Алдар Көсенің сүйегі табылды. Алайда...


Жаңа ғасырдың алғашқы жылдары еліміздің археологиясы үшін керемет табысты жылдар болып жатыр деп айтуға толық құқығымыз бар. Соңғы 5 жылдықта бірнеше тарихи тұлғаның сүйегі табылып, мәре-сәре болып жатқан жайымыз бар. Соңғы табылған сүйектер қатарына Алдар Көсе сүйегі қосылды. Оңтүстік Қазақстан облысы және Қызылорда облыстарының қиылысқан, шекара тұстарындағы бір үңгірден табылған 2 адамның бірінің сүйегі Алдар Көсенікі екені анықталған еді. Алайда, біздің археологтармен бірге жұмыс істеген неміс генетиктерінің айтуынша бұл сүйектің иесі кезінде гей болған екен. Бұл хабардан кейін алғашында «Біздің облыстан табылды, тойын біз өткіземіз» деп таласқан қос облыс өкілдері енді бұл ойларынан бас тартып, үңгірдің орналасқан жері біздің облыс территориясында емес деп отыр.

Оқиғаның мән жайын анықтау үшін Юстус Либих атындағы Гиссен Университетінің генетика факультетінің деканы, Қазақстандағы Алдар Көсені іздеу жобасының жетекшісі профессор Фридрих Рамштайнмен сұхбаттасқан едік:



— Фридрих аға, табылған 2 сүйектің бірі шынымен Алдар Көсенікі ме?
— Бұл ғылым болғандықтан 100 пайыз сенімділікпен ештеңе айта алмаймыз. Біздің зерттеу нәтижелеріміз бойынша бұл сүйек 97,5 % Алдар Көсе деп аталатын кісінікі.

— Қандай белгілері бар?
— Біз алдымен Қызылорда Қорқыт ата Университетіндегі лабораторияда өз жұмысымызды жалғастырғымыз келген еді. Бірақ, университет ғимаратында электр энергиясы қайта-қайта сөніп қала бергесін Германияға барып, өз лабораториямызда жалғастыруды жөн көрдік. Зерттеу барысында сүйектің ДНК құрылымын зерттедік. Нәтижесінде бұл адамның бойында аферистік қасиеттердің басым болғаны анықталды және өтірік айтуға бейімділігі, көп сөйлейтін адам екені анықталды. Бұл мәліметтер сүйеніп қазақстандық әріптестерім бұл сүйектің иесі Алдар Көсе деп отыр. Ал, оның басты сипаттарының бірі де көселігі екен. Бұл тұрғыда да айтарымыз бар, сүйек иесінде әйел гормондары да бар, атап айтқанда беттің жақ және мойын аймақтарында сақал шықпаған деген тұжырым айтып отырмыз.

— Ал, не себепті Алдар Көсе гей болған дейсіз?
— Иә, түсінемін бұл адамның қазақ халқының ауыз әдебиетінде алар орны бар. Алдар Көсе гей болды деп елді біраз шошытып алған сияқтымыз. Бірақ, ғылым мұны растап отыр. ДНК ешқашан алдамайды. Тіпті логикалық тұрғыдан да ойлап қарасаңыз ол кісіге неге сақал шықпаған? Және ешқашан үйленбеген. Сүйегі табылған жерде де қасындағы екінші адамның да сүйегінің еркек адамның сүйегі екені анықталды. Айдаладағы үңгірде 2 еркек адам не істеп жүр деген сұрақ сіздерді мазаламай ма? Ұят та болса айтайын, сүйектер сексте "қасық" позасы деп аталатын позицияда жатыр екен.

— Сұхбатыңызға рахмет, Фридрих аға!
— Мен рахмет айтамын. Сау болыңыз.
Бөлісу:

108 пікір

a63a1
sigma
Шайнаған шалдың сұхбатында ешқандай негіз жоқ.
— Қандай белгілері бар?
— Біз алдымен Қызылорда Қорқыт ата Университетіндегі лабораторияда өз жұмысымызды жалғастырғымыз келген еді. Бірақ, университет ғимаратында электр энергиясы қайта-қайта сөніп қала бергесін Германияға барып, өз лабораториямызда жалғастыруды жөн көрдік. Зерттеу барысында сүйектің ДНК құрылымын зерттедік. Нәтижесінде бұл адамның бойында аферистік қасиеттердің басым болғаны анықталды және өтірік айтуға бейімділігі, көп сөйлейтін адам екені анықталды. Бұл мәліметтер сүйеніп қазақстандық әріптестерім бұл сүйектің иесі Алдар Көсе деп отыр. Ал, оның басты сипаттарының бірі де көселігі екен. Бұл тұрғыда да айтарымыз бар, сүйек иесінде әйел гормондары да бар, атап айтқанда беттің жақ және мойын аймақтарында сақал шықпаған деген тұжырым айтып отырмыз.

