"Керекинфо" сорпасы. Арнайы бойдақтарға және уақытша әйелсіздерге.



Ең тез және оңай жасалатын тамақтар сериясынан «Керекинфо» деп аталатын сорпа. Бұл аз бюджетті тағам бойдақтар немесе уақытша әйелсіз қалған еркектерге арналады.

Қолданылып қоқысқа тасталатын нәрселер:



1 Maggi дайын сорпасы, 2-3 картоп, 1 помидор, 1 жұмыртқа.

Дайындалуы:

Алдымен бір литрден көптеу суды қайнатып аламыз. Сосын Магги пакетін соның ішіне босатып, асықпай араластырамыз. Аршылған картопты ұсақ кубик қылып турап, сорпаның ішіне салып жібереміз. Помидордың суын қысып, ауызбен сорып аламыз да етін турап, сорпаға салып жібереміз. Қақпағын жауып, отын орташа қылып қойып қоямыз. Уақыт жоғалтпай жұмыртқаны бір ыдысқа салып, асықпай араластырамыз. Босқа ыдыс құртпас үшін тамақ ішетін тарелкаңызға сала салыңыз да қасықпен араластыра беріңіз, кейін жуылатын ыдыс санын көбейтпей. Картобы пісті ау деген кезде жұмыртқаны сорпаға қосып, араластырып жібереміз. Шамалы уақыт араласып, пісуін күтеміз. Болды, тамақ дайын.

Жуа (пияз), сарымсақ қосып жеген дұрыс. Шәй қоюға ерінсеңіз сокпен итеріп жіберуге әбден болады.



Енді неге «Керекинфо» деп аталатынына келейік. Бұл тамақ та біздің сайт сияқты. Мысалы ана Маггиді суға қайнатып іше салуға болады. Бірақ, Керекинфодағыдай жәй ғана бір ақпаратты әдемілеп жеткізгендей тамақты да солай әдемілеп жасауға болады. Мына тамақты біздің посттарға ұқсаттым. Аздап пафос, аздап қарапайымдылық, аздап цинизм, аздап эстетика. Қосымша фишкалар арқылы қарапайым постты қалай шедевр жасауға болса, тамақты да солай жасауға болады. Тойымды болады.

Посттарыңыз дәмді болсын керекшілер!
Бөлісу:

98 пікір

a63a1
мен кеше қой етін алып, мариновайттап қойып бүгін духовкаға жаритеттім лібәәә мықты болып шықты
dark_nazgul
Босқа ыдыс құртпас үшін тамақ ішетін тарелкаңызға сала салыңыз
дегенің қауымдастыққа салып әуре болмай ақ, өз блогыңда жаза бер дегенің бе сонда?
asaubota
жо жо жоқ, ол жағынан ешқандай мағына іздемеңіздер
Nurgisa
 аспаздық тақырыбындағы бірінші постың емес. Жаман емес.
Фанталатқасың ба, өріктікі ме?
dark_nazgul
фанталатқым келіп кетті ғой…
AKA
Сорпаға шикі жұмыртқаны салғанда қалай болады деп ойлап қоям… Қоспаса да болады-ау?
asaubota
негізі студент кезде осылай жасайтынбыз, осындай бір пакет супты суға саламыз да қатты сұйық болып кетпесін деп ішіне жұмыртқа салған кезде күшті қою болатын. ана Маггидің сыртында да жазылып тұр «Добавь яйцо» деп. шынымен күшті болады.
araika

