Қазақты сынаймыз деп жүріп...
Бұрын қазақ намысын қамшылау үшін «қазақ емеспісің, шыда» дейтін еді. Қазір жаманатты бола қалсақ, «е, қазақпыз ғой» деп, тоқмейілсіп тұра беретін болдық. Бұндай жағдайға қалай жеттік?
Кезінде дүркіреген көшпенділер болып, төрткүл дүниені тітіреткен ерлердің ұрпағымыз деп күпінгенде жер-жаһанға симай кетеміз. Қазір «мамбет» деген терминмен егіз болып отырысымыз мынау. Көшедегі көкезулерден естігенде кек тұтып жүруші едік, қазір зиялыларымыздың «қазақтың жауы – қазақ» дегеніне де селт етпейтін болдық емес пе?! Тәуелсіздік үшін күресіп, қазақ үшін деп жан пида қылғандардың аруағының алдындағы құрметіміз бе бұл?
Қазақтың жауы – қазақ па?
Осы бір сөздің қаншалықты ауыр екенін сезінесіз бе? Ал осыны айтуға негіз бар ма? Меніңше жоқ. Қалай?
Қазақ еш уақытта жақынына жаулық ойламайды. «Қасқырда қас қылмайды жолдасына» деп бекер айтты дейсің бе? Рас, «ағайын бар болсаң көре алмайды, жоқ болсаң болсаң бере алмайды» деп айтқан қазақ. Алайда өзінің жылқыға теңейтін қазақ «жақыннан тістескенмен, алыстан кісінесетінін» де ұмытпаған жөн секілді. Қарсы болар жан да табылар, сірә, Абайды соққыға жыққан қазақ деп (бұл – «қазақтың жауы – қазақ» деп ұрандатып жүргендердің бірден бір дәлелі). Иә, Абайды соққыға жыққан қазақ, бірақ оны төбеге көтеріп ұлықтаған да қазақ емес пе?
«Әріден ойланайық әрбір жайды» демекші, жала жауып бермес бұрын саралаудың болғаны да жөн шығар. Қазақтың жауы өзі болатындай, ол екіге бөлініп қырқысыпты дегенді тарихтан естігеніңіз бар ма? Болса, тек екі рудың ғана төбелесі болар. Ол да Құнанбай мен Бөжей секілді атқамінердің таласынан туған болмаса. Ал, соны көріп жау деуге болса, әлі күнге екіге бөлініп қырқысқан кәрістерді неге айтпаймыз? Немістер баррикаданың екі жағында тұрғанда, немістің жауы неміс дегенді тарихтан оқып көрдіңіз бе?
Жоқ, қазақтарды жау деп айту күнә, жо-жоқ күнә ғана емес, шегі шұбатылып жүріп, жауын ұрып өлтірген Төлегендей, өмірі тәні қанға, жаны жасқа толы келе жатқан қаймана қазаққа обал болады. Тарихына көз салсаң, қаннан ада парақ көру мүмкін емес халықты жерлеп, тілдегенше, еңсесін тіктеп, төбеңе көтергеннің артықтығы жоқ емес пе?! Мақтайын десең, мақтаныш қылар дүниесі көп. Оны бір мақалаға сыйғызу мүмкін емес. Бөлек тақырып.
Тәуелсіздік алып, жанарын жаңа тіктеп келе жатқан халықты төмен тұқыртпай, мақтаумен жанын семіртіп алған дұрыс секілді. Ғұмырлы мемлекет боламыз десек, халықтың рухы мықты болуы керек. Ал, рухтың мықты болуы ұрпағының ұлағатты тәлім алуы. Қазақ жаман деген сөзді естіп өскен баланың «Мен қазақпын» деп ұрандауы екіталай. Олай болса, қазақты мақтаудан шаршамайықшы!

қосыламын осы пікірге!!!
Миллиондап жазылса да, артық жүк болмайтыны анық. Әркімнің жеке ойы бар, сондықтан керегін түртіп, керек емесін лақтырып тастауға болатын шығар?
Жалпы азаматтық деградация бүкіл әлемде бар.
Адам адамды жеккөретін боп кеткен сияқты.
Бұны-бұны-бұны...қазақ айтты! Точно! Қазақ айтты!
Жоқ деш?
Мынаны маймыл сөйлеп кетіп, мойындаса, базар жоқ сенер едім.