Барлық керектіктерге жалынды сәлем!! Берен Саат 31 арна эфирінде


Жаңа жылдың алғашқы күндерінде «31 арна» өз көрермендерін бірнеше жобалармен қуантпақ. 4 қаңтардан бастап – «Әуе. Жер.Ғашық.» және «Мезгілсіз сезім» хикаялары эфирге жол тартады. Алғашқы телетоптамада бас рөлдерді әр жылдарда Түркия Аруы атағын алған Cелен Сойдер мен Бирче Ақалай сомдаса, екінші хикаяда қазақстандық көрермендермен жақсы таныс Берен Саат пен Кыванч Татлытугтың өнеріне куә боласыздар.
Берен Саат – түрік хикаяларының жанкүйерлері оны әйгілі Fatmagul картинасы арқылы жақсы біледі. Ол 1984 жылы 26 ақпанда Анкарада дүниеге келген. Жоғарғы TED Анкара Колледжінде кейінірек анакаралық Bilkent университетінде менеджмент мамандығы бойынша білім алған. Осы университет қабырғасында жүріп ол қаланың орталық көшелерінде өткізілетін жас актерлардың сайысына қатысады. Tomris Giritlioğlu'nun brother тобы жүргізген осындай сайыстардың бірінде Берен жеңіске жетіп, соның арқасында түрік телеарналарының бірінде түсірілетін хикаяға шақырту алады. Саат сондай-ақ кәсіби музыкамен де шұғылданады. Ағылшын және испан тілін меңгерген. Бұған қоса голливудтық актриса Моника Белуччидің қызы болып, бір фильмге түсті.
Жас болғанына қарамастан, Берен актер Бюлент Иналмен некеде болып үлгерді. Одан кейін екі жыл бойы режиссер Левент Семерджимен көңіл қосып, Fatmagul хикаясының түсірілімі кезінде онымен айырылысады. Содан кейін, хикаядағы серіктесі Энгин Акюрекпен кездеседі екен деген сөз тарады. Алайда, бұл көпшіліктің пікірі ғана болуы керек. Өйткені «Мезгілсіз сезім» хикаясының көрсетілімі кезінде көрермендер арасында Берен енді Кыванч Татлытугпен көңіл жарастырыпты деген сыбыс тарады.

Кыванч Татлытуг – түрік киносының жұлдызы – актер және модель. 1983 жылы 27 қазанда Адан (Түркия) қаласында дүниеге келген. Балалық шағында Özel Çağ Lisesi атты лицейде баскетболмен айналысады. Кейінірек оның отбасы Стамбулға қоныс аударады. Мұнда Кыванч модель ретінде бағын сынап, спортпен де шұғылданады. Ол модель ретінде табысты еңбек етіп, 2002 жылы Best Model Of The World атағын жеңіп алды. Осыдан кейін, Кыванчқа көптеген ұсыныстар түседі, нәтижесінде ол Парижге қоныс аударады. Онда 1,5 жыл қызмет еттті. Алайда, киноға деген қызығушылығы күннен-күнге арта береді. Сондықтан да, «Гюмюш» телехикаясында Мехметтің рөлін сомдау туралы ұсынысты қабыл алады. «Бала кезімнен-ақ, актер болуды армандағанмын. Алайда, актер болудың қиындығы сол, жақын адамдарың мен жеке өміріңе көңіл бөлуге –уақыт тым аз»,- дейді Кыванч. Ал, «Мезгілсіз сезім» хикаясындағы рөлі үшін ол Жылдың үздік актеры атағын жеңіп алды.

«Мезгілсіз сезім» — Бехлюл мен Бихтердің бір-біріне деген құштарлығы жайлы фильм – соңғы жылдағы түрік киногерлерінің ең үздік шығармасы.

Аднан — Стамбул қаласындағы ең дәулетті және сыйлы жандардың бірі. Әйелі қайтыс болғаннан кейін қызы Нихаль және ұлы Бюлентпен бірге, қаладағы ең әдемі үйлердің бірінде өзімен-өзі, мамыражай тірлік кешуде. Бұл шаңырақта сондай-ақ, француз күтуші және жиені Бехлюль де тұрады. Бірде ол Бихтер атты жас сұлумен танысады. Ол баяғы жас кезіндегідей бойжеткенге ес-түссіз ғашық болады. Ал, жақында ғана әкесінен айырылған қыз Аднанмен бірге жанына пана тауып, жаңа өмір бастауға шешім қабылдайды. Оған тұрмысқа шығып, үлкен үйде жұбайлардың сенімге толы өмірлері басталады. Бірақ, жүректерді жаулаған мезгілсіз сезімге шара бар ма?! Бехлюль мен Бихтер бір-біріне ғашық болады. Осылайша жастар құштарлық құрсауында қалады…

4 қаңтардан «31 арнада», 20:00-де!
Бөлісу:

