Педагог болғым келмейді

Қызық. Жұрт мұндай пікірден шақырым аулақ жүретін еді. Өйтпей қайтсін? «Ұстаздық еткен жалықпас..., төрдегі орын мұғалімдікі» деген ұлылардың ұлағатына қарсы шығу мүмкін бе? Алайда бір танысым осылай деген кезде, таң тамаша болдым. Өзі мынау деген мектептің мынау деген педагогы. Шәкірттері қаздың балапанындай соңынан еріп жүреді. Солай бола тұра жаңағыдай айтқанына таң қалмай көр. Сөйтсем…
Бақсам бақа екен демекші, себебі бар екен. «Педагог дегеннің түп тұқиянын білесің бе» деді. Шынымды айтсам, еуропадан импортталған сөз екенін білсем дағы, тереңнен білмейді екем. «Жоқ». «Ол – бала бағатын құл деген сөз» деп сарт еткізді. Мәссаған… Кім ойлаған. Ұстаз деген сөзден гөрі, педагог деген ұғымды мақтаныш қылып айтатынымыз шындық қой. Сонымды айтып, аузымды аша бергенім сол еді, «жоқ – деді ол, жұлып алғандай – мен педагог болғым келмейді, ұстаз боламын. Балаларға білгенімді үйретіп қоймай, өміріне бағыт-бағдар сілтеймін. Құлдар адам есебінде емес, тамағын ғана беріп, бұғаулап ұстайды. Сонда мен қалайша құл болуым керек» деп өңештеп-өңештеп барып басылды. Ойланып қалдым. Содан соң «жоқ, сен ұстаз бола алмайсың, педагогсың» дедім. Ол түсінбегендей бетіме бағжиып қарады. «Жоқ – дедім сөзімді нығырлап, — айтшы сенің жалақың қанша?». «Елу мың». Досым аузын толтырып айтты. «Есепте, үй жалдайсың отыз мыңға, балаларың үшеу, әйелің, бесеуің жиырма мыңға тойып жүрсің бе?». Досымның үні өшті. «Және, сенің басыңда ерік бар ма? әр оқушыңның ата анасының алдында жарбаңдайсың, қала берді кеше референдум деп шапқыладың, дұрысы шапқылатты. Сайлауға дауысты да өз еркіңмен бере алмайсың. Аз жалақыңның да уақтылы берілген күні жоқ. Сен мықты оқытқан балаларың шетелде оқып келсе де, жұмыссыз қаңғып жүр. Сол ма ұстаздығың?! Педагог деген сол емес пе?». Досымда үн жоқ. Екеуміз де қалың ойдың құшағына ендік.
Досым педагог па, ұстаз ба?
Бөлісу:

74 пікір

AKA
Сосын мұғалімдердің айлығына алғысы келсе де, келмесе де газет-журналдарды жазып қояды. Отырыстарға жинайтындары да бар, оның үстіне қатты шаршап, жүйкелеріне де салмақ түседі. Ал, алатын айлықтары расында да аз…
Esdaulet
Tekserushilerge de jinaytini men kagazdan koz awpaytinin da kosa salayin…
Ayliktari jaksi bolsa, sonin barin jauip keter edi. Kazirgi mugalimder tek kunkoris uwin gana mugalim bop jur.
meirzhan
Жақындардан кім мұғалім еді?
AKA
Мұғалім жоқ.  Мектеп староста болған соң ба, мұғалімнің жағдайын өз басымнан кешкендей болдым. Таза өз мамандығының шебері ретінде бір ғана ұстазымды айта аламын, ал жалпы мұғалімдердің барлығына алғысымды білдіремін, олардың алдында қарыздармын.
izbasar
Ұстаздық еткен жалықпас… деген расында жұмысы ауыр. Егер алдыңдағы шәкірт мерейіңді асырса қиындықтың барлығын ұмытуға болады.