Спагетти бар ма ішінде?
asaubota
андай дайын суп ішіп көрмедіңдер ме дым? әрине ішінде ұсақ лапшасы болады, спагетти емес.
dark_nazgul
уақытша әйелсіз болып көрмегем десем
asaubota
әлі күйеуге шықпаған қызға бағытталған еді сұрағым
dark_nazgul
Маггидің «на второесы» мен кубик сорпаларын ғана пайдаланымын. мынадай пакеттерін даже қарастырып көрмеппін.
araika
Сол ішпегендіктен ғой
Мен аспаз жігіттерден дәмелімін, күйеуім сондай жан болатын сияқты
asaubota
сондайын іздесең батыстықтарды жолатпа. батыстың жігіттері тамақ істеуді ұната бермейді.
araika
Ескердім, батыс тізімнен сызылып тасталынды
dark_nazgul
Оңтүстікті автоматически сызып таста
araika
Мәссаған, сонда кім қалады? Аспаз жігіттер қай қалада көбірек?
Айтпақшы, өзім жүрген солтүстік бар екен ғой. Олар жайлы инфо болса, бөлісіңіздер...
asaubota
сол солтүстігің дұрыс шығар. көп үндемейді де олар, анда санда әрәқтарын ішетіндері болмаса.
Gulzhanat
Саспаңыз, Арайчик) Қай жақтың жігіті болмасын, ер адамдар ең дәмді рецептерді біледі. Тек ебін тауып, майысы-ып тұрып, ақырын жұмсап жібергенді үйреніп алсаңыз болды....: Р
Zhuldyz
Дұрыс айтасыз, Гүлжанат! Дегенмен, ер-азаматты ас үйге жақындата бермеген дұрыс сияқты. Тек 8-наурыз т.б мерекелерде ғана болмаса…
araika
Рахмет, қыздар, өзіме түртіп алдым
Aya
Тізімнен сызылып қалды деп бірден беріле кетпесеңізші. Ылғи да естимін, батыстың жігіттері әйелдеріне билетпейді дегенді. Керісінше сол батыстың жігіттеріне тамақ істетіп қою керек, төбесіне шай қайнатып)))
meirzhan
Жалпы үстемдік етуді бұрыннан жақсы көресіз бе. Жартқыш аңдарға дрессировщик болам деп армандадыңыз ба?
Aya
))кіші жүздің жігіттерін жыртқыш аңдарға теңеп отырсаңыз, дрессировщик болу менің арманым…
qusbegi
маааамааааа… не істеп қойдық сізге???
Aya
Бірдеңе істеп қойса ғана қарымта қайтару міндет емес қой. Тек айтайын дегенім, құлынында құрық тимегендей болып жүрген Батыстың асауларына жүген кигізіп, бір уақ әйелдер қауымына тізгінін ұстатып көрсек деген ізгі арманым ғой))
qusbegi
Не ғой, Қоңыраттың қызы емессіз бе?))
Aya
Неліктен мұндай ойдың жетегінде отырсыз? Қоңыраттың қызы емеспіз)
qusbegi
Құдайға шүкір Бәсе, біздің рудың қыздары басқаша болатын еді
AKA
Мен аспаз жігіттерден дәмелімін
 Ас әзірлеуді жігітіңнің мойнына толығымен асып қоймақпысың, әлде кейде ғана жәрдем етсе бола ма?
araika
Үнемі бірге жүріп дайындасақ деймін Үйреніп кеткен соң, өз мойныма аламын ғой енді онсызда жүгі ауыр боп жүргенде…
Zhuldyz
Ер адам өзі ниет білдіріп жатса ғана қолдар едім.
rauka
Негізі күйеуге шыққаннан кейін, тез-тез дайындап беретін тамақ сияқты ғой, күйеудің асқазанын алдап.
salta
қыздар-ау, таңертеңгі асыңызды ішпей жұмысқа кете салатынды, демалыстарда құрбыларының үйін жағалайтынды ұмытып, өліп-өшіп, күйіп-сүйіп қосылған жарыңызға таң атпай тұрып шәйін беріп, бірінші, екінші және тісбасар дайындап күтіп отыратын боласыңдар. өз басымнан өткен… бірақ, тамақ жасауды 2 класымнан білемін, күйеуге шыққанда неше түрлісін пісіруден өз-өзіңмен жарысасың…
Aldeken
Негізі, үйленгеннен кейін салмақ қосқанмын… біраз…
asaubota
үйленгенен кейін арықтап кететіндер де бола ма не?
Aldeken
Ол енді… тамақты кім істейтініне және қалай істейтініне байланысты ғо…
Мысалы, 1 ай бойы таңертең кешеден қалған жылытпа пельмень, түсте қуырылған пельмень, кешке суға қайнатып, үстіне бір қасық майонез салған пельмень жейтін болсаң, екінші айда пелмень көрсең сүт көрген алқаш сияқты жүрегің айнып, арықтап кетуің мүмкін… негізі…
asaubota
ондай әйелге үйлену үшін еркектің өзі ненормальный болуы керек.
Aldeken
қыз кезінде бәрі жақсы, жаман қатын қайдан шығады… ох, лібәәә ана постты жазуды ұмытып кетіппін ғо…

Пы.сы. Ойлап қалмаңдар еу, менің келіншегім тамақты күчТ пісіреді (арнай Алтыградус үшін: пысырады )
asaubota
просто дим да қатын қылып алар кезде тек әдемі көзі үшін емес қатындық потенциалын да біліп барып алу керек қой деген ой ғой менікі. дені дұрыс адам сөйтер еді. қыз кезінде бәрі жақсы деп лохтар айтады
Aldeken
мынаны да ескеру керек…