148 пікір

madlen
Орысшасы Запретная любовь деген осы ма?
rauka
31-ден берілетін сериалдардың соңы сұйылып кетеді екен… осы фильмдер де солай болмаса игі еді.Фатмагул аяқсыз қалды, т.с.с. Мына сериалды көріп тұрамын, бірақ… арасында берілетін «жарты сағат» жарнамасы жыныңа тиеді
Nurgisa
«Активианың», мәгәзін ішіндегі салт аттның, түрікше ән сап жүріп, жиһазға қонжия кететіндердің жарнамасына аллергияңызға дәрігерлер не ем ұсынып жатыр?
rauka
Дәрігерлер дал болып, әлі не ұсынарын таба алмай жатыр…
Nurgisa
Берен Саат дегеннен гори Берен мылтык деген атау отер еди ме деймрн отандык кинопрокатта
satibaldi
Мақала демеушісі — Көвәрів Technologies. Көвәрів Technologies — сайлау бағдарламасын дайындау, салтанатты сөздер, көз жасын көл қылатын қазанамалар.
madlen
бір демде оқып шықтым
satibaldi
Өкпеңізге ғашықпын.
Zilola
жынД жарнама, өтті
a63a1
31 арнаның звугы анық шықпайд неге?
madlen
Қарғандыда сондай шығар
a63a1
 жоқ, каналдың өзінен, жаңалық естиін десең дауыстары ащщы шіңкілмен естіледі
madlen
әзірге мұндай шағымды сіз ғана айттыңыз

вот вот, қиын ғой сендерге
a63a1
ЮВИС-ке де айттым каналдың өзінен деді
asaubota
менде DigitalTV кабель жүйесі, тек қана 31-арна нашар көрсетеді. аздап қар жауады және даусы анық емес.
a63a1
Кінәрәт 31 дің өзінен онда. Басқа каналдарың ап-анық көрсетіп жақсы естіледі. Вебред осыны ескерсе екен
madlen
Вебред барып техникалық ақауларын барлығын жөндеп жіберген дид
a63a1
 құлаққағысқой әншейін
madlen
Саған тиіскім кеватыр бүгін просто
a63a1
менде біреуге тиіскім кевотқанед
madlen
АКҮны ұрып тастайық
a63a1
ол қатывалған, парашютпен секіріп кетті
Abilakim
бізде де ептеп дауысы бырқылдап естіледі.Алма-ТВ
Zilola
тілебизірің ескі весна ма? горизонт па? колонкасындағы магнитті алып, тұрмыста пайдаланған жоқсың ба?
a63a1
Барлық керектіктерге жалынды сәлем!!! Берен Саат 31 арна эфирінде
Ақкөңіл екен деп жасырын жарнамаларды тыға бересіңдер тыға бересңдер. Оң жақ қызыл алманың орнын алуға не кедергі?
vebred
ха ха ха ха ха )))) қатырдыңыз мені!!!
Бұл жағын басшылықпен сөйлесіп көрейін!!! Несі бар, жақсы ұсыныс!!!
vebred
Ия Запретная любовь деген фильм осы!!!
31 арна барлық Қазақстаннын бар аумағына таралады ғой… кім біледі сізде неге олай естілетінін, әзірге мұндай шағымды сіз ғана айттыңыз
Nurgisa
Барлык Казакстаннын дейсиз бе
vebred
басым ауырып, 4 куцн демалып дегендей… клавиатураны әрең-әрең басып отырғаным… оның үстіне әлемдегі барлық елдер Қазақстан аталса жаман болмас еді ғой ))))
madlen
Сіз 31де кім болып жұмыс жасайсыз?
Gulistan
Неджат/Зуляль бітіп кетті ме сонда?
madlen
да, бітті ғой. Кучт болып бітті. Мұрат пен мақсат деген сияқты
Gulistan
Толығырақ??
Намык тірі қала ма? Белкиз ханым не болды? Халил ренжуін қойды ма? Қызы Әлимен бақытты болып кете ме?
madlen
Намык өліп қалд, Белкиз түрмеде қалды, Халил қойды ғой, қайда барады. Қызы өзімен өзі қалд, Әли оған сенің ағаң болам, көмектесем дед
madlen
Ой то есть Нукхетті айтам, соған ана адвокат ағаң болам деді
madlen
Ал Мелек красавица өзінің шалымен бақытты
Gulistan
Сол Мелекті айтам, қиын жағдайда қалып қоймаса болды ғой. Мынау онда қызық болмады, тез бітіп қалғанын айтам да…
Әрине, Зуляль мен Неджат қосылып, бақытты ғұмыр кешеді, балалы-шағалы болады.
ал Эда ше?
madlen
Эда да қалады солай жалғыз.
Эда мен Нукхет екеуі ең әдемілері, екеуін де солай бақытсыз қылып қалдырып қояды. Жалко. Ия, тез бітті, и то басқа кейіпкерлердің ары қарайғы өмірлері солай белгісіз боп қалады.
Gulistan
Ең ақымақтауы да Нукхет пе деп ойладым. Қанша қиындық көрсе де, Намыкқа орала берді, ешкімнің айтқанынан сабақ ала алмады.
Намыктың да «ержүректігі» таң қалдырмай қоймады.
madlen
Енді махаббаттың көзі көр дисің ғой… Тем более ол кішкентай қыз болып ойнайтын сияқты.

