Жауабы жоқ мимырттар

суреттің жылы орыны
Белгісіз себептермен ішің кебеді, шара қолданбасаң қыйын.
Белгісіз себептермен ішің өтеді, шара қолданбасаң қыйын.
Белгісіз себептермен ішің қатады, шара қолданбаса қыйын.
.
.
.
.
.
Осылай жалғаса беретін мимырт. Себебін кім айтады?
Бөлісу:

73 пікір

AKA
қыйын
 қиын ғой, аға, қиын!
meirzhan
Қилызаман қи сөзін меншіктеп алғаннан сау ма? )
AKA
Онысын білмедім, бар-жоғы дұрыс нұсқасын жаздым, соған жазықтымын… Аман болсын, ағамыз!
KILYZAMAN
Соны айтсайшы, қанша жаман болсамда түзелетінім анық. Түзейтін сендер барсыңдар РАХМЕТ
meirzhan
жазықсық да қойыла береді
dark_nazgul
жалғаса беретіндерді білмеймін, ал аталған үшеуінің белгілі белгілі себептері бар. "ішің ауырса, аузың ти" деген. Бәрі ауыздан. Қарын мен ауызды көз бен мұрынан төмен орналастырған ғой, әдейі. Не ішіп, не жеп отырғанын көрсін деп.
KILYZAMAN
Сол үшеуіне душар болған пенденікі ерекше… Айтып отырған шешіміңнің тым қарапайым екенін байқаймысың?..
dark_nazgul
өмірді қиындатып, сау басқа сақина тілеп ала бергеннен келер пайда бар ма?
KILYZAMAN
Сақинаны қалай жазуға болады?
dark_nazgul
білмейм. басымның сақинасы жоқ)))
AKY
ти
тый ғой, әпке, тый!
dark_nazgul
«тиым» ғой)))
AKY
«тыйым»)))
dark_nazgul
AKY
dark_nazgul
мЫймырт
AKY