Adiletshu
Шынында, мұғалімдер құл ғой. Шапқылайды да жүреді. Астанадан біреулер келсе футболка киіп, жалау ұстап солар жүреді. Оларға тамақ жасап күтеді.

Сонымен қатар, мұғалімдердің оқушылар алдында абыройы жоқ қой. Баяғыда біздер үйге мұғалімдеріміз қонақ болып келгенде ұялғаннан отыра алмай безіп кетуші едік. Қазіргі оқушыларда дым ұят жоқ. Мұғалімнің көзінше темекі шегіп тұрады. Уәлибек айтпақшы, мұғалім ұялып, жерге қарап өтіп кетеді.
izbasar
Баяғыда біздер үйге мұғалімдеріміз қонақ болып келгенде ұялғаннан отыра алмай безіп кетуші едік. Қазіргі оқушыларда дым ұят жоқ.
Мектеп бітіргеніңе шамамен 5-6 жыл екен. Сеніңде замандастарың қазіргіден айырмасы аздау болған еді.
Zilola
Бір қатты жақын досымның танысы мектепте әжептеуір завуч, бірақ өз қалтасынан жасайды барлығын, балаларды басқа қалаға апарып қыдырту да соның мойнында. Өткен жолы мені арнайы шақыртып жұмыс компына қылмыс болса да жазайын офис2007-ні, антивирусты қойдырды. Анау мектеп аудандағы беделді мектеп, кезінде «Лидер 21 века» деген бағдарламада жеңіске жеткен оқымыстылар шыққан мектеп еді, не деген бишара мектеп десейші, дұрыс ИТ маманы да жоқ, бағдарламалары ұрланған.
Маған менің танысым арқылы қойғызып отыр, әйтпесе соны ақыға жалдап та қойғызудан тайынбайды. Тапқан таянғанын мектепке жаратып, жұрт жалақысын өзіне жаратса ол мұғалімдер мектептің кеңселік тауарына жаратып (((
satibaldi
Лібә, кезекті маңырама.
Бұл жерде сен кәсіп пен мамандық туралы емес, ақша туралы айтып отырған сияқтысың нақ. Ендеше, 150 000 ақы төлейтін туалет тазалаушы бар екен десе, сен «Туалетпен жұмыс істегім келеді» деп, тағы жазбас едіңіз: үндемей сол жұмысқа тұрып алар едіңіз.
Профессинаол болғысы келетіндер бұлай айтпайды. «Сталинннің Ставкасында бір күн жұмыс істесем, шіркін!» деп армандайтын офицерлер болған, бастарын шауып жатса да. Ақша үшін емес, өзінің нағыз қабілетін көрсету үшін. Сталин жоғары баға берсе — бекер өмір сүрмегенім, атып тастаса — іске аспағасын атып тастар деген. Профессионал болғысы келетіндер, таңдаған ілімінде айтарым бар дейтіндер бәрібір тесіп шығады.
Педагог болғым келмейді — хехе, болмай-ақ қой, адамзат көп нәрсе жоғалтады деп ойламайм.
Kipshakkyzy
Сатыбалдыға келісем. «Көр қазушы болсаңда өз ісіңнің шебері бол» деген емес пе?! Ку ақшаның құлы болмай әркім өз кәсібіне адалдық танытса екен.
salta
ал, менің арманым педагог болу, екінші жоғары білімді алсам боламын деген үмітім бар… қызық көрінер менің арманым «кейбір адамдарға» дегенмен де, бала оқытып, білгеніңді үйрету меніңше нағыз мамандық секілді…
meirzhan
Иә, осындай ойға кейбір адамдар келіп жатады. Мұғалім болғысы келіп жүрген экономистер баршылық. Жан қалауы — ұстаз болу болса, оған қарсы шығып, басқа мамандықта жұмыс істеу ауыр.