Намык ержүрек емес, ол просто қуып кетті. Ішіп алып жынды болып кетті. Біздің Розовый заяцта да бір Санжар Мадиев шегіп алып ата салады ғой өзін.
Gulistan
Оның «ержүректігі» — әрине басқа мағынасында. Әйелі бола тұра, өзге біреумен қатынаста болу — оңбағандық қой.
madlen
Онда сен қазір кинотеатрларда болып жатқан О чем еще говорят мужчины қара, мүлдем күйеуге тиюден бас тартып кетесің
Zhan
Мә, Мадлен, мына киноны көруге мәжбүрледің ғой, мені. Рекламасын көріп неважный кино ғой деп қоя салып ем.
madlen
О чем говорят мужчины? Жоғиии, ол деген нереально реальный фильм, қара міндетті түрде )
Zhan
Берен Сааттың «Фатмагүлде» даусын естіп, ішімнен "әйбей" дегенім бар еді. Өзі нәзік, бірақ даусы жуан. Бірақ, актриса сөз жоқ әдемі!
Gulistan
Түрік қыздарының даусы жуандау болатын сияқты.
qusbegi
Еркектеріне қарап қыздары бағаланып кетіп жатыр ма
asaubota
керісінше дауыстары өте әдемі олардың. біздің қыздардың дауыстары грубый болып естілетін сияқты
madlen
даа? қой, қыздар, дауысты жөндейік, ужс екен )
Gulistan
даусың күЧт ғой
Gulistan
Мен дауыстары жаман деген жоқпын ғой Өздеріне тән ерекшеліктерін атағандай болдым. Арық қыздардың дүңгірлеген даусын естігенде, әрине таң қаласың. Бірақ қазақ қыздарының даусы да қалыс қалып жатқан жоқ. Жай ғана қоңыр, құлаққа жағымды сияқты. Әлде олай емес пе?
meirzhan
Жалпы халықтың өзі бруталды сияқты )))
aza
Бейшаралықтың ғажайып үлгісі!
Түрік сериалы жарнамаға кенде ме?
Абсурд!
madlen
А маған ұнайды Вебредтің жазған жарнамалары. Телеарнадан беріліп жатқан жарнамалардан қызығырақ, толығырақ.
aza
"Қазақтарда осындай сериал жоқ қой, жарнамалайық десек" деген жауап ең топас жауап!
Janasil
asaubota -ға бәсекелес болыпты ғой vebred
vebred
Біз бәсекелес емеспіз, әріптеспіз… ))))
Janasil
Аршаттың да түрік киноларын көптеп жариялап тұратынын айтқым келген.
Nurgisa
Неге биринен сон бири корсетилди? бириншисин карагандай болды уйдегилер. Екиншиси тым нашар екен.
vebred
Керісінше менің ойымша екіншісі қызығырақ)) Жеке пікірім. Екеуін бірдей қою, телевизиядағы бір эксперимент секілді көрінді маған… Жалпы сериалдың бірінен соң бірі беріліп жатуы, біздің арналар үшін сондай үлкен жаңалық емес қой… тек екеуі де түріктердікі демесек…
Gulistan
Мен де солай ойлаймын. Екіншісінде «сүт анасы» дегенді бірінші рет естідім. Тағы бір байқағаным — түрік сериалдарында бақуатты жанұяларда көбіне әйелдері би болып келеді екен.Артық жүріс — тұрысты көп жақтыра бермейді.
rauka
Меніңше де, солай, екіншісін қызығып қарайтын болдым, Беренге қарағанда
asaubota
екеуі де 45 минуттық қысқа сериалдар ғой, сосын шығар қатар берілуі.
saken
түрік сериалдарының бір жанкүйері сұрап жатыр еді:
алдында бір сериал кешке ресми тілде, түстен кейін мемлекеттік тілде болып жүр еді. Кейінірек мемлекеттік тілдегісі болмай кетті. Не себептен екен? қаржы тапшылығы? әлде қазақтарға осы да болады ғой (орысшасын көріп алсын) деген телеарна басшылығының көзқарасы ма?
Milzhyng
Бірінші орысшаға, кейін орысшадан қазақшаға аударса керек
vebred
Жоқ телеарна басшылығының жеке көзқарасының мұнда еш қатысы жоқ. Біз кешкі уақыттағы 8-10-ның арасында жарнама берушілерге сатамыз. Көбіне көп, жарнама орыс тіліндегі жобаларға келеді. Өйткені, қазақтардың барлығы орысша түсінеді деп ойлайтын болса керек)). Бұл да бір айнаның қисық тұсы. Ал, соңғы эфирден беріліп жатқан екі телеарна, таңертең сағат 8:30 бен 10:0-де қазақша беріледі…
Simona
Зaпретнaя любовь деген Aşk-ı Memnu сериясы мa?
asaubota
дәл өзі



