Адам не үшін мақтанады?
Расында, адам не үшін мақтанады?
1. Сенің ішіңді күйдіру үшін, қызғанып, өзін бишара, елдің қоры сезінгенін көріп рахат алу үшін бе?
2. Әдейі мақтанып, сенің реакцияңды біліп, мақтанып жатқан кезінде сені өзіңді қалай ұстайтыныңды қызықтағысы келу үшін бе немесе мені көре алмайды екен деп көзіңді жеткізіп алу үшін бе?
3. Мақтанбаса тұра алмайтын және сол мақтануына орай естігісі келетін сөздерді естімесе ауырып қалатын ауру болғандығы үшін бе?
4. Өзінің артықшылығын сезіну үшін, жеткен жетістігін, мал-дүниесін өзгемен салыстырмалы түрде қарастырып, көңілін жайландыру үшін бе?
5. Реті келсе, мақтанып жатқан елмен бірге қоса мақтанып, өзінің де «ниче» екенін еске алу үшін бе әлде. Сосын ешкім ештеңе сұрамаса да өзін өзі мақтап, қандай қымбат киім алғанын, қандай атақты адамдармен кездескенін, қай елге барғанын, қандай заты барын айтатындарға құсқым келеді.
Мен де бір кісідей мақтанамын. Айтамын, ішім босап, жеңілдеп қалам. Тіпті, қуаныштан жүзімнің алаулап кететінін қайтерсің. Соған қарағанда, мақтану адамға жақсы энергия беретін позитиві мол бірнәрсе болса керек. Бірақ, мақтанған кезде мүмкіндігінше біреудің іштей жәбірленіп қалмауына, психологиялық тұрғыдан оның реніші мен наласын арқаламай айтуға тырысады екем. Сонда бұл да ауру ма?
Бәлкім, әдет шығар. Себебі аурудан айыға алады емес пе?
Әрбір ит-шошқа жексұрын адам түбінде жұртқа сыйлы, сүйкімді адам болуды армандайды.
Жаман ниет емес. Бірақ, солай екен деп әркімді тайраңдата да беруге болмайды.
Эволюция заңы бойынша әлсіздер,ұсқынсыздар, қоғамнан сұраныс тапқан ешбір өнері, қабілеті жоқтар ақымақтар, баяулар, нашарлар ұрпақ жалғастыруға мүмкіндігі аз.
Өзінің эволюциялық шкалада ең соңғы емес екенін көрсетуге тырысу ниеті де содан болса керек.
Обостренная формасына үшінші, төртіншісі пунктер сай келеді.
Мақтану деген де позитив.
Кейбір кісілер қуанышыңды мақтаныш деп қабылдайды, ең қиыны сол қуанышыңды бөлісер адам табу ғо.
Мактаншактыктын тур-турi бар. Орнымен мактанамын, не в такырыпу жерден мактанып кетпеймiн, сатi келiп жатса аттын басын жiберемiн )
Озiмдi катты жаксы коремiн. «Кандай анадан туды екен!» деп айнага карап ризззалыгымды жасыра алмайтын кездер оте жиi болып турады )))
Орынды жерде жасып»-қалудан сақтасын
»Адам — бір боқ көтерген боқтың қабы,
Боқтан сасық боласың өлсең тағы.
Мені мен сен тең бе деп мақтанасың,
Білімсіздік белгісі — ол баяғы."
Блдңзбе?! Тсндңзбе?!"