Қазақ футболының жаңа бұрылысы

Чемпионатқа қатысатын командалардың саны 14-ке артты. Сонымен бірге, біріншілік бұрынғы формуласына қайта оралып, тек екі айналыммен бітетін болды. Федерацияның атқарушы комитетінің шешімі бойынша, Премьер-лига командаларындағы легионерлер саны бестен жетіге арттырылды. Және олардың бесеуін матч протоколына қосуға рұхсат.

«Шахтер» — Қарағанды
«Жетісу» — Талдықорған
«Ақтөбе» — Ақтөбе
«Астана» — Астана
«Ертіс» — Павлодар
«Ордабасы» — Шымкент
«Тобыл» — Қостанай
«Қайсар» — Қызылорда
«Тараз» — Тараз
«Атырау» — Атырау
«Сұңқар» — Қаскелең
«Оқжетпес» — Көкшетау
«Қайрат» — Алматы
«Ақжайық» — Орал

Айтпақшы, Суперкубок алтыншы, Чемпионаттың басталуы он бірінші наурызға белгіленді.

www.kff.kz/kaz/news/991/
Бөлісу:

26 пікір

Marco
Менің ойымша бұл өзгерістер оң ықпал етуі керек. Легионерлердің көбеюі жергілікті футболшылардың да "қимылдауына" септік болады.
MickThatsMyNick
А Шахтер ше?
Marco
Шахтерға не болды?
MickThatsMyNick
Актуалды емес, енді дұрыс 14 команда.)
satvaldo
кфф атын ауыстырса да, басын ауыстырған жоқ. бұ жолы Қайратты көтермелейді. финанс азаймайынша орыстын Запитеріндей Қайратты көкке көтереміз дейді Газпромның өкілдері…
Esdaulet
12 den 14 ke kobeyuinin ozi osi KAYRAT uwin jasalgan bolar
asaubota
негізгі мақсат ақша істеу ғой. бізде легионерлер арқылы тиын істелінеді. олардың санын көбейту әрине сол комиссиялар үшін. сәйкесінше команда саны да көп болғаны жақсы. орталыққа бағынбайтын тек бірнеше команда бар, қалған трансферлердің бәрі бір адам арқылы өтеді.
Adiletshu
ол кім екен
asaubota
бәрі білетін шығар десем
Esdaulet
Jaksibekov?
asaubota
Жақсыбековтың футболмен түк шаруасы жоқ. кім екенін білмеген дұрыс шығар, футболға тек жанкүйер болып.
Adiletshu
Осындай Интригадан кейин ұйқы көрмей кетсем кім кінәлі
asaubota
демек қазақ футболына қатты қызықпайтын болып тұрсың ғой
Adiletshu
Қазақ футболына ғана емес. Бұрын қатты қызығатынмын. Ставка жасауды қойғалы бері футболға деген қызғушылық та басылып қалды
Marco
Дегенмен, біздегі ойнап жүрген легионерлердің деңгейі «отандық футболшылардан», ладно, басым көпшілігінен артық екені анық қой. Демек, чемпионат қыза түсетін шығар.
satvaldo
соны аттандырып жіберу керек қой…
asaubota
кетед деген сыбыс бар. бірақ, ол кетсе басқасы да табылады. бай ғой, бай қазақтың даласы таланттарға
Adiletshu
Лібә, 17 желтоқсанда Төле би ауылында бір кафеге кіріп бара жатсам Жамбыл Көкеевті көрдім. Алқашында танымадым. Қандай әнші деп қоям. Кейін есіме түсті ол амигоның Жамбыл екендігі.
Marco
Ойдай қылып, Уемблиде гол соғып жүрсе, о нес-әй, танымай!))))
Zhan
Еркектердің неге есі кете қарайтынын түсінбеген соң, менде ештеңе дей алмаймын футбол туралы!!!
asaubota
киноларда, рекламаларда есі кетіп ТВден қарап жататындарды көрсетеді ғой. сол өтірік. мықты жасанды. футболды шынымен қарайтындар қатты ондай эмоциямен қарамайды. біздің пахан бәленбай жыл стажы бар фанат, спокойно қарайды шемешкісін шағып қойып. хотя өмірде нервный адам. ал мен өмірде салмақтылаумын, бірақ футбол қарағанда яптываймайттап жатамын. бірақ, қайталап айтамын ТВдегі фанаттар сияқты емес.
Zhan
Менің үш інім де футбол десе өледі. Соған бола Павлодар, Алматы, бармаған жерлері жоқ, ойнайды, қатысады. Үйде бір сериал қарайын десең, кейде көрсетпейтін Шымкентте жүргенде. Чемпионат кезінде спорласып ақшаға ойнайды, командаларға жақ болып. Өздері ғана көрсе мейлі ғой, топырлатып жолдас балдарын үйге алып келетін. Үйде (шымкенттегі) спорт журналы, футболистердің суретінен көп нәрсе жоқ.
Aldeken
лібәәә, бір группаласым болған, Шұбарқұдықтікі, өтірік расы белгісіз, сол айтатын, әкесі сонау 70-жылдардан бастап, футбол чемпионаттарының өз протоколын жүргізіп келеді екен. Опшым, үлкен общий дәптерлердің 12-н толтырды уже деп отырған…
Zhan
Мәссаған, ана кісі туралы газетке шағын бір мақала жазып жіберсе де болады екен. Суретімен, дәптерімен қоса,
salta
О,Құдайым ана қатын мен ғой...
Zhan
Еркексің Терешкова!!!