Түркияда популяр болған сияқты бұл сериал
Simona
Иә, көп түрiктер сүйiп қaрaйтын сияқты ғой.
Мaғaн қысқa дa нұсқa түсiндiрген ´не жөнiнде екенiн. Aғaйындылaр (Кузинa) бiр бiрiне ғaшық болaды, бaс кейiпкер жеңгесiне ғaшық-мыс. Оны естiген соң көргiм келмей қaлды. Кузинaсынa үйлену деген сұмдық қой, бaрып тұрғaн иНцест. Aрaб-түрiк-күрттердiң сaлты. Сүннетке жaтпaйды.
Nurgisa
Бір грек жігітіне тұрмысқа шықса бір сірә  Бірақ түріктерде де қазақтардағыдай қыздың өзге ұлт өкіліне аларуын жақсы қабылдай бермейтін шығар.
Simona
Бaсқa ұлтқa тұрмысқa шығуды қaй ұлт болсa дa қaлaмaйды.
Гермaниядa сондa дa aлбaн, пaрсы, күрт және шaндa немiске тұрмысқa шыққaн түрiк қыздaры бaр.
Nurgisa
Тұқымы құрысын, жақсы емес екен. Өз басым, немістерді жеңген атамның ұрпағы неміс жерінде жауырыны жер иіскегенін білгім келмес еді.
monti
Aрaб-түрiк-күрттердiң сaлты.
түріктер(шу жақтағы) өз туыстарын алад дегенді естігем, Түркия түріктері қандай болд екен қызық?, сосын ұйғырларда сондай екенін айтқанда, құдай қазағым алтын екен дедім ғо тура 7 атаға дейн амай, еще рулас босада тағы амайд
Nurgisa
7 атаға дейн амай
monti
?
7 атаға дейін қазақтар қыз алыспайды ғо соны айтқам
Simona
Aуылдaғы көршi түрiктер сондaй, туысқaндaрының қыздaрынa үйлендiредi. Бiр отбaсындa кемiнде бiр aқылы «кемтaр» бaлa бaр. Олaр дa үйленедi, сaп-сaу, IQ- деңгейi әлдеқaйдa жоғaры aғaйынды қызғa.
rauka
Өйткені Берен Саат популярная дейді ғой… Оның кинода түскен қолына тағатын білезіктері, моншақтары модаға айналыпты-мыс
Gulistan
Кеше қарап көрдім. екі сериалды бірінен соң бірін бергені қызық екен, персонаждарды шатастыру қаупі бар
madlen
а мен ұмытып қаппын
bazuka
Бұған қоса голливудтық актриса Моника Белуччидің қызы болып, бір фильмге түсті.
фильм қалай аталады екен?
vebred
Орысша атауы «Сезон нососрогов» деп аталады…
boztorgai
барлық керектіктерге жалынды сәлем!!! берен саат 31 арна эфирінде

сәлемдесу үшін түрік қызы мұнша қажеттілік тудыратынын ойламаппын
vebred
Қажеттілік тудырғанда қандай… ))))
Nurgisa
Не ма, Берен Сааттыкі ютубте бар ма екен, Реке? Тез-тез сол жерден нете салайық па деген ой.
Айтпақшы, кешегі кешкі жаңалықтарыңды неге анайы сюжетпен бастадыңдар? Тамақ ішіп отырып, ұшығып қала жаздадық? Я ескерту жоқ. Қою керек қой. Бағдат қайда қарап жүр?!
vebred
кандай анайы сюжет орысша ма, қазақша жаңалықтар ма??
Nurgisa
Сағат жетідегісі.
patick
Вебред мырза (ханым). 31-арнаның онлайн трансляциясын қашан шығарасыңдар?
vebred
ойластырып жатырмыз
asaubota
2 сериалда да адам аттары өте қиын, сирек кездесетін аттар. мысалы Бехлюль, Бихтер, Хавва, Топрак, Пейкер деген аттарды кездестірген жоқпын 7 жылдық Түркия приключениямда.
Gulistan
ББББББ әрпі басымдау. Сен солай десең, біз үндемей -ақ қояйық.
bazuka
Пынар, Мехмет деген есімдерден өздеріде жалыққан шығар))
asaubota
2 сериалдың біріншісі өте жәй қозғалады, іш пыстырады. жұрт тек танымал актерлар ойнағасын қараған шығар. ал, екіншісінде танымал ешкім жоқ. бірақ, сюжеті анаған қарағанда қызықтау. менің болжамым: екеуінде халық қарамай кететін сияқты. мен алғашқы серияларын қарап көрдім, әрі қарай желание жоқ.
Nurgisa
Фатмагүлімізге жетпейді.