Неге бірден мұғалім мамандығына оқымадыңыз?
salta
мен құжаттарымды тапсыруға келгенде, мен қалаған мамандыққа 450 адам тапсырыпты, мен сосын конкурсқа тек шығармашылық байқау арқылы ғана түсетін мамандықты таңдадым. екеуі бір-бірінен алыс емес қой деп… екінші жоғары білімді сол үшін алғым келеді
VKM
Сырттай оқу болмайды деп естідім)))
satibaldi
Досым педагог па, ұстаз ба?
Екеуің де оңып тұрған жоқсыңдар, күрек-қайла алып, тау-кенге кетіңдер, мынадай ой жүйесімен адам болмайсыңдар.
izbasar
Сатекеңмен 100 пайыз келісем. Ұстазда, педагогта құл емес, құрбандар!
meirzhan
«Пайдес» — бала, «аго» — жетектеу деп үйретуші еді «Педагогикалық мамандыққа кіріспе» пәнінен. Яғни, ежелгі Грекияда балаға қарайтын, үйрететін адамдарды осылай атаған. бала жетектеген құл. Осыны алғаш естігенде біртүрлі боп қалдық. Бірақ ресми, заңдық тұрғыдан бұрынғы педагог пен қазіргі педагогтан айырмашылық бар. Демокартиялық елде тұрамыз дегендей. Дегенмен сын көзбен қарап, көрсек қазіргі педагогтардың жағдайының алғашқылардан аса жақсармағанын байқаймыз. Постта аталып өткендей, мұғалім деген әмбебабус мамандыққа айналды. Ол бала оқытады, тәрбиелейді, іс-шараларды ұйымдастырады, қағаз толтырады, Қазақстан халқы санағын да жүргізеді, сайлауда белгілі бір партияны, үміткерді насихаттайды, референдумдарда да шапқылайды, ақша да жинайды. Бәрін "өз еркімен" істейтін не деген мұғжиза жандар. Кім не дер екен деп жалтақтайды, басшылықтан да, ата-анадан да, биліктен де қорқады. Құлдық сана иелері. Бұндай адамдар қайтіп білім мен тәрбие беруі мүмкін. Барлықтары энтузиасттар емес қой. Аз ақшаны місе тұтып, жұмысын беріле істейтін беретін.
Нағыз ереуіл жасайтын мұғалімдер қауымы болуы керек. Оған барлық себептер бар. Жалақылары көтерілгенмен, заттарға, қызметтерге баға да бірге көтеріледі. Мұғалімдер ереуіл жасап, жұмысын тоқтатса, зардабы ауыр болар. Тұтас бір ұрпақ білімсіз, тәрбиесіз боп өсуі мүмкін. Дегенмен ереуіл жасау үшін мұғалімдер арасында ер адамдар көп болуы керек. Әйел адамдары көп мұғалімдер қауымы ереуіл жасауға бара алмайды.
satibaldi
Нағыз ереуіл жасайтын мұғалімдер қауымы болуы керек.
Мынауыңа кіші-гірім үндеу тастау деген баға беріп, Камазжеккенде үш жыл тегін төртадамдық пәтер қамтамасыз етуге болатын сияқты…
meirzhan
Кішігірім емес, кәдімгі үндеу. Бірақ бәрібір мұғалімдерден ешкім шықпайды ереуілге. Оның себебін жаздым. Болашақта шықпаса. Әуелі кәсіподақтар арқылы талап ету керек. Қазір бұл да жолға қойылмаған.
Үндеу болғанмен, нәтижеге әкелмейтін үндеу. яғни, бос дақпырт. Так что, Камазжеккенге жіберетіндей емес.
Kipshakkyzy
«Нағыз ереуіл жасайтын мұғалімдер қауымы болуы керек.»
Байғұс мұғалімдердің шықпаған жаны...
meirzhan
Қытайдың нақыл сөзі бар екен. Мағынасы, сен өзіңе ұнамды іспен айналыс, ақша өзі саған келеді.
satibaldi
Соны ана афттар-пяншікке жеткізшейш!!! Қытай емес, жалпы есі дұрыс адам да солай айтуы керек.
meirzhan
Енді мынаны қарайық, бір мұғалімге ұстаздық еткен ұнайды делік, ұнамды ісі, алайда ақша келгенімен, аз келеді. Бірақ мақалда «ақша көп келеді» деп жазылмаған.