Алдар көсенің шығу тарихын зерттедік десе осындай туыстарының ДНКсына сәйкес десе, и то 80 пайыз дәлдік бере алмас еді, бірақ ақылға сияр еді.
Гей болғанын көрсете қойсын, келісейік, бірақ
Айдаладағы үңгірде 2 еркек адам не істеп жүр деген сұрақ сіздерді мазаламай ма? Ұят та болса айтайын, сүйектер сексте "қасық" позасы деп аталатын позицияда жатыр екен.
мынау келтіріп отырғаны ақымақтық енді, Жыныстық қатынаста бола қойсын, екеуі бірдей ажал құшпаған шығар? Прямо жата қалған да, қата қалған екен айтулары бойынша.
asaubota


ойдан шығарылған ғой www.kerekinfo.kz/blog/narrator/6828.html#comment157968
sigma
Қайдан білейін, БАҚ қылып, бағымызды ашқалы көп нәрсеге серьезно қараймыз
meirzhan
 Шын деп ойлап қалғандар аз емес. Менің де реакциямы басында осындай болды.  
asaubota
Фейсбукте жүр ғой жұртты алдап
Makhabbat
asaubota жазған екен
Рафеэллоның жазғандарын қыздар түсінбей жатыр деп қайтадан жынысаралық дүрдараздықты бастап жібереміз бе?

Тек қыздар емес қой түсінбей қалып жатқан.
asaubota
 вери вери сорри
meirzhan
Жалпы көп нәрсеге серьезно қарайтын сияқтысыз, Махаббат
Nurgisa
Қағытпаның да қағытпасы, әжуаның да әжуасы болады. Шектен шығып кетіп жүрмесек екен осы.
Rafaello
Егер қатты кеткен болсам кешірерсіз. Менің айтпағым қоғамдағы екіжүзділік және соңғы жылдардағы археологиялық белсенділікті келеке ету еді.
satibaldi
100+ Сапспа, ұра бер осылай!
meirzhan
Кешір, мен түсінбей саған минус қойып жіберіппін. Алдар көсені келеке еттің деп ойлаппын
Gastarbaiter
Келеке етсе несі бар? Марк Твендерің бүкіл Аспан әлемін жырқылдың астына алған.
Мені ойлантатыны, ертең компьютер клубына түнде қонып жүрген бір бомжды ұстап алып, Сатыбалдының прототипі болған кісіні таптық деп жүрмесе...
balenti
щщс собачка мейл точка ру))))

