Қисайып алғым келеді

Тамақ ішкеннен кейін ұйқы неге қысады дегенде, бір қуақы адам ішің созылғанда, бетіңнің терісі төмен қарай тартылады деген екен. Менікі де сол, әбедте тамақ ішіп алғаннан кейін 15-20 минут қисайып алғың келеді. Менің әжем үнемі солай жасайтын, тамаққа отырарда қасына жастығын, көрпесін дайындап алып, 1-2 шесе шәйін ішкеннен кейін, қисая кететін… рахааааат-ай, біз сабаққа кетіп бара жатқанда әжемнің ауызы біртүрлі бүлкілдеп, ухілеп жататын, күлсең қарияға күл деген, әжемнің ауызы шынымен де күлкілі болатын, тісі жоқ болғаннан кейін ухілегенде еріндері ішке қарай кіріп, демін шығарғанда парақтай желбірейтін… мен қисайып алайын, оған дейін аяғымды уқалап беріңдер деп, ващеее кайф ұстайтын. Жұмыста отырып сол баяғы қисаюды аузыңнан сілекейің шұбырып, тұяқ серіппей ұйықтап кетуді армандаймын… сол 15-20 минуттық құс ұйқы орындалса, күні бойы сергек жүресің еще...
Бөлісу:

32 пікір

AKA
Бір сарынды дауыспен, қызықсыз лекция оқып тұрған оқытушылардың сабағында ұйықтағым келеді…  Тәтті ұйқыда жатқан сіздің ұлыңыз ба?
salta
тұңғышым… Әділхан
Aldeken
дегенмен, Бәдөнге қарағанда Әдөк жақындау саған…
salta
Бәдөнайға екі қойым бір сом ғой...
AKA
«По закону Архимеда, после сытного обеда пологается поспать» (а) осы сөздер жоғарыдағы жағдайға байланысты айтылған болуы керек…
Zilola
Мамамдар «Біздің ауылда жатып ішеді» деп айтады көбінесе, ол дегені кешке жұмыстан шаршап келген адамның отыруға да шамасы келмей жастыққа жантая тамақтану ))

Ал астан соң тамақтану деген менде жоқ, менің бұрын қараптан-қарап ұйқым келетін, тамырларым тарылып миға дұрыс қан бармайды екен, тамырларды созатын уколдар алып, шүкір қазір арнайы ұйықтасам да ұйқы тез келе қоймайды, әйтпесе бұрындары жұмыста түске деуір 2-3 рет отключка болатынмын )
Zilola
астан соң мызғып алу (ұйықтап алу) деп оқыңыздар
satibaldi
тамырларды созатын уколдар алып
Осы жерде толығырақ… Толығырақ…
Zilola
Қытайдан сатып алдым, доғдырдың жазып бергені, аттарын ұмытып тұрмын, қатты керек болса Алматыға барғанымда қораптарын тауып алып сізге скандап жіберемін.
satibaldi
Неткен керемет жансыз! Бітті, еш күмәнсіз сендікпін!!!
VKM
осы жерде керектің көп қыздары (ішінде мен де бар)шетте жылап тұрды
Zilola
керегіңізге жаратыңыз


Ьіндетті түрде (+NaCl) тамырға, аспа уколмен салынады
askerbek
тамырларды созатын уколдар алып, Ол кандай уколдар? Меніда түскі тамақтан кейін жаман ұйқы қысады
Zilola
асқазанға ас түскен соң, ұйқыбезіне салмақ түсіретіні айдан анық, сондықтан да ұйқы келер )
Ал уколдарға келсек Қазақстанда да бар, мен үйдің қасындағы процедурный кабинетте қытай аспа уколын алып жүргенде, қасымда қазақстандық баламасын салғызғандар да болды. Өкінішке орай атын білмейді екенмін.
Негізі невропатологтың қабылдауында болып, бірнеше анализдерді және томография, Эхо ЭГ, тағы бірнеше тексерістерден соң ғана сондай укол тағайындайды.
Kipshakkyzy
Тамақ ішсем менің де ұйқым келеді. Бұрын ондай емес едім.
araika
Бәлкім, шаршағандықтан болар… Ал мен болсам, тамақ ішіп болғаннан соң, ыдыс-аяқты бірден жуғым келмейді.
Kipshakkyzy
Ұйқым келгенімен ұйықтамаймын. Бірақ әлсіреп қалам. Сәл бес минуттай дем алып алам да тұрып кетемін. Душ қабылдап алсам да солай.
Gastarbaiter
мен керисинше маужырап бара жатсам бирдене жеп алсам, шай ишсем битти уйкым артын кысып кетед.
Zilola
менің көңіл-күйім болмаса жақсылап шоколад (қазақстан плит., эмендмс) жеп аламын, көңілім көтеріліп, қаным жүгіріп тіріліп қаламын )
Gastarbaiter
жаман адет.куптамаймын.
Zilola
ашып айтсаң, жекеге жазсаң болады
Gastarbaiter
стрессты комирсулары коп татти тамакпен басу семиздикке, целюллиттын кобеюыне, ал ол оз кезегинде онан сайын стресске берильгиштикке, и солай балели шенберден шыга алмай калуга акеледи.
Gastarbaiter
уйкы безынды кайдам, адамнын оттек таситын кызыл кан туйыршектери асказанга карай шогырланады, асказан жумысын реттеу ушин. сонда миына оттек жетиспей адам есиней береди. бирак оны уйктауга арналган бельги деп кабылдау кате. Керисинше, тамак уйкы кезинде толык демалуга кедерги. Себеби асказан жумыстеп турганда, уйктасан, букиль аскорыту жуйеси баяулап, тамак нашар корытылад.
Тамактан кейын есинеу, оттек жетиспеушиликтен, демек далага шыгып серуендеп, жарты сагат бой жазу керек, уйкыны соймай.
Zhan
Жақсы инфо. Неге ұйқым келеді, әлсіздіктен бе деп жүруші едім. Сіз шынымен Аршат айтпақшы доктор Гаста екенсіз
balzaminka
мен шәйдан соң қисайғым келеді, снотворный мен үшін. Ал, тамақтан соң, қатты шаршағанда үйқыны күтуге тура келеді
madlen
Тамақтан соң ұйқысы келетіндерді вообще түсінбеймін. Жұмыста да «Покушали, теперь поспать бы...» дегендерді есітсем, жыным келеді
Gastarbaiter
Соны айтамын, мен жұмыста обедке дейін маужырап, ұйқы қысып отырады, обедте бір сағат ұйқтап алсам екен деп отырам, бірақ тамақ ішіп алған соң, ұйқы қашып кетеді. Кешке де солай, кешкі асқа жеткенше ұйқы қысып өліп шаршап тұрам, ішке ел қонған сон, тіріліп кетем, ұйқы келмей қояды.
Zhan
Мадлен екеуіңдікі керіағыс екен. Сен сияқты болсам ғой, шіркін. Тамақтан кейін тіріліп сала беретін.
Aldeken
Тамақ окрыля-я-е-е-ет! деп жүретін дейсің ғо…