Бір-біріне сыйлық беру басталған шығар? Жаңа жылдарыңмен, келесі жылы аман-есен жүздесейік.
Фотосуретте сағат 11-00-ге дейін келіп түскен сыйлықтардың бастамасы
Бастығым бүгін жол жүретіндіктен, кеше өз тілегін айтып, бізге алғыс жаудырып, пиццаға тапсырыс беріп, қарқ қылғаны бар.
Ал бүгінге түстікке жұмыстастармен бас қосамыз ба деген жоспар бар, одан қалса кешке — отырыстың басы…
Келе жатқан мерекелеріңмен!!
Өткен жылы жаңа жылға деп бір оклад премия алып қарық болып, дәндеп алыппын )
Күні кешеге деуір іштей де, сырттай да «хотя бы жарты оклад» деп малицетсем, сөйтсем шотыма 20 мың түсті деп смс келіп тұр. Не күлерімді, не жыларымды білмеймін, өйткені менің сұрағаным түйе еді тоқты емес, оның үстіне Жаңатаста ондай банк жоқ
Бала-шағаға кәмпиттер алып қойдық. Бүгін тиын түсуі керек. Премиямен дейді, рас-өтірігін қайдам. Тек айлығын алып үйреніп қалған адамға бір түрлі естіледі екен
Жұмысыздықтың кесірінен, корпаративка да, басқасы да жоқ … Көкжәшікке көз сүзіп сарғаятын түрім бар. Түйіншектерімді тесіп-кесіп жатып, немерем мен кемпіріме ғана сыйлық жасай алатынымды ұқтым.
Жаңа Жыл баршамызға мықты денсаулық, баянды бақыт, жаңа жетістіктер және татулық әкелсін!
Керегелеріңіз кеңейіп, шаңырақтарыңыз биіктей түссін!
Әрбір жаңа бастамаларыңыз тек қана жеңіс пен сәттілікке үлесе берсін!
Айтпа… Біртүсті қимастық сезім болады я… Жыл ауысуы, Жаңа Жыл дегендер толығымен абсурд екенін біле тұра… Қызық… Дәл солай таң атады, дәл кешегідей күн шығады, қала да дәл кешегі қала! Жәй, күнтізбелер (соткадағы, қабырғадағы) жаңаша санай бастайды… 2011 жақсы Жыл болды! 2012 ден де үлкен үміт күтемін!
Жаңа Жыл Құтты болсын, қымбат Керек!
дәл айттың. Былайынша қатардағы күндердің бірі. Тойламай түнгі 11-де ұйықтап қалсаң да болады мысалы) Сосын «ойбай ЖЖ деген қазаққа жат, біздікі Наурыз емес пе» дейтіндері қызық. Қанша айқайла, бәрібір 2012 жыл 22 наурызда емес, қаңтардың 1-інен басталады.
Бұл мейрам мен үшін: демалыс, көңіл көтеру, премия, жақындарымды құттықтау. Қиялға беріліп жаңа табыс, жаңа (?) бақыт күтпеймін. Барлығы ретімен болады, маңдайға жазылса.
былтыр 31 желтоқсанда «Самал» аялдамасында таңғы 9-да авариядан 3 адам қаза тапқанын көрдім. Агенттік төрағасының жүргізушісі қағып кеткен (ол туралы көп жазылды).
Бүгін азанда Встречада бір жігітті соғып кетіпті, МАИщник басын көтеріп қарап отыр жанында.
Аман болайық, абай болайық, мейрамды ақылмен тойлайық керекшілер. Бауырымыз бүтін, деніміз сау болсын әрдайым!
факспен құттықтау ХАТтар жіберуге болады