қыртыған әңгімеге үйір болмандар… черный ход, черный Пиар…
meirzhan
Көселер көп қой. Гей дегені қисынсыз екен. Дегенмен ақпарат көзінің көрсетілмегеніне қарап, Рафаэльдің керемет сюжет шығара алу қабілетіне бас иемін )
Rafaello
Рахмет, ақпарат көзі сол баяғы Тәңіріжаңалықтары ғой
meirzhan
Марсель де сюжет болғаны ма
Rafaello
Ол кісіде негізінде бірнеше кісінің прототипі бар, алдағы уақытта көрерсіздер.
meirzhan
Асыға күтемін
Rafaello
Сызып қойғандарым дайын тұр ғой. Тұрақты интернетке енді жетіп жатырмын. Бұйыртса жиі жариялап тұруға тырысатын боламын. Жылы пікірлеріңе рахмет.
satibaldi
Рахмет Рафаэлло
Rafaello
Боқтамағаныңа рахмет.  Әзіл ғой, Сатыбалды түсінеді деп ойладым.
Gastarbaiter
Сатыбалдыға ұнаса, оны оқып өскен дәруіштердің де біразына ұнайды.
Тек өзіңнің қолтаңбаңды қалыптастыруды ұмытпа
salta
кумаңдаршыыы… мынау кім Сатыбалдының сақылдап күлгеніне + қойып жүрген?
patick
Журиктерге биыл тақырып молынан келіп, көпіру аясы кеңіді.
Makhabbat
Нәтижесінде бұл адамның бойында аферистік қасиеттердің басым болғаны анықталды және өтірік айтуға бейімділігі, көп сөйлейтін адам екені анықталды.
Мұндай мәліметке сүйеніп Алдар көсенің сүйегі деп айтуга еш негіз жоқ,
ол заманда одан да басқа өтірік айтуға бейім, аферист адамдар болған шығар.
Gastarbaiter
satibaldi
Пікірдің түзетілмейтіні, өшірілмейтіні осындайда қандай жақсы
satibaldi
Лібәәәәәәәәә
Makhabbat
не соншама мәз болып жатсыңдар?!
satibaldi
Жаңа ескерткішке.
Gastarbaiter
Айтсақ ренжисіңдер, Бальзаның базынасы да жетіп жатыр.
a63a1
16 миллион қазақпыз дейсіңғой
Rafaello
Әзілдің мәнін түсінбеген сияқтысыз  Бар мәселе сол сіздің айтқаныңызда жатыр ғой.
satibaldi
Үндемесейш лібә
a63a1
Бекболатта бір кездері байбалам салып еді
patick
Rafaello, байқаймын біржыныстылар тақырыбы ұнайтын секілді
satibaldi
Лібә, негізі күлгенде бар ғой жігіттер.
Бұрнағы жылдары Әбішкі Кекілбаев (кәсіби байдосшы) Ақтөбенің бір жеріне барып:
— Қарақыпшақ Қобыландының моласы осы, енді оны ғылыми дәлелдеу керек — деді. Келесі жылы "ғылыми зерттеулер" жүргізіліп, моланың Қарақыпшақ Қобыландынікі екені дәлелденді.
Нәтижесі алдын ала белгілі зерттеулер тек қаззаққа ғана жарасқан.
Rafaello


Әлі талай сүйектер табылады. Атақты біреу табылмаған облыс қалмайды.
Nur
Талай нәрсе табылып атырғо. Сүйектері, киімдері, сауыт-сайман, қару-жарақ. Енді Жоласбеков Абылай ханның мәйкі-түрсилерін, тағы бір хан-сұлтандардың қолданған презервативтерін тауып алып жатса да таңғалмаймын.
Gastarbaiter
Зерттегенде алдын ала мақсатты дұрыс қоймайды ғой. Сосын, көргісі келгенді көреді, көрмегенін ойдан шығарады.
satibaldi
Бір танысым бұл байдосшыға да барған екен:
— Мырзеке, жаңалықтарды үсті-үстіне ашыватсыздар, ғылыми аппаратымен танысуға бола ма, мүмкін кейбіреулері жаңсақ шығар? — деп.
Наққа жіберіпТ, елу алтын адам таптық, соның өзі дәлел емес пе деп.
meirzhan
Дегенмен мықты археологтар баршылық. Қаржы, үйлестіру, психологиялық қиыншылықтарға қарамай қазып, зерттеп жатқан.
satibaldi
Дегенмен мықты археологтар баршылық
Өтірік айтасың.
Jacqabaies_Chirac
 
херемет жазып тұр бырат!!!
Korkem
иии Алдаркөсенің әйелі бар еді ғой....
Nur
Алдекең әйелін де өалдаған болып шықты.
Rafaello
Жазбаларымнан шындық іздемеңіздер. Кейіпкерлер және оқиғалар ойдан шығарылған.

Профиліме де осы жазуды қосып қойдым.
qisyq
Қоспағаның дұрыс болар ма еді...)))))
Gastarbaiter
Беттеріңе айтайын, тұщы болса да өтірік осы деп қой.
asaubota
былай да түсінікті ғой
Makhabbat
басында осылай жазбайсың ба?!
a63a1
үндемей отырғанда, ертең газет журналдарға шығармед
asaubota