лохтарға адвокат болывотырм, адвокатқа лох болывотыр деп ойламаңдар, еу…
Gastarbaiter
Сен екеуміздің жолымыз болған. Әйтпесе қанша жерен тексеріп ал мейлің, жаман әйел жасырам десе, жамандығын сен сияқты шахматисттен де жасырады) Оған күмәнің болмасын
Abilakim
Егер, үйде еркек басшы болса еркек толады, әйел басшы болса әйел толады.
Gulistan
Екеуі де толысса ше?
asaubota
демек жұптардың секс өмірлерінде бір мәселелер бар деген сөз.
Gastarbaiter
Бірде бір шешен нахаляву тамақ ішіп кетейін деп бір байдың үйіне жолаушылап кепті.
Кедей шешенге семіз қой сойған бопты да, қабырға, жауырынды табаққа тартып, қалғанын мешкей әйелі жіпке қақтап жайып жатыр екен.
Ас ішіліп болып, шешен сырт киімін киіп жатқанда, үй иесі сұрапты:
-Ал, шешен, енді өз ауылыңа барғанда менің ауылымды қалай деп мақтайсың? -депті.
— Қойы семіз, еті арық — жер сорлысы сонда екен,
Қатыны семіз, ері арық — ел сорлысы сонда екен -деймін, не дейін басқа деп, кете барыпт.
Zhan
Бұл қайдан шыққан теория? Арықтау, семіру басшылыққа байланысты емес. Әйел адамның күйеуіне бағынғаны дұрыс. Өз басым бағынғанды, бағындыра алатын адуынды, мінезді жігітті жақсы көремін. Кейде ішімнен күйеуімнің ала көзімен қарап қалған кезде жым болып, ас үйге тайып тұрған кезімді армандаймын.
Zhan
Осы супты былтыр қасымдағы Жезқазғанның қызы алып келді үйге. Сол кезде бірінші рет көрдім. Тәтті болады екен. Мен де осы супты тамақ істеуге ерінген күні, үйде ешкім жоқ кезде істеп іше саламын.
araika
Аршат ағай «второй»-ды ұсыныпты ғой, «первый» менен болсын Күрішті жуып, табаға кішкене маймен араластырып, үстіне тұз салып су құйып қайнату керек. Суы сарқылған кезде, күрішті ыдысқа салып, жүгері(кукуруза) қосып, араластырамыз. Дайын! Өзіме ұнайды, пайдасы да баршылық.
asaubota
қиын, қиын. бізге оңайлары керек.
dark_nazgul
хм… Аршаттың ұсынғаны «первое», ал сенікі гарнир)))
araika
ой-ой шатастым Үндемесеңізші, біреулерге бұл керемет «ужин» ғой
dark_nazgul
Семейдің кафе, ресторандарында гарнирге күріш сұрасаң, етсіз палау береді
AKA
Мына сорпа саған жақсы болды-ау, дайындауға оңай ә?  Жеңіл ас мәзірлерін сенен сұрау керек екен
araika
Сұрағын, бірақ мәзірлердің де түбі көрінгелі жатыр десем
Сорпаның да дәмін тату керек екен
Kipshakkyzy
иә, сіздікі гарнир ғой!
asaubota
қазақта гарнир болмайды. күріш те, пюре де, макарон да тамақ.
araika
Біріңіздің аузыңызды жауып жатсам, екіншіңіз... Тақырыпқа лайықтап жазған түрім ғой, ескерсеңіздер екен
meirzhan
Гарнир ғой сенікі!
araika
Жылаймын қазір
Гарнир емес деп жатқаным жоқ қой, егер қасындағы «жолдасын» жазатын болсам, мұндағы жұрт «одан да рестораннан барып ішкеніміз дұрыс» демей ме?
rauka
карын ашып кетті гой...қой сорпа дайындайын
izbasar
Баяғыда сол Магги текше ішіне еді басында тауық суреті бар. Жатақханаға келгендерге құрметтеп бас асатынбыз тауықтың басы деп!
serjan
Помидордың суын қысып, ауызбен сорып аламыз да етін турап, сорпаға салып жібереміз
Қандай шынайы жазылған.
Zhan
Құйрығы жоқ, жалы жоқ, жыланның қайтіп күнін көріп жүргенін білмеймін, бірақ админ осылай күн көріп жүр екен. Жүрегім ауырып кетті ананы көріп. Әйелінің қадірі өтіп жатқан шығар не де болса
Aldeken
Помидордың суын қысып, ауызбен сорып аламыз да етін турап, сорпаға салып жібереміз.

