АКУ-дің "КОДАГЫ"

Шертілмеген домбыра ек сол кезде
Қолтыққа жүн енді шыға бастаған
Соткамыз жоқ, хат жазамыз «тор көзге»
Құрбыларға он алтыдан аспаған

Өтіп жатты сондай күндер қалыпты
Білмейтін кез қадірін бұл Уақыттың
Қаладан АКҮ фотаапарат алыпты
Түсірем деп сәттерін әр бақыттың

Жүрген кездер вешір жасап әр едік
Ұстаздардан жасырынып әрине
Сол жылдардың суретінде бар едік
Отыз теңге төлеп соның бәріне

Таусылмапты АКҮ-дің бұл әні
Жанарымнан жас парламай жыладым
Күйіп кеткен сурет үшін ұялмай
Отыз теңге, отыз теңге сұрады

Жиі келед мен тұратын көшеге
Іліп алып мойынына «КОДАГЫН»*
« Енді келме, бәрібір бермейм» десем де
Күйіп кеткен сол бір құнын фотаның

Ал АКҮ қыз қылықты ғой өзінше
Мақтамаймыз ондай қызды бекер біз
Айта алмаймыз бірақ оның көзінше
Фотаапарат қашан алар екенбіз?

*-«Кодак» фотаапарат маркасы

Неге АКҮ-дің фотаапараты екенін мына жерді бассаңыз білесіз
Бөлісу:

23 пікір

Gastarbaiter
Ой жарайсың! Міне, енді ғана өзім білетін баяғы мәмбет Әбіләкімді шырамыта бастадым.
Abilakim
Саған менің мәмбет қалпым ұнай ма? Әлде біреуге мәмбет деп айтқан кезің ұнай ма?))
Gastarbaiter
Мәмбеттің де интелигенттісі болады, сонша ренжігенің не...
Abilakim
сол статусты ала алмай жүргендер бар ғой.неге ренжиін
Gastarbaiter
Сатыбалды боғауыздарды жұмсартып әлек, ал сен нақақ сөзден боқауыз іздеп әлек))
Abilakim
Екі баланың әкесі болдық, аз-маз қою керек пе деп жүрмін ондайды
Gastarbaiter
*-«Кодак» фотаапарат маркасы

Бірінші сыныптың екінші тоқсанында, «Тағымқо» деш, «Минск» деш деп біз де ойнаушы едік…
Мына приколдарыңмен талай тойда гардоб жарған шығарсың
dark_nazgul
«АКҮ-дің ҚОДЫҒЫ» деп оқып, АКҮ-дің ауылшаруашылық хикаяларының бірі екен деп ойлап қалмаймын ба
Zhan
Шертілмеген домбырасың,
қолтыққа енді жүнің шыға бастаған.
Байқұс, соткаң жоқ,
Сонда да хат жазасың қыздарға,
Он алтыдан аспаған
Kipshakkyzy
Ее, қазір пленкамен түсіретін фотоаппаратта келмеске кеткен шығар. Кеше ғана сияқты көрінгенмен артқа көз тастап қарасақ, қаншалықты дамып кеткенімізді байқауға болады.
Erlan
айтпа дим казір уай фай мен передача жасауга болады тусирилген фотоларды компьютерге
asaubota
Кодагы дегенді Кодыгы деп оқиық па?
VKM
Айгера болсам, ренжитін едім. Ваще Абилаким көңілге қарамайды(
guvik
ренжитін несі бар, қотыр коммунист болғаны өтірік емес сияқты ғой
VKM
кім,қашан, коммунист,қотыр???
Abilakim
ВКМ ханым, көңіл-күйіңіз қалай))))?
Abilakim
Ренжитін түк жоқ.
Ал АКҮ қыз қылықты ғой өзінше
 Мақтамаймыз ондай қызды бекер біз
balzaminka
Универде мұғалімдердің атын бұрмалап алатыным бар-тын. Деканды — Монтекки, кураторым Бабахан ағайды — Бабах, сызудан беретін Жапахова апайды — Жапах деп кете береді. Тестілеу орталығының бастығы Қодаров деген ағай еді, емтихан тапсырмақ болып сол центрдің алдында тұрғанбыз, жоғарғы курстың баласы келіп Қодаров бар ма деп сұрағаны. Алдында ғана Жапах, Бабах деп тұрған адам автоматты түрде ана кісіні Қодақ қылып жібергем ғо, ана бала бетіме қарайды көздері бақырайып, сонша неге қарады деп мен де оған қарадым. Ол кеткесін қыздар айтты да не айтқанымды, содан бір айдай ана баладан қашып жүрдім ғо көзіне көрінбейін деп
Abilakim
Не деген жаман қызсыз
Zhan
Біздің группада қызылордалық тілі қыршаңқы бір қыз бар еді. Сол кафедрадағы сабақ беретін ағайлардың бәріне сыртынан ат қойып тастаған болатын. Енді айтсам слишком ұят мына жерде. Сосын небір жаргон, анайы сөздер алып келетін тілдік қоры бай шы. Сосын бір қызығы, сол не айтса да ешкім ренжімейтін соған, қазір де оған ешщкім ренжімейді. Мен дәл сөйтіп айтайыншы, өзгелер ыстықтап көтере алмай қалады, почему-то.
Алғаш осы сайтқа келген кезде Сатыбалдының кейбір сөздерінің таңсық болмағаны, бір кездері группаласымнан естіп қойғаным, студенттік шағым есіме түсіп, күліп алғаным бар.