бірақ адам аттарында сатыбалдизм бар ғой. содан-ақ ойдан құралғанын байқауға болады ғой.
a63a1
Мой мирда біраз патриоттар бар ед, сілтемесін жіберіп қояйын
satibaldi
Жіберш, мен мына жақтан Намыс.Кз-те қашан пайда болатынын қарап отырайын.
a63a1
твиттерге кетті
a63a1
Данияр Аланның тағдыры осы күні күрт өзгеріп сала берді
a63a1
БАҚ өкілдерінің жалған ақпарат бергендері жазалайтын үшін заң шықпаппед жақында
Makhabbat
Бұл постты Сатыбалды жазғанда сенбеуге болатын еді…
Gastarbaiter
Соны айтам, пост соңында «Лопата» деп жазып қойса да несі кетеді ей
Marco
ссылка жіберетін болсаңдар, мынау өтірік әңгіме деген комменттерді өшіру керек.)))
a63a1
мына жакта как раз мындай ангиме болып жатыр
Rafaello
Ендеше келесіде алдын ала ескертіп отырайын, ақпарат жалған деп

Біздің БАҚ Барселона туралы жазылғанды да шын ойлап қалып жүрер
www.kerekinfo.kz/blog/narrator/6819.html
satibaldi
Ескертпе нақ, дәмін кетіресің еті, Makhabbat -тектестер ауылында жаңалық қылып айтып жүрсін де енді
qisyq
Лібәд-ай, мен оныңды шын екен деп қалып жүрсем...
Jacqabaies_Chirac
 лібәд мен тіпті дереккөт іздеп шарламаған жерім жоқ нақ
Gastarbaiter
футболға қызықсам, мен де сенер ме едім
balzaminka
кешеден бері оңбай алданып жатырм  Сатекенің лебі еседі оңнан да, солдан да.

Біздің Қорқыт жақсы ғо, база не дегенмен база
satibaldi
Сенің өлемін деп қорқытқаның қайда осы?
balzaminka
қорықтыңыз ба не?  ондай бақытты сыйлай алмаспын
direct
Кейіпкерлер және оқиғалар ойдан шығарылған
Не деген ойлар мынау? «Гей» кейіпкерлер мен «гей оқиғалар» миыңда өріп жүреді ма сонда?
satibaldi
Сұхбатыңызға рахмет, Фридрих аға!
Епті
Abilakim
керемет сұхбат болған екен. «Теңгеміздегі Абылай хан, тарихтағы абылайханға 95 пайыз келеді екен» деп жар салып едік кезінде.Алдар көсе кинодағы Алдарға қанша пайыз ұқсайды екен?
Makhabbat
Осы екпіндеріңмен Шыңғысханныңда сүйегін таба салыңдар енді
Kipshakkyzy
Отырып алып бал аша беретіні несі екен. Миға симайды ғой!
a63a1
соны айтам-ау, немістер ойына келгенін істеп жүргой. Қалың елім қазағым қайран жұртым, қашан өз зерттеушілеріміз бұл істі қолға алмай іс болмайды
asaubota
Рафеэллоның жазғандарын қыздар түсінбей жатыр деп қайтадан жынысаралық дүрдараздықты бастап жібереміз бе?
AKY
Түсінуін түсіндік-ау, просты жаңа толқын/жаңа звезданы қабылдай алмай, біртүрлі бунт жасағымыз келіп отыр
ickep
Шаң басқан жазбаңды кәменттеу-кәменттемеу жайында көп ойландым. Негізі керемет, тек түсіндіру қасиетің өте мықты дамыған екен.

Тағы айтар кетерім, неміс емес, ағылшын мамандарын қолданған дұрыс болар ма еді…
Шынжүректен.
Rafaello
Педагогтық білімім жоқ, тәжірибем бар бірақ.
ickep
"Үйрене алмасаң, үйрете біл" демеші әйтеуір; ъ
ken
осының жалған ақпарат жазудағы приколының қандай екенін түсінбедім
Rafaello
Бәрі түсінуі міндетті емес
Abilakim
бастысы прикол өтіп тұрғаны
Gastarbaiter
Жалған ақпарат емес, ар жағында ащы шындық жатыр.
salta
жармес дер едім, бірақ керемет...
asaubota
Ходили слухи что в Алма ате в гей клубе «Алдар Косе» его застали в туалете с одним парнем нетрадиционной сексуальной ориентации! После этого у него появилось толпа поклонников гомосексуалистов…

muslib.ru/b1372819/Yerbolat/
kokbori
Мен осы жігітті Есен Елукен бе деп қалам
asaubota
пікірлерді оқып шықтым
ademi_alem
Rafaello — Керектіктерді күлкіге қарық қылған қолданушы. )))
2015
Көсенің бәрін «гей» демекпе сонда ??