Мыйым ашып кетті ще.
AKA
"Ішің ауырса, аузыңды тый" деген дұрысы, бұл жерде «тый» етістігі «тоқтат, доғар» дегенді білдіріп тұр. Оған дәлел, «тиым сөздер» емес, «тыйым сөздер» деп жазуымыз.
salta
сіздерге не болған, диктант тексеріп отырғандай?
AKY
«Сібір денсаулығы» маркасының «Тазалық көзі» ББҚ-сын рекомендеймін!
boztorgai
kz полицайының таяғына тап болған ереуілші емеспісің
KILYZAMAN
Сөзіңнің төркіні ереуілшілерді мысқылдау болса — сөзім жоқ
KILYZAMAN
Грамматикадан сынаққа алынатынм о бастан белгілі… Әлек болмаңдар
araika
Бастысы «бірінші байлық»-тың болғаны, қалғаны соның арқасында
Marco
Жазмыштан озмыш жоқ.
KILYZAMAN
Сол жазмышты оқып көргендер барма екен?
Marco
Хммм, қызық сұрақ… Ондай мүмкіндік бұйыратын болса, біз пенде емес жаратушы болмас па едік? Қазақ айтпақшы "Қайда барсаң да Қорқыттың көрі". Таңдау жоқ. Өзімізше сүрлеуді өзіміз таңдағандай боламыз, бірақ, ол сүрлеудің қайда бастайтынын бәрібір білмейміз. Ендеше, біз таңдау жасадық па өзі?! Шара қолдану үшін алдымен себеп болуы керек. Ал себеп іштің қатуына, өтуіне, кебуіне әкеп соқтырған әрекет… Демек жазмыштан озмыш жоқ.
KILYZAMAN
Ендеше, біз таңдау жасадық па өзі?! Шара қолдану үшін алдымен себеп болуы керек.
Zhan
Таңдау жоқ. Өзімізше сүрлеуді өзіміз таңдағандай боламыз, бірақ, ол сүрлеудің қайда бастайтынын бәрібір білмейміз. Ендеше, біз таңдау жасадық па өзі?!
Шынында, сұрақ белгісі көп өмір өзінің сұрақтарымен алға жетелеп кете беретін сияқты. Тағдырыңа белгілі бір дәрежеде ықпал етесің, бірақ, Бас сценарист өз дегенін жасайды екен.
KILYZAMAN
Бас сценарист өз дегенін жасайды екен.
— ол кім(не) сонда?
Marco
Егер, осы тақырыптың аясында айтар болсақ, Бас сценарист сіз))))
Zhan
Бас сценарист деп Алланың өзін меңзегенім ғой.
Marco
Сондықтан көп ойланудың қажеті жоқ! Сіздермен болған Марко))))
dark_nazgul
Қадыр Мырза Әлінің «Жазмышын» айтып отырсаңыз — оқығам.
a63a1
  — Белгісіз себептермен ішің өтеді, жіберіп қоғаннан кейін не шара?!
KILYZAMAN
Шара — тазалану
a63a1
тәнді сумен кәтрәндәп алса да, елдің аузына қақпақ жоққой
KILYZAMAN
Екі елі ауызға төрт елі қақпақтың заманы ақырындап шегіне бастады емеспе?
a63a1
Отыз тістен шыққан сөз отыз рулы елге тарайды деген емеспе, қай заманда да бар тірлікқой
Marco
Сонымен, мына әңгіменің ақыры не болды?
KILYZAMAN
Қоғам болған түрімізге қарай еліктегіш м(ә)аданиеатымыздың қай жағынан келген дұрыс болмақ?
Gastarbaiter
м(ә)аданиеатымыздың
Айбай, көзііім!
KILYZAMAN
 былай тізілгенін қалап едім
м(ә)адани(е)атымыздың
Marco
Хммм… Біреулер бар оңын солынан ажырата алмайды. Біреулер бар ажырата алса да көре алмайды. Тағы біреулер бар оң мен солды әдейі шатастырады. Және біреулері үшін оң мен сол бірдей… Мұның бәрінің атынан жауап бере алмаймын. Бірақ, көппен бірге адасқанның көп үшін пайдасы аз болса, жалғыз-ақ кете берер ем.
KILYZAMAN
Бөлінгенді аңдыған бөрімен қалай алпарыспақшысың?
Marco
Сіз де аман жүргендейсіз ғой!) Адасқан көпшілік (қоғам) еліктеймін деп түптің түбінде құздан құлайтын болса, айналып өтіп, жол бағытын өзгерткен дұрыс деймін де. Әлде, бұл сіздің пікір емес пе еді?!
KILYZAMAN
Көпшіліктің арасында көбік жұтып шаршағандығым болмаса қайнаған ортасындамын…
Marco
Ортасында болу бір ізбен жүру емес қой…
KILYZAMAN
Ол қай із?… Діндар емеспін дейтұрсамда Құдайым біледі ақ екенімді… Ғылым — тым терең, қалқып жүрмін. Басқа не қалды?
Marco
))) Сіз де болмайды екенсіз ))) Жақсы басқаша айтып көрейін, топпен ортасында болу бірге жүру деген емес қой, деп көрейін
KILYZAMAN
Ортақазаннан ас ішіп көрдіңбе өзің?
Marco
Ортақазан дегеніңіз тура мағынасындағы сөз болса, әрине!
KILYZAMAN
Көрпеңде көсіліп көрдіңбе?
Marco
Көрпенің мүмкіндігіне қарай…
dark_nazgul
бойдақ кезіңде бір жарым да екі, үйленген соң екі де екі жиырма
Marco
Туууу… күшті, түсініксіз әңгіме айтып жатыр едік, сыр мен сырбаздыққа толы, оятып жібердіңіз ғой )))
dark_nazgul
жылы көрпенің астынан суырып алғандай болдым ба?
Marco
аха, дым түсінбей жан-жағыма алақ-жұлақ қарап отырмын)))
KILYZAMAN
Жалпылай келгенде — түгелді қамту түксіз қалу емеспе? Бұл күніңнен(бүгіннен) ертеңіне түк қалтырмаудың себебін кім айтады????
Marco
Мақсаттың жоқтығы деп едім
KILYZAMAN
Поло Марко — Керекинфо арал
Мақсаттың жоқтығы деп едім
Сонымен, мына әңгіменің ақыры не болды?
— Админнің асау екнін білесіңбе өзің(қалжың)…
ЫсПа:
едім, ....
Жеке өзіңе тиістірме (Тәуірімсің)
Marco
Мынадай да әңгімелер болған екен-ау )))