"Жауапты хатшылар клубы" 2012 жылдың басты тақырыптарын жариялады

Кеше Алматыда «Жауапты хатшылар клубының» кезекті отырысы өтті. Еліміздің маңдайалды газеттерінің жауапты хатшылары жиналып, 2012 жылы жазылатын басты тақырыптарды анықтады. Клуб төрағасы Эдуард Алдоңғардың мәлімдеуінше өткен жылғы тақырыптармен салыстыратын болсақ, пәлендей өзгеріс жоқ. Тек аз-кем қосымшалар енгізілген. Сонымен қатар күтпеген, аяқасты оқиғаларға да дайын отыратындарын мәлімдеді.



Сонымен биылғы тақырыптар тізбегі:

— Қаңтар, ақпан айлары жалпы сайлау тақырыптарымен өтеді, айтарлықтай оқиғаларға жабық айлар бұл. Тек ақпанның алғашқы апталарында «Валентин қазақтың атасы ма еді?» сарынында шағын мақалалар беріліп отырылуы тиіс. Ақпанның соңына таман «23 ақпанды» әлі де тойлаушылар бар екені туралы сын-мақала берілген дұрыс.

— Көктемнің алғашқы күндерінде әрине Халықаралық әйелдер күніне арналған көлемді мақалалар берілген жөн. Одан кейін "Қош келдің Әз Наурыз" мақалалары.

— Одан кейінгі айларда аймақтардан су тасқынына байланысты репортаждар жасалады. Күннің жылынуына байланысты салауатты өмір тұрғысынан алдын ала "Қысқа етек қазақ қызына жараса ма?", «Атадан қалған ас па еді» сынды ескертпе мақалалар жариялануы тиіс.

— Алдағы жаздың басты оқиғалары футболдан Европа чемпионаты және Лондон Олимпиадасы болғандықтан "Әттеген, ай", «Бап шаппады, бақ шапты», «Алтын бізге бұйырмады» сынды мақалалар берілгені дұрыс. Олимпиада қортындыларын жасаған кезде "әттең өзіміздің қаракөздер саны көп болғанда ғой" тәріздес эпитеттер қосылса нұр үстіне нұр болады.

— Жаздың соңғы күндерін БҰТ қортындылары, өзін өзі өлтірушілер туралы жазып аяқтаймыз.

— Жазда міндетті түрде бір режиссерларымыз әлемнің бір жерінен бір орын алып келетін болғандықтан, күздің алғашқы айларында "Қазақ киносын әлем мойындады" мақалалары жариялануы тиіс. Сәйкесінше бір фестивальдардан орын алып келген әншілерді де ұмытпай, "Қазақ әні әлем сахнасында" типтес тақырыптармен берілген дұрыс.

— Күз және жылдың соңғы айларын жалпы қортындылармен толтырған дұрыс. Мысалы: «Ел экономикасы тұрақты даму үстінде», «Пәленше жерде мұнай табылды», «Түгенше өндіруден әлемде алғашқы алтылықтамыз». Жыл соңын әдеттегідей Тәуелсіздік құттықтауларымен және Жаңа жылға қатысты негатив және позитив жазулармен аяқтаймыз.
Бөлісу:

15 пікір

asaubota

бұл не, маған пародия ма? blog.arshat.kz/2010-ga-zhurnalistik-shablondar.html
konvict
Үштұғырлықты талқылауға болады. Шыңғысханның шығу тегі, Түркілер мен Үнділер т.б
Гаста батырдың мына пікірін оқып оның көрегендігіне таңданбасқа шара жоқ
vebred
Бұған енді телеарна басшыларының клубы деген секілді нәрсені қосу керек екен....))))
Nurgisa
Көк көйлекті ағашкі портретке ажар беріп тұр.
Abilakim
Олимпиада қортындыларын жасаған кезде "әттең өзіміздің қаракөздер саны көп болғанда ғой" тәріздес эпитеттер қосылса нұр үстіне нұр болады.

)))
Rafaello
 хе-хе пародия емес. Бұрын оқыған едім. Есіме түсіріп, толықтырдым өзімше.
asaubota
нормально бәрі. мен бүгін ауырып отырмын, шамалы меңгере алмай жатырмын тақырыптарды.
Gastarbaiter
білә тұмау демеш, 39 целсиінс… мен де бітіп отырмын
manfan
жазылып кетіңіз!
apashka
Әй рақмет! аргазым дегенді талаааййй жыл ұмытып едім))))))
manfan
о рафа рафа! красавачик екенсин! Красавачик!
jazzgyw
семіз адамдар окымадым.әсіресе артта тұрған…
omarbirat
Соңын тым келте қайырып жібергенсің бе, әлде Тәуелсіздік мейрамының Жаңа Жылдың көлеңкесінде қалып қоюы күн тәртібінен түсіп қалды ма?
2011 жылы ондай мақала шықпағанына қарағанда, екіншісі ме деп отырмын өзімше. Аптыр сол мәселенің басын ашып берсе деген бір бұйымтайым болып тұр.
Rafaello
Ол тақырып қазір күн тәртібінен түсті және Желтоқсан туралы да жазбау рекоменделеді.
konvict
12 ақпан Титанниктің суға батқанына 100 жыл болады. Біздікілер ұмыт қалдырмас.