Қош бол,балалық

Балалық.Сол шаққа қайта оралғым келеді.Кіп-кішкентай қыз болып, уайым-қайғысыз өмір сүру қандай бақыт! Кішкентай кезімде «тезірек үлкен қыз болайыншы» деп армандайтынмын.Балалық шақ, бір қызық кезеңдер ғой!
Кітаптарды қарап отырып, Ділдәр Мамырбаеваның "Қош бол, балалық" деген шығармасын тауып алып, оқыдым.Бұл хикаятта үш бала.Олар Кәрім, Бөкен, Мұрат. Кәрім аздап мақтаншақтау.Бөкен қорқақ.Мұрат… Мұрат жөнінде сөз басқа.Шығармада ол жөнінде біршама жазылады.Оның әкесі жоқ еді.Көп қиналатын.Олар сондай ақылды, ересек балдар.Үлкендерге көмектеседі.Жын-пері болып,өзі ешкіммен сыйыспайтын Тұрдыбекті қорқытқаны да бар.Даладан әр түрлі заттарды тауып алып,өздеріне мұражай ашып алды.Оқыған адамға қызықты.Ішіне кіріп кетесін.Қазіргі кішкентай балалар сондай ма? Далаға шыға беріп, көрші үйдің терезесін сындырып дегендей әр түрлі тентектік жасайды.Осы үш балаға қызығып, балалық шаққа оралғандай болдым.
Бөлісу:

5 пікір

shal
еее қарағым өмір сол, қартайғанда қайта бала боласың
Gastarbaiter
Бұл да бір кризис екен ғұй. Өткен шаққа бетіңмен бетіңді берсек, болашаққа көтіңді бересің дейді. Тұщы да болса өтірік сол қарағым
Abilakim
Кәрім деген ат балаларға жараспайтын секілді.Осы жасыма дейін Кәрім есімді кәрі кісілерді ғана кездестіріппін.