Мандарин

Мен үшін Мандариннің шыға бастауы Жаңа жылдың жақындағанын білдіреді. Ең алғаш рет кішкентай кезімде, қалаға көшкен кезімде Жаңа Жыл қарсаңында жедім. Бізге берілетін сыйлықтардың арасында міндетті түрде мандарин болушы еді. Ал ауылда есімде ол кезде мектепте оқитын апайларым әкелуші еді жаңа жыл сыйлықтарын, ол кезде пакет жоқ дәптердің екі бетін жіппен тігіп пакет істейді, барлық тәттілер соған салынады. Міндетті түрде ішінде алма болушы еді. Алма — мен туған ауыл балалары үшін әлемдегі ең тәтті, қол жетпес жеміс болып саналатын еді. Алманы қадірлеп, асықпай жайлап, созып жеуші едік. Кейін қалаға келгесін сүйікті жемісім Мандарин болды. Өкінішке орай сол кезде жағдай солай болды ма тойып жеп көргенім есімде емес, тек ЖЖ сыйлығы ретінде берілген кезде оны да асықпай бөліп бөліп жеуші едім. Қазір сол қасиетті мандариннің бұрынғыдай қадірі жоқ сияқты. Тәтті сыйлықтар да бұрынғыдай қолдан жасалынбайды, кез келген жерде дайын түрде сатылады. Жұрт оның бағалылығын ішіндегі конфеттерге қарап бағалайтын сияқты, Баянсұлудікі нашар, Рахатовский жақсы. Ал мен өзіме толтырып мандарин аламын осы жылы

Мандарин туралы азғантай ақпарат беріп кетейін:

Отаны Қытай, атауы да қытайлардан келген. Португалдар қытай феодал, чиновниктерді Мандарин деп атаған екен. Ал осы жеміске тек Мандариндер ғана ие болған.

Кейбір елдерде Танжерин деп аталады екен, сондықтан бұл жемістің кейбір гибридтері танжело (мандарин х грейпфрут), тангор (мандарин х апельсин), ичандарин (ичанг х Сатсума мандарині) деп аталады. Сатсума — шемешкісіз мандарин сорты.

Емдік қасиеттері:

— Астма мен бронхиттің бірден бір емі, таңертең 1 стақан мандарин шырынын ішіп тұрсаңыз өкпеңізді тазартады
— Шөлді жақсы қандырады
— Жөтелге қарсы пайдалы
— Мандарин қабығынан тәбет ашу және ас қорыту үшін дәрілер жасалынады
— Қысқы уақытта адам ағзасына өте пайдалы витаминдерге ие
— Антимикроптық қасиеттері де бар
— Мандарин шырыны тері және тырнақтағы жараларды жақсы емдейді
Бөлісу:

44 пікір

Gulistan
Мандариннің иісі қандай!!!
AKY
Мен үшін ЖЖ келіп қойды, себебі кеше 1 пакет мандарин жеп алдым
asaubota
мен де кеше алып келдім, өзім жеп жүрмін. әйелім де 4 айлық балам да жемид
AKY
эгоист админка былай, бала емізіп жүргендерге цитрус онша көп жеуге болмайды ау деймін?
sammita
әмпей-жәмпейлігін қарай гөр админмен
Abilakim
Иә, тамаша еді ғой сол бір жылдарда жеген мандариндердің дәмі. Апельсиннен көрі осы мандаринді ұнатамын. Қазіргі балаларға таңсық ештеңе жоқ шығар.Ауылдардағы дүкендерде бәрі бар.Балмұздақтың жеті атасы дегендей…
a63a1
лібә десиш… Вандамба Шварцнегірме бас бармағын көтеріп тістеп алып «Марс это класс» — деген реклама түсіме еніп, жей бергенде оянып кетушем
a63a1
мандаринге түк қатысыжоқ
AsanQaigy
Осы мандаринды қызыма беремін деп ауыртып алдым.
nurjanbay
келіншегім жүктіліктің алғашқы айларында мандаринге жерік болды. килограмдап жейтін. содан ішіндегі бөпемізді «Мандарин» деп атап кеттім.  туылғаннан кейін де атын қойғанша «Мандарин» деп атап жүрдік.
Gulistan
кішкентайлы болдың ба? Құтты болсын!
KILYZAMAN
Абхазияда да өсетін сияқты еді ғой…
sammita
марокко мандарині тәтті сияқты.
sammita
пайдалы ақпар:
абхазские мандарины — плоды среднего размера окраской кожуры от желтой до светло-оранжевой. К слову сказать, именно привезенные с Кавказа плоды и есть настоящие мандарины, а все заморские плоды – всего лишь «родственники» этих фруктов
марокканские мандарины обычно небольшие, ярко-оранжевые, с пористой кожурой, сладкие и без семечек
турецкие мандарины по размеру такие же, как марокканские, но желтовато-зеленоватого цвета и с более гладкой кожурой. На вкус они слегка кисловаты и с большим количеством семечек. Кстати, они самые дешевые
испанские мандарины крупнее и дороже других сортов. Ярко-оранжевые плоды с пористой кожурой всегда очень сладкие и сочные и с небольшим количеством семечек. Кстати, если мандарины с веточками, то они хранятся дольше.
Tarazkyzy
Маған майдасы ұнайды. Былтыр ЖЖ қарсаңында екі сортын жеп ем. Майдасын әрі ірісін. Құрсыыыыын. Аллергия дегенге тап болдым. Кравипница деген. Содан бір ай мандаринге қарай алмай, ауырдым. Қазір нәп-нәрмәлні, жеп жүрмін. Сірә, сәтсіз микс болды ма екен әлде гәп мандариннің бірінде болды ма екен деймін.
Денсаулыққа зиянды емес, пайдалы болсын МАНДАРИН!
Zilola
Менің үлкен әпкемнің үлкен ұлы мандарин-апельсин жесе сразым көзінің айналасы ісіп шыға келеді, денесі бөрітіп. Доғдырлар жемесін деген, бірақ бала тыңдаушы мед.
Tarazkyzy
көз демекші, мамамда болған сондай аллергия. Тек Қытай алмасына болған.
Gulistan
Бізде супермаркеттерде 400ден, көше базарларында 300, жабық базарлар 350ден сатып жатыр.
Жарнамасын да шыңғыртады. «С косточкой», «Без косточки» т.с.с
Tarazkyzy
Атырауда ма? Бізде магазин, супермаркеттерде 300-350, базарда 180 мен 250 теңге ортасында. Түр-түрі бар, тек майдасын таппадым.
MickThatsMyNick
негізінде қарап көрсең, біраз нәрсе қытайдан шықан екен
Unknown
"Құдай әлемді жаратты, ал қалғандарың Қытайлар жасады" — деп еді, Пекинде оқып жатқан сыныптасым…
saken
бала кезімізде апельсин-мандарин дегендерді Байқоңырдағы тәтелеріміздің үйінде ғана көруші едік. Ол кезде Мәскеуде тікелей қамтамасыз етілуінен.
Қазір рахат қой, кез-келген шайтан-базардан тауып алуға болады.
Zilola
шайтан-базардан
saken
кітәй-кіттәй базарЧиктер ғой ))
Zilola
аты жаман екен )
құтақандай базар болса да, аты тым қорқынышты звучит )
araika
Сол Байқоңырдан келетін себетіне дейін жақсы көруші ек
Esmeralda
— Астма мен бронхиттің бірден бір емі
мен керісінше естідім, мандарин барлық цитрусовыйлар сияқты аллергия тудырады, ал аллергияны емдемесе астмаға айналуы мүмкін деп
zhandarm
мандариннің еркектік қаблетті арттыратыны тагы бар
balzaminka
шо-то соңғы уақытта цитрустарға жоламайтын болыппын, қымбаттығынан шығар
boztorgai
шаһарымыздағы мандарин сауда үйі
AKA
Бір емес, бірден үшеуі бар десеңізші
asaubota
мандаринді таңертең ашқарынға жесе аллергия болып кетеді екен. 2 күн дәрі ішіп әзер құтылдым өткенде.
aza
Жұмыста отырдым да… «мандарин» деп қалып ем))) Көрші қыз: Мә, ала ғой дегеніііі))) Кәдімгі мандарин беріп жатыр, сумкасынан алып))) Керемеееет боп қалдым ше)))
Келесіде «торт» деп қалмасам ба)
GulL
 Тортты күнде сумкасын салып жүрсе жақсы ғой
aza
Жақсы, жақсы))) Сенің де көңілің бар ғой, айналайын, сенікі де бір ауық дұрыс болсын!
Aizhantabyn
аға, антимикроптық дегеніңіз керемет пряяям))))))))))))
asaubota
қазақтың сөзі ғой енді, айналайын
Aizhantabyn
оған енді күмәнім жоқ))) белсепеттердің қатарында ғой)))
ken
әлі мектепке бармаған кезім. ағам екеуіміз әкеміздің ағасының машинасының артқы орындарында отырмыз. бір кезде ағам артқы терезе жақтан пакет тауып алды. ішіне қарап, «оо, мандарин!» деді де ішінен сары домалақ бірдеңені алып, аршып жей бастады. не екенін білмесем де тәтті нәрсе екенін сезіп отырмын. маған да берді. жеп көрдім. сосын өзім де ішінен алып, аршып жей бастадым. сөйтіп таусылғанша жедік.))
Erlan
Умытпасам, сары макарон ба сонын сары кагазынан жасайтынбыз, падарка сыртын, макталарды жіпке тізіп класты безендіру желтоксан айнын сонгы кундері, падарканы алып уйге жеткенше журек лупілдеп, ма падарка деп маз болатындар кутіп отырады, уйдегілерге апарганнан корі озін жегін келіп, озінді тежеп, сабыр сактап, ол кездердегі падаркалар кунды еді гой ) казір блмим
Пікір өшірілді
Aya
өткенде грипп болғанда жегіштеп кетіп едім, тез-ақ жазылып кеттім Қазіргі жаңа жылдың жақындағанын не білдіреді екен? Әлде өз-өзімен жақындай беретін болды ма)