БІРЛІГІМІЗДІ БҰЗЫП ЖАТҚАН БАСШЫ
немесе
Ауылдың көсегесін көгерпеген Күрішбаев
оқу ордасының ойранын шығаруда
С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті ректор А.Күрішбаевқа қарсы!
Жақын күндері барлығымыз бірігіп қарсылық митингісіне шығуды жоспарлап отырмыз. Осының барлығы не үшін? Осы күнге дейін үлкен жетістіктерге қол жеткізіп, айрандай ұйып келген университетке А.Күрішбаев келгелі береке кетті. Жарты ғасырдан астам уақыт ішінде университет ұжымының өзіндік қалыптасқан сапалы білімі, үрдісі, ізгі дәстүр сабақтастығы бар еді. Сонымен қатар, студенттердің бос уақыт тиімді пайдалану қағидасы да алға қойылған. Ол спорттық шаралар болсын, немесе өнер саласы болсын бүгінгі күні өз жемісін беріп келді. Астана қаласында өтетін кез келген іс-шара университеттің белсенді қатысуынсыз өтпейді. Қаншама адамдардың жарты ғасырдан бергі маңдай терімен тұрғызылған университетті құлдыратуына жол бергіміз келмейді.
Біз басында-ақ А.Күрішбаев келер кезде осы бірлігімізбен қарсылық білдірдік. Митингке шықтық. Тиісті орындарға арыздандық. Бірақ нәтиже болмады. Ал енді міне нәтижесін көріп отырсыздар. Жаппай қуғындау. Қырғидай тию. Кішігірім репрессия ма дерсің. Жөн жосықсыз тексеру арқылы жұмыстарымызға кедергі қою. Орнымен тексеру болса, университетімізге пайдалы тексеру болса, студенттерімізге пайдалы бір шаралар жасап жатса құба құп еді. Алайда оның ниеті басқада екені ісінен көрініп тұр. А.Күрішбаев осының алдында басқарған Ауыл шаруашылығының жұмысын өрге сүйрей алмай, керісінше кері кетіргені үшін қызметінен алынды. Біраз уақыт жұмыссыз қалды. Ауыл шаруашылығын оңдырмай қызметінен алынған А.Күрішбаевты Қызылорда облысына әкім болып тағайындапты, бірақ Қызылорда халқы қабылдамай қойыпты деген әңгіме шыққан болатын. Бірақ тағайындау туралы ақпарат құралдарында жарияланғаны айғақ. Артынша университетке ректор болып келетін болған соң университет оқытушылары мен студенттері қарсылық білдірді. Арғы жағы не болғаны түсінікті емес пе оқырман қауымға. Қарсылық білдіргендерді қуғындау басталып кетті. Мұндай тарихы тереңде жатқан қасиетті оқу орынға интелигент басшы болуы керек заңдылықты бұзбаған жөн.
«Ешқашан білім беру саласында қызмет етіп көрмеген адам, бұл қалай болар екен» деген сұрақтар оқу орынның студенттері мен оқытушыларын мазалай бастады.
Кезінде ауылшаруашылығын құлдырқан басшы, енді университетті талан таражға салып жатқанына қам жейміз. Оның үстіне университеттің мәселесін қойып, қала тұрғындарының әл ауқатын көтеремін деп Астана қалалық мәслихат депутаттығына ұрандаған Күрішбаевтың бұл әрекеті еш түсініксіз. Бұл әлде кезекті қара бастың қамы ма?
Білім саласы әрдайым жаңаша ұмтылыстар мен жаңалықтарды керек ететін сала. Қазақстанның гүлденуіне ат салысатын жас ұрпаққа білім беретін оқу орнына ғылым мен білімнің сырын ұғынатын басшы керек. Жоғары оқу орындарында жұмыс тәжірибесі жоқ Күрішбаевтың іс әрекеті «жаны ашымастың басы ауырмас» дегенге келіп тұр.
Университет студенттері
Митингтің қолдаушылары кімдер?