Гейлер Олимпиадасына ұлт жанашырының қате пікірі

Жақында Дания елордасы Копенгагенде өткен Гейлер Олимпиадасынан кейін танымал ұлтшыл қозғалыс көшбасшыларының бірі Марсель Көшімхан өзінің Твиттер бетінде осы ойындар туралы өз пікірін жариялаған болатын. Естеріңізге сала кетейік біздің елдің гейлері дойбыдан жалғыз қола медаль алып, қатысушы 24 ел арасында 21-ші орынды місе тұтқан еді. Әр оқиғаға өзіндік пікірімен көзге түсіп жүрген ұлтжанды Марсель Көшімхан твиттер арқылы:

"Құрама сапы түгелдей өзіміздің қаракөз қазақтардан құралмай, бұл іс болмайды. Жасасын қазақ ұландары"

деген болатын.


Кейін бірнеше ретвит жасалып, Facebook және микроблогтарда біраз келеке болған бұл сөздер үшін Марсель Көшімхан кеше баспасөз мәслихатын өткізіп, мәселенің мән жайын ашып берді:

— Бұл менің қатем емес, ақпаратты дұрыс жеткізбеген БАҚтың қатесі. Мен бұл жаңалықты алғаш естіген кезде ГАИ, қазақша айтқанда МАИ қызметкерлері арасындағы спартакиада деп түсіндім. Сондықтан да пікірім сондай болды.

Ақпарат көзі: Тәңіріжаңалықтары
Бөлісу:

36 пікір

Rafaello
алғашқы шимағымды қабыл алыңыздар ағайын!
Aldeken
"Құрама сапы түгелдей өзіміздің қаракөз қазақтардан құралмай, бұл іс болмайды. Жасасын қазақ ұландары"

шешессс…
Marco
Ой ептінің ақталған түрін-ай!!! МАИ қызметкерлерінің арасында өзге ұлт өкілдері жоқтың қасы ғой, қазір! )))
asaubota
Қош келдің. жазбаны қауымдастыққа көшірдім.
a63a1
можыт «генилер» деп ойлағам десе кішкене қисынға келермед,
patick

Қазақ гейлер ғана ұлты үшін артын аямай сайыса алады, сондықтан тек қазақ гейлер барсын жарыстарға!
meirzhan
Хехесс. 2006 ж. дебатта жеребеде «Біржыныстық неке дұрыс» деген позиция түсіп, "Қазақстан бәскелеге қабілетті 50 мемлекет қатарына кіруі үшін гейлер мен лесбилеріміз де бәскеге қабілетті болу керек" деп «аргументтегенбіз» (қалжыңдап). Ал мынау соны шын айтып тұр )))
Milzhyng
Бұл көтриоттардың далбайоб екенінің дәлелі.
patick
Жаңашыл журиктерге тақырып:
"Қаракөз гейлерімізге қолдау көрсетпесек, кімге көрсетеміз?"
"Қазақтың спортшы гейлеріне қашан жағдай жасалады?"
«Гей қандасымыз артпен жүзуден бір қоланы місе тұтты».
Nurgisa
«Гей болмаса гейм овер?!»
qisyq
«Тек гейлердің арасында қаракөздеріміздің аз екендігі көңілді қобалжытады»
"Қазақ гейі алтыннан алқа тақты!"
Zilola
Гей ресми кездесулердің әсері
bazuka
Уффффф өлдім күлкіден
shimaibek
 Күлкілі жағдай екен
Milzhyng
Өзге ұлт өгейлерімен көңілі жарасапағасын, ұлтжандылығы ұстап, жақыннан дорбалағысы келген ғой бұл гей көтриоттың, дауай, Михалыч
manfan
сөз жоқ. адам деген айта береди екен ау…
asaubota
сен де шын қабылдап қалғандардансың ба?
Gastarbaiter
Шындық болғанда тіпті күлкілі болар еді.
Gastarbaiter
Пысықсып, «оригинал» мегапразысын тығып қалайын деп еді, байғұс, онысы өтпей қалды)
Rafaello
рахмет пікірлеріңе. Сын айтушылар көп болатын шығар деп ойлап едім бастапқыда
meirzhan
Стрелканы Марсельге бұрып, грамотно жасап кеттің  сын соған айтылды)
Rafaello
Бұл кісінің пікірлерін алдағы уақытта жиі оқитын боласыңдар
meirzhan
сөзіңде тұрдың, мадес ))
Ол кісіні Қазақстанға таныттың.
edige
кайдан табасын… барекелдi… iшек узiлдi
Rafaello
Лондон Олимпиадасының соңғы күні Мәкеңнің жоспарларын бұзып кетті. Қазақтар медаль алмағанда… бір нәрсе жазайын деп жатыр еді.
Abilakim
«Ну, Сапиев, погоди!» деп қалды ма?
merekeee
Уф, оқып болдым. Басынан бастап (ана басынан) оқып шықтым, қанша күнде екенінен жаңылып қалдым, бір аптадай-ау деймін)))