Қызыл гүлім-ай,
Қызықтырдың-ай.
Фатма гүлім-ай,
Аптада бір-ай…
Gulistan
Неге сол сериалды көрсетпей тастады?
Nurgisa
Түркияның өзінде бітпеді әлі. Аптасына бір сериядан көрсетіп жатыр, бейсенбі күндері. Түсірілгенін түсірілгендей көрсетеді ме деп қалдым. Біздікілер толықтай бітіп болғасын, аударып, солай тарататын шығар. Күзде жаңғыртпаса… Ютубта түрік тіліндегі түпнұсқасын қарап жүрміз. Қазіргі сериялардағы сюжеттік қойылымдар жақсы өрбіп жатыр.
vebred
оу, Аршеке… қойыңыз))). Соңғы кезде біздің арнамызға біраз ренжулісіз өзіңіз))
Nurgisa
Не ма, бұдан былай, былай, «тұратын» сериал алдыруды ойластырып жатырсыңдар ма? Фатмагүлдің жалғасын қашан күтейік деп жатыр біраз кісілер.
asaubota
нашар сериалдар алып жатырсыздар шынымен. Фатмагүлдің жалғасын міндетті түрде шығармасаңыздар болмайды. сосын Кузей мен Гүнейді.
Nurgisa
Не ма, вебред, аудармаларды кім жасайды? Қанша кісі? Қай өңірден?
vebred
Соған қарағанда сіздің аудармаларға қатысты айтар сындарыңыз болды ғой…
Nurgisa
Бар.
Түртіп алған бірді-екілісімен бөлісейін (Саваштың киносынан):
«Махаббат жанарыңдың жіпсіз байлайды»
"Қалағаның білсін"
«Неге өңдерің сынық?»
«Менің шынымен жаным ашиды» (мне правда, жаль. Хакан Чичекке көңіл айтып жатқан кезі)
«Ол аққұба болатын» (Она была блондинкой)
vebred
Нұреке жарайсыз!!! )) Біздің аудармашылардың тапқан жаңалығына бірге күлуге мүмкіндік бердіңіз))))
Nurgisa
Одан соң, аудармашыларыңыз «күйгелек», «күйгелектену» дегенді қатты жақсы көре ме деп қалдым.
vebred

Берен Саат- сұлу да көрікті, аса дарынды және Түркиядағы қымбат актрисалардың бірі саналатын өнер иесі, тағы да өздеріңізбен қауышып отыр. Осынау қара шашты, жанары көктемнің көгіндей жап-жасыл, нәзік қыз қазақстандық көрермендерге бірден ұнады. Сауалнама нәтижесі бойынша «Жыл әйелі» болып танылды. Сондай-ақ, ол Түркиядағы ең әдемі актрисалар ондығының қатарында. Енді «31 арнада» дарынды да көркем ару ойнаған екі телехикаяны бірден тамашалау мүмкіндігі бар. «Фатмагүл» телетоптамасы тағы да эфирде.

Аталған телетоптаманың алғашқы көрсетілімі кезінде, Фатмагүлдің басындағы жағдай жұртшылық арасында қызу пікірталас тудырған болатын. Көрермендердің пікірі де екіге жарылып, бір тобы басты кейіпкерді кінәласа, екінші тобы Фатмагүлдің еш жазығы жоқ екеніне баса мән берген болатын. Алғашқы көрсетілім аяқталғанына 5 ай өткеніне қарамастан, еліміздегі түрік телехикаясының жанкүйерлері фан-клубтар құрып, форумдарда, актерлардың жеке өмірін талқылауда, тіпті Фатмагүл оқиғасының немен аяқталарын білу үшін, барынша талпынып бағуда.

Естеріңізге саламыз, қарапайым да, аңғал ағасы Рахми мен жеңгесі Мукаддеспен бірге Фатмагүл шағын қалашықта тұрады. Бауыры Мұратқа қамқорлық жасап, сүт фермасында ағасына көмектесіп, қой бағады. Бала кезінен ғашық болған Мұстафаға күйеуге шығатын күнді асыға күтеді. Бірақ кездейсоқ оқыс оқиға оның арманына балта шапты. Асқақ арманына құстай ұшып бара жатқан Фатмагүл күтпеген жерден шыңырауға тап болды. Фатмагүлді зорлап кетеді. Бұл іске полиция араласады. Түркия заңы бойынша зорлағандардың бірі жәбірленушіге үйленетін болса, бұл іс жабылған болып есептеледі.
Міне, сондықтан, бұзақылардың ауқатты ата-аналары өз балаларын түрмеден құтқарып қалу үшін, жоспар құрады. Жарлы жігітті Фатмагүлге үйленуге мәжбүрлеп, бір жылдай некеде тұрып, кейін ажырасып кетесің деп кеңес береді. Осылайша, жас қызды зорлықшылардың бірі – Керімге күйеуге береді. Жастардың жаңа өмірі бір-біріне деген өшпенділік пен жек көру сезімінен басталады. Алайда, бойжеткеннің қас жауы болған Керім, оның қолдаушысы мен қорғанышына айналады…
Телехикаяның алғашқы маусымының көрсетілімі аяқталғаннан кейін, редакциямызға көптеген көрермендер хабарласып, фильмнің жалғасын көрсетуді болмаса немен аяқталатынын айтып беруімізді өтінді. Қазіргі уақытта телетоптаманың екінші маусымының түсірілімі қарқынды түрде жүріп жатыр. Таяу уақытта көрермендер Керем мен Фатмагүлдің бір-біріне деген сезімінің жемісін көре алады…

Түсірілім жұмыстары аяқталғанша, «31 арна» түрік телехикаясының жанкүйерлеріне сүйікті кейіпкерлерімен қайта қауышуға мүмкіндік беріп отыр.

«31 арна» көрермендерінің ең сүйікті телетоптамасы тағы да эфирде!
23 қаңтардан 18:30-да!<img src=«www.31.kz/files/24412/
Gulistan
Нұрғиса мен Аршат қуанатын болды ғой
araika
Мен де қуандымНе дегенмен, өзгелерінен сәл өзгешелеу көрінеді.