Gastarbaiter
мунайшылар болмаса, педагогтардын акшасы одан да томен болар еды. Жалпы бюджетте отыргандардыки томен болушы еды. Ереуильге шыгатындай, олар Астананы асырап отырган жок. Керисинше, бюджетке тауелди.
арине берген билимине сураныс бар екенине, биликтилигине сенген адамдар жеке устаз болып кетсе де ольмей кунин коред.
meirzhan
Ереуильге шыгатындай, олар Астананы асырап отырган жок.
комментпен басымнан тарс еткізбеш, мынаны айтайын дегем.
Олар Астананы асырап жатқан жоқ, олар Қазақстанның болашағының негізін қалаушылар. Болашақтың қандай болатыны тікелей мұғалімдердің жұмысына байланысты.
Ең басты байлық — адам, адам ресурсы екені белгілі. Ал енді осы адам ресурсымен тікелей айналысатын, адам сапасын арттыратын не кемітетін мұғалімдер мен дәрігерлер. Так что болашағын ойлаған мемлекет осы мамандықтардың жағдайын ойлауы керек. андай-мындай жұмыстарға жегіп, құл көрмей. «Жыламаған балаға емшек берілмейді» дейді. Әсіресе бізде бұл орынды сияқты. Өз талаптарын қоймаса, мұғалімдер қауымын басына плотно отырып алды.
Қазіргі мұғалімдер қауымы қайыршылар сияқты, көшеде келе жатқан адамның (биліктің) рақымы түссе, артық тиын тебені болса берер, бермесе ашығып жүре берер.
Zilola
биликтилигине сенген адамдар жеке устаз болып кетсе де ольмей кунин коред.
уооот осындай мұғалімдер Мирас, Хейлибери мектептерінде жүреді.
Kipshakkyzy
Мирас, Хейлибери сияқты мектептерде қарапайым халықтың балалары оқи бермейді. Жағымпазданғаннан жақсы білім береді деп толық айта алмаймын.Күмәнім бар.
meirzhan
Мүмкін до того жағымпазданады, что бар білетінін, тіпті білмейтінін де оқушыларға айтып беред
Gastarbaiter
Қазіргі мұғалімдер қауымы қайыршылар сияқты, көшеде келе жатқан адамның (биліктің) рақымы түссе, артық тиын тебені болса берер, бермесе ашығып жүре берер.

Оған кім кінәлі? Әр адамның таңдауы өзінде ғой, әлде қазақстандық мұғалімдер бір кездері олигарх болып, осы бүгін ғана маңдайына қара тігіліп қап па?
Жалпы мұғалімдерді биологиялық түр ретінде құрбан қылып көрсетуді түсінбеймін.
Әлбетте, арасында бар өз деңгейіне лайық марапат ала алмай қор боп жүргендері. Бірақ, жалпы мұғалімдерді құрбан қылып көрсету тенденциясына мал сияқты бірге лағып кете бермей, бір нәрсені анықтап алған жөн.
Көбіне біз өзіміздің жолымызды өзіміз таңдаймыз.
Ал ол туралы иллюзиямыздың кейін келе шындыққа сәйкес келмеуі, кешірерсіздер өмір шындығы.

Қазірде жылаудан жалықпайтын дәрігерлердің көбі де солай, бір кездері дәрігер болу «ақ халат киіп алып, „Доктор Толепович, пациент в приемной“ деп қылымсыған медбикенің мықынынан бір сипап „Щас, проверим“ деуден ғана тұрады деп ойлап барғандар, дәрігер болудың қатаң реалияларымен бетпе-бет келгенде сиіп жібереді де, өмірге ренжіп осындай ренжіген опустарды кесаревосыз туа бастайды.

Камооон, аще ағайындар!
Капитализмге қош келдіңдер!
