"Таратып жібергені рас па?!"

Ауылға келгенде ағайын-туысты аралап шығатын әдетім бар. Бүгін де вокзал жақтағы апамның үйіне барып қайттым. Ас дайын болғанша ананы-мынаны шұқып, газет журналды ақтарып отырғанмын. Қаптаған «Жұлдыздар отбасының» арасынан "Қыз құпиясы" деген журналды көріп қалдым. Бұрын мектепте оқып жүргенде осы газетті қыздар "қырылып" оқитын. Ішінен тұзы татитын түк таппай отқанымда бір мақаланың тақырыбы қызықтырды. «Таратып жібергені рас па?!» Тақырыбы дәл осылай. Нені қалай таратты екен деп оқып шықтым. Жалпы мазмұны былай. Семейдің Үржар ауданында тұратын бір қыз өзінің әдемі, қасы көзі қиылған, фигурасы жынды құрбысының оқу бітіріп келсе де, ауылда жұмыссыз жүргеніне алаңдайды. Сөйтіп, оған Алматыға барып, Саин көшесіндегі қыздардың қатарына қосылуға кеңес береді. Алғашында бұл пікіріне құрбысы қарсы болады, бірақ кейін ол да осы жұмысты өзіне ыңғайлы санайды. Өйткені, онда «товарный вид» мықты екен. Мақаласымақта осылай жазылған. Сөйтіп, Алматыға кетейін десе, алып шаһардағы атышулы көшелер жабылып қалыпты деген «суыт» хабарды естиді қыздар. Әдемі құрбысына жұмыс іздеп отырған әлгі "қысық көз, пұшық мұрын қыз" (мақалада өзін осылай сипаттаған)қайтерін білмей, "Қыз құпиясына" хат жазыпты. «Саин көшесінің жабылып қалғаны рас па, ондағы қыздар енді нанын қайдан табады» деген жолдарға жыным қайнады. Жалпы, бұл журналдың анау айтарлықтай абыройы жоқ. Бірақ, мектеп оқушыларының арасында беделі жоғары екен. Оған сіңлім жинап қойған журналдың ондаған данасы көрген соң, көзім жетті. оның үстіне 7-8 кластағы құрбы қыздары бұл журналды қолдан қолға түсірмей оқиды. Ал, "Қыз құпиясы" болса Саин мен Сейфуллинге "қызметкерлер" іздеп жатыр…
Бөлісу:

13 пікір

ken
қазақша басылымдарда әдетте мақала тақырыбын сұрақ ретінде қойып. сосын автор өзі сол сұраққа жауап беруші еді.
ал мұнда дұрыс жасалыпты. тақырыбы да, мазмұны да — сұрақ.)))
Nurgisa
Котерип отырган такырыбын шынымен озекти екен. Сурагын да орынды. Акпарат министрлиги мен мадениет ведомствосына жазып жибер.
manfan
соны ойлап отырмын. тіпті журналға не жазарын білмегенде де… мұнысы артық қой
Abilakim
Қисық, Патик, таратып жібергені рас па?
Aldeken
таратып жіберсе, аза тұтпақшы ма едің?
Delhi
Әңгіме аза тұтуда емесқой, соны баяғыда-ақ жоқ қылу керек. Жаман жер, жап жас қыздар. Әдемі қыздарға дұрыс жерденде жұмыс табылар еді.
Abilakim
көзкөргендербареді
Delhi
Ужыыыс десе ужыс екен. Қазір журналдарға не жазғандарын тіптен тексермейтіні болғаны ғой сонда.
Armanjan
Бізде де таратып жіберді, көше қаңырап бос қалды, біртүрлі сүреңсіз!
Abilakim
Иә, жапырақсыз ағаш секілді болып қалды деш
Delhi
Қайта жақсы жасаған ғой. Сол жерде дипломдары бар қыздар көп дейді.мыс.
Armanjan
Сайлауға қарсы жасалыныв жатқан шара деп естідік, сайлау өткесін бәрі қалпына келед дид.