23 қаңтардан 18:30-да
Түзету: 24 қаңтар, 18:00-де.
Nurgisa
Бірінші маусымды қайтадан айналдырмақпысыңдар?
Одан соң,
тіпті Фатмагүл оқиғасының немен аяқталарын білу үшін, барынша талпынып бағуда
дегенді осы жердегі қызба пікірлерге сүйене айттыңыздар ма? Жауабыңыз иә болса, жеке басым тиілдім… ой, тронутпын…
vebred
Әрине, біздің инернет қауымдастықта осы «Керектен» өзге аса белсенді ізденіп, Фатмагүлді көріп жатқандары тіптің жоқтың қасы… Сондықтан еңбектеріңізді бір сәте елеп қояйын дегенім ғой))!!!
estetika91
«Түркиядағы қымбат актрисалардың бірі саналатын өнер иесі» дегенді қалай түсінуге болады? Әртістердің қымбаты мен арзаны бола ма сонда?
vebred
Болғанда қандай, мысалы қарапайым қызметкерлер секілді. Олар өте арзан болады, яғни жалақы өте аз төленеді. Ал, мансапқа қол жеткізгендері әлдеқайда көп алады. Сол секілді, кейінгі кезде жақсы танылып келе жатқан Беренге де қомақты гонорар төленеді дегенім ғой…
dark_nazgul
Таяу уақытта көрермендер Керем мен Фатмагүлдің бір-біріне деген сезімінің жемісін көре алады
Фатмагүл бала таба ма не?
әлі сүйіскен де жоқ, ұзақ күтетін болдық қой
Nurgisa
Бұлардың сериалы қызық. Бір сериясының басында сүйіспей-ақ қол ұстасады да, серия орта шенінен аса бере, келіншек бесік тербетіп жатады.
Бірақ Керим Фатмагүлдікін жыртып тастады ғой. Келіншек көйлегін айтам. Соған қарағанда, қыртысы жазылғанша біраз уақыт күту керек сияқты. Өткендегі дачаға барған кезде үміт етіп ек. Ана бір ит келіп бәрін құртты. Ит болғанда, кәдімгі ит.
dark_nazgul
мен мына жерде жарияланғандарын онша көріп жүрген жоқпын. кейін, толық дұрыстап көрем деп. оның үстіне, түрікшем де "әлсіз".
vebred
))) Сіз бұл телехикаяның қай маусымына қатысты коммент білдіріп жатырсыз? Біз әлі екінші маусымды сіздер секілді қызығыа қарай қойған жоқпыз))
rauka
Шынында да, аудармалар өте солғын, және қателері өріп жүреді
dark_nazgul
баяғыда бір индийский кинода «ақшамыз жылап қалатын болды ау» деп еңіреп отырған екі алаяқ
estetika91
Мектеп қабырғасында оқып жүрген кезде үйдегілер түрік сериалдарын көретін болғандықтан, амалсыз ары өтіп, бері өтіп жүріп естіп жартылай көріп қалатынбыз. Ал, қазір шыны керек, мүлде сериал қарамаймын...
dark_nazgul
Ask i memnu енді келіп жатыр ма бізге?
түрік сериалдарын көруді қойып кеткем  бірақ, анда санда, темекі қойған адамдыкі сияқты «мұрным қышитыны» бар
vebred
Бірақ, қызық телехикая ғой. Ия әзірге Юсуфтың кім екені белгісіз, сонысымен де қызық емес пе.
dark_nazgul
Анау Топырақ есімді қыз туралы сериал Еларнадан жазда болған «Лале деври» деген сериалдың типа приквелы сияқты ма деп қалдым. Онда Чинар Кайсериге барып, Топрак қызды ертіп әкелетін еді ғой. мына сериал сол Топрактың доЧинаровский тарихы ма деймін.
Gulistan
Топырақ қатысатын кино атын жаттай алмадым. Жер, Су, Ауа дей ме? Сондай да ат бола ма екен?
Сериалдың бас кейіпкерінің бірі Юсуфтың не адам екені әлі айқындалмай жатыр
Сұлтан мен Хавааның кейбір әрекеттері де ақылға симайды.
dark_nazgul
жер, аспан, махаббат. орысшасы между небом и землей. Түрікше атауы қалай екенін көрген жоқпын әлі
vebred
Әуе. Жер. Ғашық. Түрікше атауы да сондай))
Gulistan
Вебред, «Фатмагүлді» тоқтаған жерден бастап көрсетесіздер ме әлде жалғасы бола ма?
Nurgisa
тоқтаған жерден бастап көрсетесіздер ме әлде жалғасы бола ма?
Не ма, екеуі де бір емес пе, Анар?
Gulistan
жоқ. Бізде тек бірінші маусымы болған жоқ па? Қалғанын сендер үзіп-жарып инеттен қарап едіңдер.
Delhi
Сериалдар сериалғо, "Ғашық жүрек — 2" болып жатыр кинотеатрда. Қарағандар барма? Қалай жақсы шыққан ба екен? Ақтөбеде баратын адам барма кинотеатрға? Барайықта.
vebred
Бұл телехикая жалпы еуропа арналарында аса танымал болыпты, Мезгілсіз сезімді айтам!!! Жалпы, еуропалық көрермендер үшін түсірілген фильм. бір қарағанда Бразилия мен Мексиканың сериалдарын еске түсіреді… Жалпы сонысымен де ерекшелігісі келген болуы керек, шығармашылық топ
Onlasyn
Жиырма жыл бұрынғы фильмдерді көрсетіп жастық шақты екске түсіретіндеріңе рахмет
madlen
Екеуін де көріп жүрмін. Пока ұнаватыр. Мен де Гүлістан сияқты Юсуфты түсіне алмай жүрмін
vebred
my.mail.ru/community/telehikayalar/journal

