Әншілер қалай күн көрмек...

Мына посттан соң

Биыл, «Қазмұнайгаз» Ұлттық компаниясы Жаңа жылдық корпоративтік кештер өткізбейтінін баршаңыз естіген боларсыз. Жаңаөзендегі оқиғаларға байланысты Қазмұнайдың барлық еншілес компаниялары да «гулянкадан» бас тартты. Бірақ, мәселе мұнда емес. Бүгін редакцияда, осыған қатысты әншілердің пікірін білейік деген ой туды. Содан телефон соқтық.


Илья Уразаков, продюсер
«Біз мерекелік корпоративтерді өткізбеу туралы шешімді қолдамаймыз. Біз бұған бірнеше ай бұрын дайындала бастаймыз, заказдар қабылдаймыз. Ал, енді бірер күн қалғанда, ештеңе болмайды деп хабарлағандары, біз үшін жай түскендей болды. Біз нансыз қалып отырмыз.»

Нұрлан Абдулин
«Ең бастысы халықтың жағдайы. Компания Жаңаөзендегі зардап шеккендер мен қаза тапқандардың отбасыларына көмектесуге міндетті. Мерекелік кештерді өткізбегендері дұрыс. Менің ойымша, әртістер де бұл бастаманы қолдауы керек.»

Ерболат Құдайбергенов
«Маған компанияларда не болып жатқаны қызық емес. Жұрттың бәрі тойлағысы келеді. Қазір, шынымды айтсам, мен адам көп шоғырланған жерлерде өнер көрсетуге қорқам. Тәртіпсіздіктер, жарылыстар қорқытпай қоймайды.»

Тлипонмен сөйлескен Әйгерім Оспанова атты әріптесім.
Бөлісу:

41 пікір

AKA
Бірінші пікірдің иесін әдейі көрсетпедіңіз бе, әлде жазылмай қалды ма?
a63a1
Ерболат Құдайбергенов
«Маған компанияларда не болып жатқаны қызық емес. Жұрттың бәрі тойлағысы келеді. Қазір, шынымды айтсам, мен адам көп шоғырланған жерлерде өнер көрсетуге қорқам. Тәртіпсіздіктер, жарылыстар қорқытпай қоймайды.»
Безді жігіттер жігіттер жігіттер, қайда бездің Ерболат-ау?!
Gastarbaiter
Қорқатынын мойындау да ерлік, Абзеке! Ол сайып келгенде әскери тапсырма арқалаған жансыз емес қой.
a63a1
Нұрлан Абдулин
«Ең бастысы халықтың жағдайы. Компания Жаңаөзендегі зардап шеккендер мен қаза тапқандардың отбасыларына көмектесуге міндетті. Мерекелік кештерді өткізбегендері дұрыс. Менің ойымша, әртістер де бұл бастаманы қолдауы керек.»
дегенмен көпті болмаса да біразды көрген ағатайғой, қолдаймын бұл кісіні
Marco
Нұр Отанның Парламенттік тізімінде жүр ғо быратаның, жауабы платформаға сай)))
a63a1
Қандай платформаға сай жазсада, ақылсыз ой емесқой әйтеуір. Елім деп енегі езіліп жүргендердің өзі бірдемеден дәмеліғой.
Aldeken
Мына посттан соң

лібәәә, менің постымнан да жаңалық тудырывалғансың ба? Әлде Әйгерімнің дрессировкасы ма?
asaubota
Ыстинк не деватыр екен, Ыстинк?
Marco
лібә, оған звондауды ұмытып кетіппіз, ұят болды-ау ]
User
Қазақстанға уашее кірмейтін шығар
Zilola
Бiр жыл ораза устаса да болады аншiлер, азу керек.
dark_nazgul
Астаналықтар! Корпоративтеріңе скрипкашы қыздар шақырғыларың келсе, күшті дуэт бар менде!
ErNur
 Сіздің скрипкашы дуэтіңізді айтқанда еріксіз Рэкетир фильмі еске түсіп кетті
ErNur
Астаналаық керекші жігіттер отыр саунада, скрипкашыларыңыз скрипкалатып тұрғанын елесттеттім
Кешіріңіз, айып етпеңізші!
omarbirat
Терлеп жүрген — продюсер ғана. Әншілер нансыз қалатын болдық деп ойбайлап жатқан жоқ, оларға бәрібір сияқты
patick
Әншілер нансыз қалатын болдық деп ойбайлап жатқан жоқ, оларға бәрібір сияқты