Мұғалімдер! Псевдопедагогтар!
Сабақтарыңда оқушыларға таратылған кітапты оқып алып, түсінігіңді 5 рет айтып беріп, „уфф, сабақ өткіздім“ дейтіндер!
Биология пәнінде өткен жылғы оқушылардың жасап берген көрнекіліктерімен ашық сабақ өткізетіндер!
Хуй из он дьюти тудейіңдіссс, ағылшын тілінде 45 минут, 4 тоқсан, 9 жыл ішінде балаға қай артикльді қай кезде қолдану керегін үйрете алмағандар! Және ең сорақысы, өздері пенсияға шыққанша соны үйрене алмағандар!
Қорқыңдар!
Ия, ия, үкіметтің мұғалім ақысын көбейтуінен қорқыңдар!
Бұттарың дірілдеп, тік ішектерің тырысып, анустарың мұздап тұрып үкіметтен айлықты тым асыра көбейтпеуін, коррупция, көт қысты, башпай басты тірліктердің шектелмеуін, өле-өлгенше тілеңдер!
Себебі, айлық көбейіп, коррупция азайса, ең алдымен сендер кетесіңдер.
Ия, себебі, конкуренцияға шыдамайсыңдар. Араларыңда ісіне адал, айлыққа қарамастан өзін өзі жетілдіріп, методикасын шыңдаудан шаршамағандар ғана қалады.
Ол күн де келер бір күні.
meirzhan
иә, мұғалімдер арасында бәсекелестік артып, үздіктердің үздігі ғана қалады. Білім беру жүйесі ілгерілейді. Егер жалақы көтерілсе ғана. Ал былай мединститутқа түсе алмаған биологтар, заңгерлікке түсе алмаған тарихшылар (бәрі емес) сабақ беріп жүре береді.
Иә, мүмкін мұғалімдер біліксіз болғанынан өз құқықтарын қорғай алмай, ежелгі мағынадағы «педагог» болып жүрген шығар.
Жалпы сенің сөздерің мынаған сайып келеді: мұғалімдер осындай отношение, жалақыны заслуживают. Себебі басым көпшілігі біліксіз.
Бірақ негізі олар біліксіз болғаннан жалақылары аз емес, жалақысы аз болғаннан біліксіз мұғалімдер жұмыс іздеуде. (өз орнында емес)
Gastarbaiter
төменде жауап берілді саған.
molly_zhan
Дурыс айтыпсыз. Менің туыс әпкем қызы мен ұлын алматыдағы Беделді жеке меншік мектепке берген. Сөйтіп қызының күнделігін ашып қараса қызы 3 алыпты. Сосын сынып жетекшісіне барып «Биз жылына неше акша беріп окытып жатырмыз баламызды. 3 алса сендердің кінәң дұрыс білім бермегенсіңдер» депті. сосын күнделігіне қараса енді кілең бес алғыш болып кетіпті қызы. Сонда мамасы айткан сон өтирик бести коя берген гой. Содан апкем балаларын ол мектептен алып кетип каланың бір гимназиясына берген.
meirzhan
мә, қорыққанынан, зәрезап болғанынан бағаны көтермелей берген ғой. Ол да зиян
Gastarbaiter
Мейыржан, сен кияли ангименды коя тур. Автордын досы сияктыларна мен салыгымнын жузден бирин де кимаймын. Ал укимет мугалимдерге оз калтасынан бермейд акшаны, ондиристегилердин салыгынан алад.
kokbori
Осыны айтқанда Гаста постты оқымаған ау дим, пікірмен сілтелей берсе керек
balzaminka
Педагог атауына қатысты: оқытушы деп те айтады емес пе? Атауда тұрған не мәселе? Сосын, уақыт өте келе мағынасы өзгерген сөздер бар ғой лексиконымызда, кім педагог-құл деп жүр? Ұлағатты ұстаз, өнегелі педагог, құрметті педагог дегендер құл дегенді білдірмейді әсте.