ал мунда енсеңіздер, көп қызықты мәліметтерді табасыздар!!!
vebred
Берен Саат Түркияның жақұты

Осынау бетінің ұшында жымиса кішкене ғана шұңқыр пайда болатын сүйкімді ару миллиондаған көрермендердің жүрегін жаулады. Киносыншылар оны режиссерлар үшін нағыз асыл қазына десе, әріптестері бүгінгі күннің ең үздік актрисасына балайды. Оның сан қырлы рөлдеріне қандай өнер иесі болсын қызығатыны сөзсіз. Берен қорғансыз ауыл қызынан бастап, өзіне-өзі сенімді дәртті әйелге дейін кез-келген рөлді келістіре сомдай алады.
Түрік актрисасы Берен Саат 1984 жылы 24 ақпанда Анкарада дүниеге келген. Студент кезінен-ақ, жас актерлардың сайысына қатысады. Осындай байқаулардың бірінде жеңіске жеткен оған, алғаш рет түрік телетоптамаларының біріне түсуге ұсыныс жасалды. Актриса сондай-ақ, кәсіби музыкамен, ән айтумен әуестенеді. Ағылшын және испан тілдерін меңгерген. Берен сондай-ақ, теннис ойнайды биді жақсы көреді және бос уақытында киноға барғанды ұнатады. Бойжеткеннің ата-анасы Спорт Академиясын тәмамдаған, «ата-анамның арқасында өзімді тәртіпке үйретіп, сымбатыма барынша мән беремін»,- дейді актриса. Университетте ол басқару факультетінде оқыған, алайда кейіннен өзінің қалауы – актриса болу екенін түсінеді. Ол алғаш рет 2004 жылы «Askimizda olum var» телехикаясында бағын сынайды. Содан кейін, әйгілі «Мезгілсіз сезім» телехикаясына түседі. Актерлік шеберлігі үшін Берен «Алтын қызғалдақ» ұлттық сыйлығын алған болатын, ал, 2010 жылы «Үздік актриса» номинациясы бойынша «Алтын көбелек» жүлдесіне ие болды.
Берен Сааттың әдемілігі мен шығыс қыздарына тән әсемдігі кімді де болса елітері айқын. Актрисаның бүкіл әлемді мойындатар қауқары да бар. Бұған қоса, сымбатына көркі сай, жанары жүректі дір еткізер бойжеткен Түркияның ең сымбатты үш аруының бірі. Жас болғанымен актриса танымал актер Бюлент Иналмен некеде болған. Одан кейін, 2 жылдай режиссер Левент Семерджимен кездесіп жүреді де, Fatmagul телехикаясының түсірілімі кезінде онымен де айырылысады. Осы оқиғадан соң, актриса тағы бір басты рөлді сомдаушы Энгин Акюрекпен кездесіп жүр деген сыбыс тарады. Олардың шынайы өмірдегі қарым-қатынасы дәл кинодағыдай өрбіген. Берен Фатмагүлдің Керімге ынтыққаны тәрізді, өзі де сезбестен Энгинге ғашық болады. Телехикаяның көрермендері Фатмагүлдің тағдырына актерлармен бірге алаңдап отырғанда, кадр сыртында мүлдем басқаша оқиғалар өрбіп жатыр еді.

Алайда, көрермендердің мұндай сыбыстарға назар аудармауына да болады. Өйткені, «Мезгілсіз сезім» хикаясының түсірілімі барысында көпшілік арасында Берен енді Кыванч Татлытугпен көңіл жарастырыпты деген сыбыс тарады. Екі актер да бұл фильмде өз образдарын шынайы сомдағаны соншалық, көрермендер олардың өмірде де бір-біріне ғашық екеніне сеніп қалған болуы керек. Бұл жағдайды алдағы бөлімдерден де байқауға болады. Екеуінің байланыстары әшкере болардың алдында, бірлесіп танго билейді. Бихтер мен Бехлюльдің мезгілсіз сезімі туралы бұл картина түрік киногерлерінің соңғы жылдағы ең үздік шығармасына айналған болатын. Бұл телетоптамадағы кейіпкерлері үшін басты рөлді сомдаған актерлар «Өткен жылдың үздік актерлары» деп танылған еді.

