Трансген тағамдар

Өзіміз күнделікті көріп, көріп қана емес, тұтынып та жүрген, әдетте «китайский» деп атап кеткен көкөністің ерекшелігін білесіз бе? Олар – суыққа үсімейді, ұзақ уақытқа дейін солмайды, құрт түспейді, өңін де бермей түсін қанық күйде сақтайды. Былайша дәмсіз демесеңіз сырттай бәрі жап жақсы. Ал, іші ше?
Әлемдегі тамақ тапшылығын шешу үшін басын тасқа да, тауға да ұрған ғалымдар жоқтан бар жасап, трансген тағамды ойлап тауыпты.

Трансгендер немесе гені өзгертілген дақыл -ГӨД /генно модифицированный/, – бұл ДНҚ-на басқа ағза организмнің гені орналастырылған өнім. Яғни, өсімдік немесе жануардың бастапқы генін өзгерту арқылы алынған суық пен ыстыққа төзімді, өнімділігі жоғары, зиянкес жәндіктер, саңырауқұлақтар жей алмайтын, бактериялық аурулармен ауырмайтын жаңа өнім. Жалпы барлық тірі организмнің негізі болатын белоктар – реттеліп орналасқан аминқышқылдарының тізбегінен тұрады /ДНҚ да солай/. Бір белокта жүзден бірнеше мыңға дейін аминқышқылы белгілі реттілгін қатаң сақтай отырып орналасады. Бұл тізбектің әр бөлігінің кәдімгі адамның мүшелері сияқты өзінің атқаратын қызметі бар. Біреуі суықты сезсе, екіншілері түске, үшіншілері жарыққа, төртіншісі көбеюге жауапты т.с.с кете береді. Генетиктер осы тізбектің құпиясын ашып /расшифровка/ қай аминқышқылы неге жауапты екенін анықтаған. Содан соң, керек емес (суыққа, ыстыққа, құрғақшылыққа төзімсіз, құрт құмырсқаны қызықтыратын) ДНҚ бөлігін алып тастап, орнына басқа өсімдік не жануардан алынған төзімді ДНҚ фрагменттерін орналастырған.
Ең алғашқы трансген помидор 1994ж АҚШ та жасалыпты. Бұл помидордың ДНҚ-на солтүстік америкалық камбаланың гені орналастырылған. 1 жылдан соң америкада жасалған трансгеннің саны 9-ға жеткен: қоңыз жемес үшін колорадо қоңызының гені қосылған картоп, камбала гені қосылған аязға шыдамды жүгері, сарышаян генін қосқан құрғақшылыққа төзімді бидай т.б. өнімдер. Бұл өнімдер қатаң табиғат жағдайларында да өсе береді, ешқандай күтімді қажет етпейді және ең бастысы 10есеге дейін арзанға түсіп, шаш етектен табыс әкеледі. Бүгінгі күні 100 ден аса ГӨ дақыл жасалған. Бізге шетелден /әсіресе, АҚШ пен Қытай/ әкелінетін ет пен балық консервілері, сүт өнімдері, полуфабрикаттар /60%ы ГӨ соядан тұрады/, өсімдік майы, кондитер өнімдері ГӨ дақылдардан жасалады… Тіпті, кейбір зерттеулер біз жақсы көретін «Nestle» (шоколад, кофе, балалар тағамы), «Coca-cola» («Спрайт», «Фанта», «Кока-кола»), «Danon» (йогурт, кефир, ірімшік, балалар тағамы), «Kelloggs» (дайын тамақ өнімі), «Unilever» (балалар тағамы, майонез, соус), «Mars» («M&M», «Snikers», «Twix», «Milky Way», «Mars» шоколадтары) құрамында да ГӨД ингридиенттері барын көрсеткен.
Енді осы өнімдердің қауіпсіздігі қандай? Бұл сұраққа келгенде оқымыстылар пікірі 2ге жарылуда: бір тобы — осы уақытқа дейін адамдарға кері әсері анықталмағанын айтып, ары қарай дамытуды қолдайды. Екінші топ /бұлар көптеу/ трансгенмен қоректенген жануарларда әртүрлі ақаулар дамығанын айтып қарсы пікір айтады. 2ші топ дәлел ретінде бірнеше тәжірбиелер нәтижесін келтіреді: трансгенмен қоректенген егеуқұйрық тұқымдарының 1ші буынының 50%ы өліп қалса, қалған бөлігі арасында бедеулері көп болған және мінез құлқы өзгеріп, аналық инстинкт бұзылуы, агрессивтілік жоғарылауы байқалған. Кейбіреулері өздерінің баласын жеп қойған /әдетте, кеміргіштерге тән емес/. Зерттеу бойынша көптеген трансгеннің құрамында антибиотиктерге төзімді және аллергия шақыратын гендер ұшырасқан. Яғни, ГӨ дақылдармен қоректенген адамдарға антибиотик әсер етпейді деген сөз. Кейбір трансгендер ішек арқылы сіңіп, қанға өтеді, ал, жүкті әйелдің іштегі баласына өтіп, гендік құрылымын өзгертіп әртүрлі кемістік, ақауларға әкелуі мүмкін. Организмді улайтын, гендік мутацияға әкелетін, қан жүйесі, бауыр, ми, көбею мүшелерінің ауруларын шақыратын трансгендер де бар екен. Қазіргі дайындалатын трансгендердің 80% ірі қара мен құстарға қорек ретінде пайдаланды. Демек ГӨ дақыл ағзаңызға тікелей жемесеңіз де, оны жеген жануар өнімін /ет, сүт, жұмыртқа/ тұтыну арқылы түсуі мүмкін. /Бұл көбірек шетелден келетін өнімдерге қатысты/.
Сондықтан күнелікті өмірде дайын өнімдерге, «китайский» көкеністерге үйір бола бермей, табиғи өнімді тұтынған дұрыс-ау…
Бөлісу:

17 пікір

araika
«китайский» көкеністерге үйір бола бермей, табиғи өнімді тұтынған дұрыс-ау…
Қолдаймын. Бірақ қазір сатушыларда тұтынушылардың талабын біліп алған.
asaubota
китайскийлерде трансген көп бола ма сонда? мысалы китайский әдемі алмалар бар ғой, жесең дым дәмі жоқ, суы жоқ, құр қағаз сияқты. солар трансген ба әлде химикаттар қосылған ба?

мақалаңа рахмет, шынымен қызық ақпарат екен. осылай жазып тұр.
Esdaulet
Kitayskii almanin ozi transgen, yagni iwine bogde gen ornalastirilgan. Sol syakti, banan, pomidor, mandarin, apelsinderi de solai.
Kipshakkyzy
Айтпақшы, сол алмаларды қағаздан жасайды деген рас па екен?
Nurgisa
Мақала күшті екен. Генетикалық модификацияланған өнім туралы көп айтылады, тәптіштеп жақсы түртіп өтіпсің, рақмет!
Қазір еліміздің негізінен оңтүстік өңірлерінде ылыжайларда қызанақ, бәдірендер (қияр), тағы да басқа дәнд дақылдар өсіріліп жатыр. Оларға да күшейткіштер қосатын шығар, бірақ гендік құрамы қатты өзгеріске ұшырамаса керек. Анығын білмедім, осы жағынан ақпарың болса бөлісе отырсаң.
Үйге мүмкіндігінше өзімізде өсірілген көкөністі алуға тырысамын. Құрты бар алманы жақсы көреміз біз
Жазда АҚШ-та болғанымызда қай жерге бармайық, кілең дәмсіз тамақтар еді. Әп-әдемі құлпынайды көресің, бірақ дәмі картон сияқты…
Esdaulet
Ya,bizde transgen onim jasalmaydi. Bizdin en algawki transgenimiz NAZARBAEV UNIVERSYTIde jasalgan egeukuyrik pen tasbakanin geninen jasalgan bir makulik. Ol da bolsa kop omir surmey olip kalgan. (tv da sogan da maktanip jatkan alemde en birinwi jasaganday)
ken
сол жасап шығарылған мақұлықтың суреті жоқ па? болса көрсетсең.
AL-ASTER
Өткендегі Шымкенттік аниматорлардың жарысқан көкеністер туралы мультигін еске түсіреді екен.

Жалпы, гендік өзгеріске ұшыраған (немесе түрлі қоспалары бар) тағамдарды жеп жүре беретін адамдар да мықты екен.
Nurgisa
Ішіндегі сұйығында «жасылдары» (клоропласт емес шығар) көптеу помидордан гөрі әрине черри жақсы. Бірақ нарқы да тиісінше жоғарылау. Жалпы, қоспасыз, таза тамақ пен көкөніс жылжымайтын мүлік сияқты құнын жоғалтпайтын дүние екен ғой. Жазда ағамдыкіне барып, бақшасындағы өріктерін жеп кетуді жоспарлап отырмыз. Жер үйім болса деп армандаймын. Алдында кішігірім алаңқайы болса, бақшаға икемдейтін. Ағам мен жеңгемдікі рақат, көкөністің бәрін, көкшөбін өздерінікінде өндіреді. Кәдімгі табиғи дәмі бар. Анау, тілсең де апталап қараймайтын көк алмалар сияқты емес.
AL-ASTER
Ия. Жер үйде тұрып, бау-бақша күту арманы менде де бар. Бірақ, қазіргі қаладағы иттірлікке өз бетіммен бейімделуге ұмтылып жүрген мен үшін, ол арманның ауылы алыс сияқты.