Автордың көзқарасына айтарым, өзін нағыз ұстазбын деп таныған кісі ешқашан біреудің қолбаласы болмайды. Салыстыру үшін айтып кетелін, менің кураторым жоғарыдан бұйрық келіп қалса, өл-тіріл соны істеп жантығатын. Қашан айтылған нәрсе бітпейінше студенттерге де дамыл жоқ болатын. Біздің группаның студенттері көше аралап жүреді, не нәрсе болса да солар жүгіреді т.с.с. Ал басқа топтың кураторы өте білімді, жоғары дәрежелі ұстаз болатын. Ол кісіге анда бар, мында бар дегенді естіген емеспін
gunner
Адамдардың барлығы Сатыбады сияқты қатып қалған принціпшіл болмайды. Ондай адамдарды әр мектептен максимум бір екеуі шығатын шығар, сондықтан ақшамен стимулировать еткен ең тиімді және жалғыз жол деп білем.Білімге кеткен инвестиция ешқашан зая кетпейді, оның мысалы ретінде пайдалы қазбалардан кенде Жапония, Сингапур сияқты мемлекеттерді келтіруге болады. Сингапурда АҚШ, Европа университеттерін бітірген студенттерге «охота» жасайтын арнайы адамдар бар, олар біліммен айналыса алатын ыңғайлы атмосфера жасап, ең маңыздысы ақшамен қызықтырып талантты, білімді адамдарды шақырып отырады. Өз басым Сингапурда қалып кеткен бір химик қазақ жігітті танимын, басында тегін оқып сонда бес жыл жұмыс істеп қайтам келісім шартпен деп кеткен, қазір сонда жергілікті бір қызға уйленіп алған, бес жылдан кейін келетіні уже күмәнді.Сөйтіп мектеп кезінде Менделеев олимпиядасында жүлделі орын алып жүрген талантты жігіттен айрылды Қазақстан.
Gastarbaiter
Жалғыз жалақыны көбейтумен шешілмейді.
Ақша көбейген жерге үміткер көбееді, бақталастық күшееді. Бірақ коррупцияны бақыламаса, бақталастық сіз бен бізге қажетті критерилер бойынша жүрмейді.
Kipshakkyzy
Бақталастық күшейсе саннан сапа артатын шығар бәлкім.
Gastarbaiter
кирпикшели кебисше болмасанызшы! критерийлери баска болады дедим бакталастыктын. Алдымен сыбайластыкты жугендеу керек, айтпесе майлы шелпекке агайын туыстарын тыгу, кимнин кокесинин мартебеси коптеу, ким канша откат жасады деген бельги бойынша ириктеледы айтулы сапаныз соны мензеген болса, коя койыныз.
VKM
Менің ағлышын тілінен мектептегі мұғалімім-нағыз педагог! Неге десең:
1.Өзі осы мамандықты таңдап,өз ниетімен мұғалім болған
2.Ең үздік оқытушы атағын көп рет жеңіп алған
3.Сыртқы келбеті мен киінгені-супер.
4.Оның сабағын бәрі 4 пен 5ке біледі. Неше түрлі олимпиада, программаларды жылына 10 шақты оқушысы жеңіп алып жатады.
5.Барлық каникулдарда балаларды Англия, Америка,құрып қалғанда Малайзияға апарады
6.Сабағында шыбынның ұшқаны ғана естіледі
7 Менің сынып жетекшім болды. Бір тапсырмасын орындамай көр, бүкіл сыныпты күнде сабақтан соң жинап, типа пятиминутка(пятичасовка дейтінбіз)өткізеді.Тәртіпті қатал талап етеді.