Берен Саат пен оның құпия қарым-қатынастары шарықтау шегіне жетуде, ал «31 арнада» ол басты рөлді сомдаған «Мезгілсіз сезім» мен Fatmagul атты ең үздік телехикаялар жалғасуда.
Dinara
hurarsiv.hurriyet.com.tr/goster/ShowNew.aspx?id=19922444
Түрік баспасөзі жоғарыдағы сілтемеде қазақ арнасы Берен Саатты осылай жазып жатыр деп хабарлапты  
Сераил осы аттас роман бойынша түсірілген, кезінде популяр болған шынында да кәдімгідей
vebred
мына ақпаратыңыз мен үшін аса құнды болды көөөп рахмет!!!
asaubota
сериалдағы партнерімен былайғы өмірде де «партнер» болуы пиар жүріс екені кірпілерге де белгілі шығар деп жүрсем…
Gulistan
Берен Саатың «Мезгілсіз махаббаттағы» кейіпкеріне кейде с… а деп айтқым келеді. Әсіресе, қызметшілерді концертке баруға тыйым салатыны, шешесіне ақылгөйсіп әңгіме айтуы мен күйеуінің қалтасын тексеріп, ерте дәмеленуі…
Nurgisa
Нервке тиетін персонаж. Дистібитілні сука деп айтқың келеді. Әкесімен жастай кісімен кинода да болса қалай өпіседі екен, ұят-ай…
Gulistan
Өбісе берсін, ондайлар көп қой. Бірақ өзін қызық ұстайды. Мысалы неге қайнысының маңдайын ұстап, айналшықтап шықпай қойды?
Аборт жасатқаны тіптен ақылға симайтын дүние деееп қайғырып кеттім
bazuka
иә осы кейіпкері мағанда ұнаған жоқ, шешесінің көшірмесі болып кетті. шешесі барып тұрған стерва
Nurgisa
Шын өмірде де сондай емес пе екен деп қаласың: жүріс-тұрысы, мимикасы, жесттері жесть…
vebred
оның барлығы да махаббат Нұреке)))

Бихтер мен Бехлюль атты екі жастың бір-біріне деген құпия сезімдері туралы сыр шертетін бұл хикая түрік киногерлерінің соңғы жылдағы ең үздік шығармасына айналды. Романтикалық махаббат оқиғасы көптеген елдерде көрермендер көңілінен шығып, кино саласындағы 18 марапатқа ие болды. Телетоптаманың Қазақстандық тұсаукесері «31 арнада» қаңтар айында болған еді, сол уақыттан бері көрермендер екі жастың арасындағы ыстық сезімге толы хикаяның жалғасын асыға күтеді.

Бәрі қалай басталғанын еске алсақ…

Стамбулдағы сыйлы да, дәулетті жандардың бірі Аднан жұбайының қазасынан кейін, қызы Нихаль, ұлы Бюлентпен бірге өзгелерден оқшау, мамыражай тірлік кешіп жатады. Бір күні ол жас сұлу Бихтермен танысады… Бойжеткенмен кездескен сәттен бастап, ол өмірге қайта келгендей болады. Ал, жақында ғана әкесінен айырылған жас қыз Аднаннан қорғаныш табады. Осылайша, жаңа өмір бастамақ ниетте Бихтер Аднанның жекежайына көшіп келеді. Алайда, мұнда ол күйеуінің жиені Бехлюль атты сымбатты жігітті кездестірді. Осы сәттен бастап, Бихтердің өмірі өзгеріп шыға келді. Бақытты да, тыныш және қауіпсіз өмір бастамақ болған сұлу аяқ астынан туындаған құштарлық сезімінің құрсауында қалады…

Құпияның жария болар күні таяу…

Бір-бірінен қаншалықты қашқақтаса да, Бихтер мен Бехлюль жекежайда кездеспей тұра алмайды. Ал, құштарлық сезімі жанға тыным берер емес. Бихтердің анасы Фирдевс екі жастың арасында туындаған алауды байқап қалады. Бұған алаң болған ол, қызының некесін сақтап қалу үшін Аднанның қызы Нихаль мен Бехлюльді бір-бірімен жақындастырмақ болады. Алайда, Фирдевстің бұл ойыны Бихтердің шынайы сезімін мойындауға итермеледі. Ол енді Нихаль мен Бехлюльдің жақындасуына кедергі жасамақ болады. Бұл ойынның соңы Бехлюль мен Бихтердің бір-бірінен алшақтауына алып келді.

Өзге түгіл, өзің де мойындай алмас сезім…
Біраз уақыт өткен соң да Бехлюль өзінің Бихтерге деген сезімін мойындауға жүрексініп жүреді. Бихтер де шынайы сезімін ұмытып, Аднанмен арасын жылыту мақсатында демалыс күндері күйеуімен бірге оңаша қыдырмақ болады. Алайда, екі ғашықтың арасына қашықтық та бөгет бола алмады. Бихтер жоқ кезде Фирдевс Нихаль мен Бехлюльдің арасын жақындатуға барын салады. Бихтер мен Аднан саяхаттан оралған соң, мерекелік кешкі ас ұйымдастырады… Ал, ас үстінде Бехлюль айтқан жаңалық отбасы мүшелерін бірден таң қалдырды…

Өзіне деген іңкәрлік сезіміне Бехлюлдің жауабы қандай болмақ? Басты кейіпкерлер өз сезімдеріне қарсы тұра алар ма? Ал, Бихтер мен жанындай жақсы көретін жиенінің арасындағы байланыс туралы ақиқатты білу үшін, Аднан қандай қадамға барады?
Атышулы телехикаяның жалғасын «31 арнадан» көріңіздер.