ММ Жалғасы
Махаббат, жігітті айтам, Оралда туып өскен. Анасы жүкті кезінде шаранасы қыз болса екен деп армандапты. Содан, жынысқа тәуелді емес Махаббат деген ат қоюды ұйғарады. Айы-күні келгенде дүниеге шекесі торсықтай ұл әкеліп, атын өздеріңіз байқап отырғандай, Махаббат деп қояды. Қазір ол Астанада тұрады. Құрылыс фирмаларының бірінде жұмыс істейді. Осыдан бір жылдай уақыт бұрын, жұмыстың ретімен бәсекелес компаниялардың біріне жолы түседі. Мұндағылар, өздерінде де бір Махаббатың бар екенін айтады. Бірақ, бұл күні танысудың сәті түспей, бірнеше күн өткен соң ол аттасымен танысу үшін қайтып барады. Таныса келе Махаббат та, қызды айтам, Оралдық болып шығады. Тағдыр Астанада жолықтырған екі жас содан бері бірге. Маған жолыққанда туған жерлеріне үйлену тойын жасауға бара жатыр екен. Бұйырса 14-қаңтарда Оралда Махаббат пен Махаббаттың тойы! Очм, нағыз Махаббат станциясы.)))
Әсіресе жігіт Махаббат мәз, «Анама барып, міне отыз жылдан соң Махаббат деген қызды болдың деп айтам», дейді! Бақыт тілейік оларға!
Әсіресе жігіт Махаббат мәз, «Анама барып, міне отыз жылдан соң Махаббат деген қызды болдың деп айтам», дейді! Бақыт тілейік оларға!
иа түк интиа түк интАЛЛА берем десе, осылай ақ қыз берген ғой әлгі анаға)
сосын «алтын асықтай» деген де бар, ал қыз бала туылса «ай десе abibas-ы, күн десе кросовкасы» деп неге айтады? просты туылды дей салса ше?
Ержанбаев сияқты«Случайности не случайны» деген бар ғой, мен осыған сенемін.
Атам қазақ қыздарға тиіспеген.
Маңдайынан жай ғана иіскеген
Бақытты болсын! Түрлері ұқсай ма? Әдетте жұбайлар бір-біріне ұқсас келеді дейді ғоой
Ал, екі Махаббат бір-біріне ұқсамайды. Сары жігіт пен қара қыз. Жақынырақ танысқанда ұқсастықтарын табуға болатын шығар)