Мұғалімдердің бәрі сондай болса ғой
Kipshakkyzy
Иә.Бәрі сіздің ұстазыңыз сияқты болса ғой!
izbasar
Ұстаздың беделін арттыру әр ұстаздың өз қолында! Мен білетін көптеген ұстаздар бар. Бірақ көбі санды толтырып жалақы алу үшін ғана жүреді. Ал, сондай ұстаздар бар алтыннанда қымбат оларға репититорлікке жалдау үшін айлап кезекке тұрасыз. Олар міне алтыннан қымбат ұстаздар.
shimaibek
Мен дұрыс түсінсем, мына жерде бәрінің шымбайына тиіп отырғаны "құл" деген сөз. Әй, пендеміз-ау бәріміз, боқ көтерген, сасық кеуде. Құл деген жақсы сөз негізінде. Құлмыз бәріміз. Алланың құлымыз ғой бәріміз. Біріміз, мойындап, басқамыз мойындамасақ та.
Иә, әрине, бұл жерде "құл" деген сөз педагог — байдың баласын бағуға тапсырма алған жалшы мағынасында. Ол, әу баста сөй деп алынған атау, ал қазір мағынасының өзгергені белгілі емес пе? Заман басқа, қоғам басқа. Кім кімді құл қып ұстап отыр қазір?
Иә, жағдайы мүшкіл мұғалімдердің, сол не бопты? Кімге өмір жеңіл тиіпті?
Құл-құл, ақша-ақша дейсіз аффтыр, негізі ақшаны аз алғаны да, көп алғаны да — құл ғой, біреуге жәутеңдеген!..
izbasar
Біреуге бәр бірде жәутеңдемей өмір сүру мүмкінбе?
shimaibek
Мүмкін. Ол педагог та болуы мүмкін…
araika
Құл деген жақсы сөз негізінде
Мейіржан, мұнда келші
meirzhan
Әр адам өз пікірін айтуға құқылы ) қандай пікір болса да
estetika91
Әрине, әрбір адамның субъективті пікірі қымбат)
satibaldi
Кейде Сіз айтатын ақиқаттың қарапайымдылығы сонша, қатты ұялып кетем.
estetika91
Ал, мен ақиқаттарды күрделендіргім келмейді…
shimaibek
 Есіме өзім білетін бір Сөзуардың сөзін есіме түсірдіңіз. Соның бүй дегені бар тұғын: «Мыңдаған адамдардың сан мыңдаған ойлары бар. Сол сияқты менің де өз жеке ойым бар. Сондықтан, меніңше...» деп іліп ілестіріп әкететін…
shimaibek
Педагог болғым келмейді
Пединститутта оқып жүрген студенттердің 90%-ның айтатын сөздері…
meirzhan
иә, бірақ оқи келе көзқарастары өзгереді, көбінің.
shimaibek
Сондықтан да
оқып жүрген студенттердің...
дедім.
Ұстаздықтың қадір-қасиеті мен мән-мазмұнын жете түсініп, байыбына бара бермегендіктерінен осындай ойларда болады басында.
meirzhan
оқи келе көзқарастары өзгереді
студент кезінде өзгеретіні белгілі боп тұр.
araika
Педагог болғым келмейді
Менің де, тіпті одан қауіп те жоқ
Қағаздың рөлі басымырақ болып тұрған мына заманда, мұғалімдердің жұмысының екі есеге артатыны сөзсіз.
Ал ұстаз болсын, педагог болсын ең бастысы, өз ісінің маманы болса жеткілікті. Және нағыз маман ғана барлық қиындықтарға төтеп бере алады.
Makhabbat
Бір қатты жақын досымның танысы мектепте әжептеуір завуч, бірақ өз қалтасынан жасайды барлығын, балаларды басқа қалаға апарып қыдырту да соның мойнында.

Барлығын қалтасынан шығарса жақсы екен, біздің мектептерде мұғалімдер қалтасынан ақша шыгармайды, оқушылардан жинайды, анаған ақша, мынаған ақша,әйтеір бір таусылмайтын ақша.
Екзаменнен кейін ата -аналар міндетті турде ақша жинап жақын маңдағы кафелерге отыргызады, ата-аналарды боліп қойған әр екзаменге.
