталмайды" (програмистер үшін: goto операторы туралы лекция ғой) десең — бітті: ертеңіне түсінік айтқан кезде немесе практика кезінде "… бұл әдісті қолдануға БОЛМАЙДЫ" деп, өңін айналдырып айтып тұрады. Ендігәрі — "құпталмайды" деген нәрседен қырық шақырым жерден қашық жүреді. Сосын ең қызық жері — дәл сол лекцияны оқыған, бірақ дәл түсінген орыс топтардан үнемі қалып жүреді. Бірді-екілі көрініс емес, қалыпты көрініс.
2. "… Теориялық дайындығында ақтаңдақтар болғанымен, жұмыстың практикалық бөлімінен N. мырзаның — қателесу арқылы үйренгені көрініп тұр, ал мұны теориялық дайындықтан да құнды екенін біз білеміз...". Айтыңыздаршы, жақсы рецензия ма? Меніңше — керемет рецензия. Біреу маған осылай жазып берсе, бақыттан тап сол жерде басым айналып құламағаныммен, көпке дейін күпініп жүрер едім. Өкініштісі сол: бұл базбіреулерге қарғыстан бете рецензия боп көрінеді. "Қатесі бар, матесі бар деп қойыпсыз ғой, одан кейін маған қалай бес қояды?" деп, зәрезап болады. «Оу көке, дипломың үйде бір апта жатты, оқып шығарған қорытындым емес пе?» десең, «жамандау үшін бір апта ұстадыңыз ба сонда?» дейді. Қарап отырып, жауың тағы бір данаға көбейеді. Мен оның тілеуін тілемейді екем де. Астапыралла…
Бірақ бұл ұлттық ерекшелік те шығар. Қазақ кезінде нақты не иә, не жоқ деп сөйлейтін болған сияқты. «Жоқтан гөрі бар сияқты...» деген мәймөңке сөздер батыстан келгені көрініп тұр. Бірақ дегенмен заманның ығына да жығылған дұрыс сияқты.

5 пікір