Тағамның гендік өзгертулері, өткен ғасырдағы жаппай шығарыла бастаған денсаулыққа зиян киім-кешекке пропорция сияқты. Бірақ, елімізде жеміс-жидек пен көкөністерді өсіруде гендік модификациялау тәсілі аса дамымағандығы жақсы әрине. (Мүмкін ғылымды меңгере алмай жатқанымыздан болар, бірақ бұл тұрғыдан бұл жағдай маңызды емес)
Оның жанында, тағамға қосатын құрғақ/сұйық дәмдеуіштерден бастап косервілерге дейін денсаулыққа кері әсер ететін қоспалар барын біліп тұрып жемеске шара жоқ қой. Адамдар бәрібір мықты екен, бір рет организмге енгенде бір жылқыны құлататын темекінің зиянын біліп тұрып шеге беред, шеге беред.
Gulistan
Бақшамызда піскен, кішкене құрттаған, қызыл-жасыл алма-фдмұрттарымызға жетпейді-ау
Gulistan
алмұрттарымызға деп оқылсын.
asaubota
қытайлар жұмыртқаны да қолдан жасайды екен


www.daokedao.ru/2009/06/30/kak-kitajcy-poddelyvayut-yajca/
Zhan
Осындай ГӨД жеміс-жидектің салдарынан адам геніне мутациялық өзгерістер келе ме деп ойлаймын. Себебі, теледидарда үш егіз, алты егіз тапқан әйелдерді көп көрсетеді. Басы жабысып қалған, қарны жабысып қалған егіздер, құбыжық сияқты туылған адамдарды көрсетеді. Семіздік те сол жақта сияқты. Теледидардан көргенім енді. Химиялық тамақ пен тағамдардың адамның организміне бәрібір әсері болатын сияқты.
Aizhantabyn
АҚШта мысалы, оларды тіпті жасырмайды да. Гендік өзгеріске ұшыраған көкөністер мен жемістер, органик (табиғи)түрлерінен әлде қайда арзан. Мысалы, ГМО алма бір долларға жетпесе бағасы, таза, табиғи алманың бағасы (шірік, құрт түскен) тоғыз доллар шамасында. Органик дүкендер бар, барлық өнімдері таза. Тіпті нандары да. Бірақ бағасы өте жоғары.
мысалы сиырға вакцина егіліп, өнімділігі артқанымен, сүтінен тез толып кетесің((. Көбіне, сүттің мөлшерін көбейту мақсатында әйел гормондарын егеді екен.
Өзім АҚШтағы тағамның әсерінен қанымның құрамы өзгергенін білдім, антитела (антиденелер?) санының көп екенін айтқан болатын.
Менімше, бізде де солай болатын сияқты. Қазіргі шірімейтін алмалар мен қошақандай балапандардың дүкен сөрелерінде жатқанына қарап.
Nurgisa
Bizde durys tamaktanu soz bola kalsa, T.Sharmanov agadan baska esi durys maman jok pa dep kalasyn. Aina-katesiz solai: demografiaga M.Tatimov, sayasi taldauga D.Satpayev, sayasattagy futurologiaga E.Ertisbayev jauap beredi kazir. Buryn rahat edi, Azimbay Gali bar edi kez-kelgen takyrypka besaspap sarapshy.
Kosh, sonymen as dedik. Magan ne jeitinindi ait, kim ekenindi aitain dep bilgishsinetindi shygaryp aldyk koi. Shynymen solai: kundelikti as mazirinen tabilui kerek belok, komirtegi, sut jane et oninderi, olardyn durys proporciadagy kaloriilerin eskeretinderimiz az shygar. Kop rette alajak zatymnyn kuramyna karai bermeidi ekenmin, ondirushisi kim jane jaramdylyk merzimin tekserumen tiyamyn ozimdi. kuramyn karagan kunnin ozinde Sharmanov emespin, kai onimde nenin kai molsherde bolui keregin bilmeimin, mysaly. Bagasynyn kymbatyna karap jaksysyn aldym dep tokmeilsuim mumkin, birak bizde Certificate of origin, ar onimnin shygu tegin rastaityn resmi kujat mindettelmegen. Tiisinshe, baga arkez sapa korsetkishi emes.
Jylyjailarda osiriletin baksha onimderinin tabigilygy, kuramynyn tazalygy turaly biletinder bolsa bolisse eken. Udere sogan koship jatyrmyz, Ukimet agrokeshendegi osy iske koptep subsidia bolip jatyr. Aiteuir, syrty butin, ishi tutin bolmasa eken deisin.
RauanIbragim
Бұл сайтқа бірінші рет кіруім. Мектепте ГМТ (гендік модификацияланған тағамдар) туралы өтіп жатқан едік. Мені ГМТ-ның пайдасы мен зияны аса қызықтырды. Гендік тұрғыда өзгеріске ұшыраған өнімдер туралы айтқанда, әлем ғалымдарының да, қоғамның да пікірі екіге жарылады. Біреулер бұл адамзат үшін өте қажет десе, келесілері олардың адам денсаулығына зияндығын алға тартады. ГМА өнімдерін жақтаушылар бұндай өнімдерді шығару адамзатты аштықтан құтқаратын бірден-бір жол деп тұжырымдайды. Ал қарсыластары оның адам денсаулығына әсері толықтай зерттелмегенін алға тартады. Мен оның нақты қандай зияны бар екенін білгім келді. Бұл жайлы қазақ тіліндегі сайттан нақты ақпарат тапқаныма қуаныштымын. Әдетте, мұндай ақпараттар қазақша сайттарда кездесе бермейтін…