mampasi
түріктерден лак жағуды ғана емес мынадай стаканмен шай, сусын ішуді де үйреніпсін ғой
mampasi
сосын Маггидің тауық жасайтыны бар, тауық аяқтарын аласың да соған араластырып өз пакеті бар, соған салып духовкаға саласың 40-60 минутта тамағын дайын
Aizhantabyn
қысқа толқынды пеште отыз бес минут)))
direct
Помидордың суын қысып, ауызбен сорып аламыз
Рецепттің осы жерін рәсә өлтіріп жазыпты
Базар да жоқ!!!
VKM
хехе… жей алмайды екенмін…
Gulistan
Кейде жұмыс қауырт болып, кеңсе маңындағы дүкендерден осындай бір нәрсе сатып алып, лезде дайындап, іше салғым келеді. Бірақ иісінен-ақ қайтып қалам. Күніне кем дегенде бір рет ет жейтін қазақпыз ғой
Zilola
негізі жұбайыңыз бір келгенде, көп қылып пельмень бүктіріп алыңыз, тоңазтқышқа салып кептіріп қатырып алсаңыз, көпке дейін пісіріп жей бересіз.
satibaldi
Көзімнен жасы шығып кетті
Zilola
біздің үйдегілер солай жасайды, әпкелерім де, мамам да. Оның жақсы жағы, кештетіп жұмыстан келгенде қазанға бір қайнатып алсаңыз нағыз сорпа, нағыз ет!
satibaldi
Иәә. Ертеректе уақыт көп кезде мен де сөйтетінмін((( Тәтті ғой шіркееен, дүкендегі пластмасса-халал тұшпараларға қарағанда.
dark_nazgul
мен солай істеймін. демалыста пельмен, манты түйіп, кеспе кесіп бәрін қатырып қоям. жұмыс болған күндері немесе балаларым жегісі келгенде пісіріп бере салам. тағы да голубцы жасап қатырып қоюға болады. лағманның да кеспесін созып, сәйін шала пісіріп қатырып тастаса болады.
Gulistan
Назгүл, лағманның қамырын қалай созасың? Соны айтып кетші.
dark_nazgul
кәдімгідей. ширақ қылып, тұзын молдпу салып, бір жұмыртқамен илеймін. жақсылап тындырамын. қамыр майда, ширақ болуы керек. содан кейін тіліп, әр тілімді білтелеп, сұйық майға шылап, тағы да тындырамын. содан кейін әр тілімді сұқ саусақтай жуандыққа дейін созып, май жағып, орап, бетін жауап тағы тындырамын. әбден тынды дегенде, ширатып созамын. кейбіреулер дастарханға алақанымен үйкеп созады, маған ол ұнамайды. мен саусақпен созамын. ең соңғы созғанда майдың керегі жоқ, әйтпесе сырғанап, созылмай қояды.
пісіріп алғаннан кейін суық суға шаямын. майға шыламаймын.
мамам осылай істейді. мен көргенімді істеймін.
dark_nazgul
жақсы иленіп, жақсы тынған қамыр пісіргенде езілмейді, ісіп кетпейді, тіпті сәйіне араластырып жіберіп, қайта жылытсаң да сол күйі ширақ болып тұра береді.
Gastarbaiter
тоқ болсаң, елде жокты жейсын
жок болсан жердегы бокты да жейсын.
asaubota
ал ақшаң бар, бірақ еріншек болсаң ше?

мысалы неше түрлі ингредиент ала алатын жағдайың бар, уақытың да бар. бірақ, тезірек интернетке жеткің келіп бара жатыр немесе тездетіп жұмыста түсіріп алған киноңды көргің келіп өліп бара жатсаң?
Aizhantabyn
онда ресторанға (кафеге) тапсырма бересің немесе үйге келе жатып тамақтанасың
Zhan
немесе үйге келе жатып тамақтанасың
Бойдақпын. Осы вариант менде көбіне.
Gastarbaiter
Онда әлгі суреттегі сорпаңды ішесің)
Gastarbaiter
Негізі қарның ашқанша жүре бермеген дұрыс, Арчи.
Адам қарны ашқанда, не болса соны жеуге құмар. Магазинге кірсең де не болса соны толтырып ала бересің.
Үнемі аздап тоқтау болып жүрсең, тамақты талғап, пайдалысын жеуге тырысасың.
Ал қарын аш кезде, ұны көп па, майы көп па қарамайсың.
соны меңзегенмін.
Zhan
Шынымен, қарным ашқанша жүре беремін де, магазинге кірген кезде не болсын соны ала беремін. Үйге келген соң соның көбісін жегім келмей қалады да, бекермен итрәсуа боп қалады.
Gastarbaiter
Сосын аш адам тойғанын білмей аузына керегінен көп тамақ тыққылап жібереді. Үнемі ашыққанша салпаңдап, ашыққанда тамақ іздеу семіздікке, асқазанның қорыту жылдамдығын баяулатуға тура жол.
Zhan
Адам қарны ашқанда, не болса соны жеуге құмар. Магазинге кірсең де не болса соны толтырып ала бересің.
Ал қарын аш кезде, ұны көп па, майы көп па қарамайсың.
точно
ushkin
студенттерге арналған деуге де болады
asaubota
әрине болады. жоғарыда жазған едім, осындай дайын суптың ішіне жұмыртқа салып қоюлатып ішкенбіз талай рет деп.
ushkin
Осындай тез дайындалатын тағамдар сіңімді болады негізі.
Gulistan
Бірақ тез тарап кететіні жаман.