Мұғалімдерде балалардың біліміне қиналмайды, оқы не, оқыма не барі бір…
Біздің жақта мұғалімдердің қиналып шапқылап, балаларға болсын, білім алсын дегендерін көріп журген жоқпын.
Соган қарағанда олар құлда емес,қайыршы да емес
serjan
Негізі білім саласына оның ішіндегі орта білім саласына өңшең білімсіздер жиналған, сондықтанда жоғарыдан біреу келсе өлердей қорқады.
salta
менен бір жас кіші қыз болған ауылда, мектепті бітірмей жатып, көшеден көше кезіп, жігіттермен жыртыңдасып, кейін студент болған кезде, өлердей мас болып, әркімнің құшағында кетіп бара жатқанын көретінбіз. Сол қыз қазір мұғалім, сол секілді мұғалімдер ауылда толып жатыр. Бұрынғы мұғалімдер ешнәрсе айта алмайды, ата-анасы пара беріп мектепке кіргізіп қойған. Сабақты да қатырмайды, мектепті шешесінің арқасында (мұғалім болатын) әрең бітірген. Осыдан кейін не айтарыңды да білмейсің… Балаларды аяймын…
Gastarbaiter
Ай сіз де қоймайды екенсіз, оның моральдық бет-бейнесі де өзгерген шығар мектепке тұрғалы бері.
salta
аха, щас!!! дәл сондай, күйеуінен күнде ажырасып, балаларын олай да бұлай сүйретіп, жүрген жерін шулатып, әлі жүр…
Gastarbaiter
Ойеббааа, қай бөлкемді шымшиын, неғылдит ей? Күйеуінен күнде ажырасад дейді ей, масқарааа, жүрген жерін шулатқан несі ей? Астапырбудда, жағамды ұстадым. Сен оны айтасың, анау Мағрипаның інісі бар емес пе? Уйеба сол көршісін екі қабат қылып қойыпты. Ал ол қыз алдын ала атастырылып қойған екен. Ешшо райсобездің бастығымен ойнас құрады дейді. Көтім… тойыс бетім..
AKY
 Өсссееекшіііііііііі
satibaldi
Не ғой Гаста, былай ойын-күлкі үшін жаздың ғой, түсіндік. Бірақ
Уйеба сол көршісін екі қабат қылып қойыпты.
— осы жер рас па?
Gastarbaiter
Рас деймін, өткенде дәрігердің назначениесін байқап қалғам. жекеге шықшы
Zhan
Өзімді мұғалімдікте елестете алмаймын. Бірақ, кіріссем семинар, т.б. бірдемелерде бірдеңе дей алуым мүмкін. Өзім педагог болмаған соң ба, оларға пәлен дей алмаймын, айлықтары аз еще. Жалпы, маған мектепте оқушының өмірі ұнамайтын. Содан ба, мектепте жүрген кезімде ұстаздарыма қарап, "өмірлері өмір бойы оқушы сияқты өтеді. Мұғалім болмаспын" деп шешкем. Өткенде астаналық мектептерде өткен әскер туралы бір іс-шараларға барғанмын. Балалар дегенің енді бұзық. Мен анадай шумға шыдамаймын. Сондықтан, мұғалімдерге кейде жаным ашиды.
satibaldi
Балалар дегенің енді бұзық
Иә, саннан шымшып, шаштан тартып дегендей…
Zhan
Сатеке, рас айтам, педагог болған қиын сияқты. Балалар шулаған кезде безіп кеткің келеді. Ыржың-ыржың етіп, тыныш отыр десең де тыңдамайды. Негізі кішкене балалар менен қорықпайды. Кейбір подругаларым балаларға ала көзімен қараса жым бола қояды ғой. Ал менің ұрысқанымды қыстырмайды да.
AKY
Zhan
АКҮ студенттер қиындық келтірмейді, мен балабақша мен мектептің оқушыларын айтып тұрмын.
kokbori
Мұнда айтар ойымды ешкім түсінбеген екен деп танауымды бір тартып қояйын