Екі күннің бірі той, олар неден қысылсын
Marco
Ооо, енді Әлихан Бәйменов, барша шенеуніктер корпоративтерден бас тартсын деп жатыр. Оның өзі басқарып отырған ведомоствосы уже бас тартыпты.
Aldeken
Минтранском, Минидустрии, Минтруд та сол тізімде…
Лібәәә, біздікілер де бас тартса екен, сценарий жаза алмай отырм…
Marco
Министріңе ашық хат жазсай)))
Әділет деген атымыз бар, деп баста)))
Zhan
Әділет деген атымыз бар, деп баста)))
Әділет деп жазам деп Әбілет боп кетіп жүрмесін.
Aldeken
памятіңдіссс…
мен қазір әділетте емеспін дедім ғо нақ…
Байланысқыңыз келсе ақпаратыңды шығарам десем бола ма?
Marco
ой лібә, мен бүгін бірдеңе бүлдірем шығар. Келіншегіме, не ғо, уа-ча ВКМ деп жүрмесем болар, әйтеуір)))
VKM
Тууй, Марко, не керек кісні ялтып.
мен ешкімге тиіспим,өзіммен өзім отыыырм… уа-ча деп)
Marco
Ойй, кечір!!! Ялп қалдың ба?!))) Келіншегім ВКМ-ды қонаққа шақырып алайық деп құлшынып отыр. )))
Adiletshu
Мүмкін тоқал алып беруден кет әрі емес шығар
KILYZAMAN
Біз нансыз қалып отырмыз...
НАН бар!!! "Ән айтсаңдар жаныңды жеп айтасың" — деген бар… НАН жегендері дұрыс жандарын жегеннен гөрі…
a63a1
НАН бар!!!
Нан бар жерде ән бар, бізде НАН бар!!!
KILYZAMAN
Кейде ереуілде болып тұрады ше  Бәрі НАНсыз шешілмейд… Араматамақ ішектің соншалықты ашқаратқығына не себеп?
KILYZAMAN
түзету:
Араматамақ
— Арамтамақ
Marco
түзету:
ашқаратқығына
+ ашқарақтығына? )))
a63a1
Асқазанда қорытылмай, тоқ ішекте тұрақтамай іш өтіп кетіп жүр, бас жақтағы ауызға ие болғандар мойонезді НАН-сыз жеп құйрыққа жүк түсіруде!
KILYZAMAN
a63a1
Ой ағасы бұл күлкінің астарында бір ноқайлық жатырма? Бұғынып айттым, біреулерге тиіп кетпесін деп ығынып (ықтап) айттым
KILYZAMAN
Бұғынып
— бұғынған сейсебіңнен ШЫНДЫҚ шыңғырып тұр…
KILYZAMAN
«Қазмұнайгаз» Ұлттық компаниясы Жаңа жылдық корпоративтік кештер өткізбейтінін
— халықты ереуілшілікке жеткізбей халін емеурінін түсунуді жайлы жатпай-тұрмай(сатпай-құрртпай) ойланғандары дұрыс...
Nurgisa
Илья Уразаков, продюсер
Біз бұған бірнеше ай бұрын дайдалабастаймыз

Ильялар бірнеше ай бұрын сұмдық бір нәрсені бастай ма деп қалдым. Әлде айдала бастаймыздегісі келді ме екен…