Өсек деген жақсы ма?

Меніңше жақсы. Иә, осы өсек деген пәлені жақсы ма деп қалам, кей кезде. Бұған өзгелердің өре түре келетінін де жақсы білем. Алайда асықпай тұра тұрыңыздар. Сөзім аузымда. Мен өсек айтқым келіп, ішім тесіліп бара жатқан жоқ. Тек осы бір бәленің жақсы жағының да болатынын айтып отырмын.
Әлқиссаны бұрынғыдан бастаймыз ғой. Өсектің нағыз қайнаған кезі ілгеріректе емес пе? «Ойбай, жұрт не дейді, ел не дейді» деумен өзінің мінін тыққыштап ұядан көрмеген тәрбиені, өзгеден ұялғаннан көріп, сабаға түсетін сәт, әй, сол бір кез-ау, шамасы. Өмірі жігітке жақындамайтындай, кердеңдеген арудың тәккәппарлығын сол өсек-ау көсей түсетін. Баласының жұртқа жеккөрінішті болып, пәленшенің баласы дегізбеу үшін, баланы әке атына гуілдеген қаңқу естіртпеу үшін жанын салғызатын да сол өсек емес пе?! Тахауи Ахтановтың «Шырағың сөнбесініндегі» Назираның екі кездескеннен қаңқуға ілініп, аяқ астынан ерні дүрдиген, бейтаныс қара торының жанынан шығарған да сол өсек шіркін. Дегенмен бақытын таппады деуге келмес, соғыс болмаса, басқаша болмас па еді, бәлкім. Амал қанша, тағдыр жазуы.
Сонан-соң өзіміздің дәуірге келейік. Терезеден қараңызшы. Әне, талдың түбінде бақытын тапқандай екі жас махаббатқа мас болып отыр. Енді ажырамастай құшағын айқастырған олар айналаға тіпті де мән беретін емес. Жанынан өтіп бара жатқандар да оларда еш шаруасы жоқ, әркім өз жұмысымен… Тек ауыл жақтан келген бе, бір-екі қалқан құлақтылар оларды жаңа көргендей үрпиісе қарайды. Көзі соларда, ай, құлайды-ау… Олардан басқалардың бәрінің көздері үйреніп кеткен ғой, шамасы. Тіпті, ап-ауыр сөмкесін көтерген әже де…
Айтпақшы әже демекші, бұрындары немересі жасты балалардың оспадар қылығын көрсе, «Өй, ұят қайда?» деп жасқайтын әжелер келмеске кеткен бе деп қаласың. Өз ұрпағының тәрбиесін өкіметке тапсырып, бейқам жүретін әжетайларға да «ұят-ай» деп, пыш-пыштайтындардың жоқтығы ғой. Ұлттың ұлы Бауыржанның «Бесік жырын айтпайтын әжелердің жоқтынан...» деп кетуі де осыдан ба екен? Ешкімнің өзгеде жұмысы жоқ, тек қана өзін ғана ойлайтыны фольклордағы өсек атты жанрдың сапасы төмендегенінен ғой деп те ойға қаласың.
Ажырасу деген пәленің қазақты айналшықтағанына да біраз болды. Қазақта ажырасқанның қандай қаңқуға ілігетінін сіз бен біз білеміз емес пе? Ал ондай дертке қарсы тұрар иммунитет қазақта бұрыннан бар-ау.
Ия, қай-қайдағыны айтып демесеңіз, ойланатын жайт секілді. Басқа ұсыныс бар ма? Менікі тек, қазаннан қақпақ кетсе, иттен ұят кететінін еске салу ғой. Сіз қалай ойлайсыз?
Бөлісу:

33 пікір

asaubota
егер өсекті эксклюзив, оператив, қызық жаңалық ретінде қарастырар болсақ, жақсы дер едім.
Serzha
өсектен басқа адамдар туралы көп ақпарат алуға болады
ademi_alem
өсектен басқа адамдар туралы көп ақпарат алуға болады
Өкініштісі, ол ақпарат қашан да шындық бола бермейді.
Marationok
шындық бола береді, әншейінен әншейін сөздерді таратады деп ойлайсың ба? Адам баласы негізі "қызыққа" әуес, сол қызық сол өсек.
ademi_alem
«Жел тұрмаса шөптің басы қимылдамайды» дейсіз ғой, иә? ) Дегенмен, айтылған өсектің бәрі шындық емес. Өсекің аты өсек, ол көбіне жалған ақпаратқа құрылады. )))Мойындаңызшы.
kokbori
Өсек асыра айтылады, бірақ өтірік айтылмайды
Marationok
жастардың ауызынан шыққан өсек, көбіне шындыққа келеді
Marationok
мойындамаймын, мойындайтындай күнә тақпаң.
Marationok
бәрі деп айтқан жоқ едім, сен айпақшы дегенмен белгілі бір мөлшерде шындық бар, ол расында, тек кемпірлерге онша сенуге болмайды, қиялшақ болады апа әжелер.
Aizhantabyn
ұят пен өсек екі түрлі нәрсе (менше)
Өсек емес әкесінің қызына тәрбие беріп, әдептілікке үйретуіне себепші. Өсек емес әжесінің немересін жігерлендіртетін сөздер айтқызатын.
KILYZAMAN
Әкем марқұм шешемнің кейбір жаңалықтарының тұсындағы айтатынына — "Өртемей, өртенбей отыршы найсап" — деуші еді
Adiletshu
Қилеке, сөз саптауыңыз шешеңізге тартқан сияқты
Пікір өшірілді
ademi_alem
Қазақта ажырасқанның қандай қаңқуға ілігетінін сіз бен біз білеміз емес пе?
Осы қаңқу сөзге қалмас үшін бақытсыз болса да бақыттының бетпердесін киіп алып өмір сүріп жүрген отбасылар қаншама…
Marationok
бақытты болу үшін не істеулері қажет?
ademi_alem
бір-бірінің мінезін жақсылап зерттеп, түсініп барып отбасы құру керек деп ойлаймын. Махаббат басқа нәрсе, отбасы құру басқа.
Marationok
Түсінігің дұрыс екен бірақ, ол отбасы шашылмасқа кепіл бар ма?
ademi_alem
кепіл бар, егер ол отбасы көзқарастары ортақ, мақсаттары ортақ, бір бірін түсінуге тырысатын жандардан құралған, сыйластыққа негізделген отбасы болса. Кепілдік жоқ, егер тек бір бірін жақсы көргендіктен ғана отбысын құрып, бірақ көзқарастары екі түрлі, әркім өз айтқаныымен жүргісі келетін жандардан құралған отбасы болса. Сезім шынайы болса да уақытша, отбасын құрғаннан кейін үш-төрт жылдан кейін «мынаның қай жерін, не үшін жақсы көрдім?!» деген сұрақ туындайтындай дәрежеге түсіп кетпесе жақсы. Өмірлік жар таңдағанда сезім өшсе де, сыйластықты өшірмейтіндей, құрметтей білетін қасиеттері бар адамды таңдаған дұрыс болар.
kokbori
сезім шынайы болса демек, көзқарастары да бір деген сөз емес пе? Мысалы, сен көркіне қызыққан жігітке сразу күйеуге шығып кетпейсің ғой. Әуелі кездесіп оның қандай екенін білген соң күйеуге шығасың. Демек көзқарасың сәйкес келген соң. Ажырасудың негізгі себебі тұрмыстан болуы кәдік. Сананы тұрмыс билейді дегенді сезімді деп те айтқан жөнге келетін секілді
ademi_alem
сезім шынайы болса демек, көзқарастары да бір деген сөз емес пе?
Жоқ, бір деген сөз емес.
ademi_alem
Бұл сұрақтың жауабын күндердің бір күнінде өзіңіз түсінесіз. Не жазсам да, қалай дәлелдесем де, қазір бәрібір өз айтқаныңыздан қайтпайсыз ғой. (Дәл осы жерге бір сөз жазайын жазайын деп өзімді тоқтаттым, Көкбөрі!)))) )
kokbori
Неге? Аталы сөзге арсыз да тоқтайды емес пе?
ademi_alem
Біреудің түсіндіруімен түсінген бір басқа, өз басыңыздан өткеріп түсінген бір басқа.
Marationok
біреудің түсінуімен жүрміз ғой, бүткіл өмір де сондай.
Marationok
Шынайы сезім, және қандай сезім бар? Топтарға бөліп қойғансың ба? Әдемі? Айта отыр, ондай болса.
Не көзқарас дейсің, қандай мақсат? Балалы болып, жақын туыс, таныстармен қатынас қой, одан әрі кетпес.
«типі, үйленгенсің ба? Ие, қанша бала шағаң бар? Екі, -мен төртеуін пытырлатып тастағанмын, үлкені мектеп табалдырығың аттамақ, -иии құтты болсын, жуайық! -Қазір, інішегім мәшәни жөндеп жатыр, барамыз» -«ой, анау кімді білесің бе? Жазираны? Ол балалы болды ғой! Көптен күткен, құтты болсын айтайық, сүйінші сұрап» — расымен, тұрмыс сананы билейді.
ademi_alem
Марат аға, сын сұрақтарыңызды маған қоймасаңыз болады. ))
Marationok
не сын сұрақтар дейсің, қызық үшін емес, өмір бойы сұрақтарыма жауап іздеудемін…
kokbori
«Басқа тисе өлдік, артқа тисе көндік» деп, жантая кетуі керек шығар
zhanibek_nurish
Жаман деп ойламаймын. Сабынды операларды көргеннен артық,