Жігіттің қызға кеңесі

Жақсы жігітті кездестіру деген қыздардың осы күнгі остросоциальная проблемасы туралы сөз қозғаған екен бір жігіт форумдардың бірінде. Сөз соңында төрт-бес кеңес беріпті. Толып жатқан глянцевый журналдардағы сияқты емес, немесе бір діни ережелерге де ұқсамайды. Отбасын құрған жас жігіттің қарапайым, ненавязчивый кеңестері. Ол жігітпен толықтай келісемін, және төмендегі пунктер әрдайым қыз-келіншектердің жадында жүрсе екен деймін.
Орысшадан аудармасы. Жұпыны лексикамды кешірерсіздер )

1. Тыңдауды үйреніңдер. Естуді білгенмен, тыңдау қолымыздан әрқашан келе бермейді. Айтылған сөзді естдік, ал оны айтқан адамды естідік пе? Оның жан ауруын сезіндік пе? Жетістіктеріне қуандық па? Тыңдау білетін адам әрқашан да жоғары бағаға ие, әсіресе ерлер үшін. Ер адамды бар ынтаңмен тыңдап, сөзін құптап отырсаңдар, ешқашаң ұтылмайсыңдар. Жақсы сөзге жомарт болыңдар, ерлер де әйелдер сияқты мақтағанды жандары сүйеді.

2. Ақылмен киініңдер. Бір танысым статусына: «Қармақ жемің қандай болса, ұстағаның да сондай болады», — деп жазыпты. Денеңнің «қызықтыратын» жерлерін келістіріп ашып қойып киінсең, еркектерді топырлатып құлатуға болатыны түсінікті ғой. Бірақ, бұл ауға тек қана бұзылған тауар түсетінін ұмытпаңдар. Өздерің іздеген өмірлік серік болатын сенімді жан емес олар. Басқа магнетизмді іске қосыңдар, сыртқы емес. Сонда ғана әдемілігіңді емес, өзіңді сүйіп қалатын адамды кездестіру мүмкіндігі артады.

3. «Москва слезам не верит» фильміндегі Муравьеваның кейіпкері шарасы таусылғаннан, зираттардан әйелдері қайтқан еркектерді іздейді. Мүмкін жақсы стратегия шығар, әйтсе де бәріне бірдей емес. Менің кеңесім осыған ұқсас. «Рухани» орындардан іздеңдер. Адам жанының ең жақсы қаиеттері – адамсүйгіштігі, жанашырлығы көрінетін орындардан қараңдар. Ең жақсы орын – мешіттір, шіркеулер, синагогалар, костелдер. Жастардың көбі қазір атеист. Оларды да гуманитарлық көмек, қайырымдылық акцияларын өткізетін ұйымдардан іздеңдер. Өзінің уақыты мен ресурстарын әлемді жақсарту жолына риясыз жұмсап жүрген адамдармен қорықпай отбасылық қарым-қатынас құруға болады. Риясыз жасалған іс, тегінде, өсіп-пісуіңе, дамуыңа көптеген мүмкіндіктер сыйлайды. Түнгі клуб, дискотека, бар, фитнес-клуб дегендерді тзімнен сызып тастаңдар. Түнгі клубта, әдетте, ұзақмерзімді жауапкершілікке дайын емес, бір күнмен ғана өмір сүретін адамдар «тусить» етеді.

4. Өзіңнен ізде. Күтпеген құбылыстарды — шыдамсыздық, ашушаңдық деген сияқты сыртқы әлеммен үндестікті бұзып тұратын қасиеттерді көруің мүмкін. Шыдамдылықтың кішкентай өскінін байқасаң, оны сабырлық суымен аямай суара бер – жемістері көп күттірмейді. Сабырлылық – бақытты отбасының іргетасы.

5. Үйіңді жақсы ұста. Қазір дабырлаған қала дыбыстары әйел жанының нәзік әуенін тұншықтырып тастаған. Әйелдің жанының ерекшелігі – ол әрқашанда өзін құрбан етуге дайын, шексіз жомарт. Қаншалықты жомарт екені әзірлеген тағамынан көрініп тұрады. Жомарт болыңдар – молынан сый-құрмет көрсетіп үйреніңдер.

6. Дұға қылуды, сиынуды үйреніңдер. Өзіңнің наным-сеніміңе, дініңе сәйкес дұға оқып, не керектің бәрін сұраңдар. Бірақ, тәңірі сенің сұрағаныңды бермеуі мүмкін. Есесіне сен шынымен мұқтаж болып жүрген нәрсеңді береді. Ал енді атеист болсаңдар, күніне бірнеше рет іштей өзіңе де, өзгеге де жақсылық, бақыт тілейтініңді айтып жүріңдер.

Бұл жазылған кеңестер әйел бақытының шифр-коды емес, әрине. Бірақ соған апарар негізгі жолға жетуге көмектесетін волшебная тропинка шығар)…

Вива ла дива!
Бөлісу:

47 пікір

AKA
Ұнады! Әсіресе…
Дұға қылуды, сиынуды үйреніңдер

Әйелдің жанының ерекшелігі – ол әрқашанда өзін құрбан етуге дайын, шексіз жомарт.

Сабырлылық – бақытты отбасының іргетасы.
...әдемі сөздер!
tvoya_A
Кейде мен біреудің айтқанын естігенмен, тыңдамаймын))))))
monti
аудармаға базар жоқ 
Ең жақсы орын – мешіттір, шіркеулер, синагогалар, костелдер.
қысқа ғана туса жасама деседе болад ғо, причем тут мешіт? андай/мұндай, осындай онша мес кеңестерден ахти/ухтиларға ұрнып атқан қазақтар и ваще, дінге кегенде әр адам іштен тыну керек сияқт, өзінде сақтап, керек/керек емес пікірлерд
сосын, туса жасама деп тағы кеңестің керегі жоқ, қыздар көбіне, ондай жерге релакс қуып барад
Marco
Иә, қазіргі реалымыз, діннің өзіне асқан ұқыптылықпен қарауға үндейді.
Gulzhanat
э-ээ бұл жерде отбасын құру үшін отчаянно жігіт іздеп жүрген аруларға берілген кеңес қой
дінге кегенде әр адам іштен тыну керек сияқт, өзінде сақтап, керек/керек емес пікірлерд
кеңес беруші дінге бет бұруға шақырыған жоқ, тек ниеті таза адамдарды қайдан кездестіруге болатынын айтты
balzaminka
таза ниетті адамдар Құдай үйінде дегенге келісе алмаймын . Ең бастысы өзің қандайсың, қасыңа сондай кісілер жиналады. Қайда кездескені маңызды емес қо ситодан өтіп жатса

Келе жатқан жаңа жылда барлық армандарымыз жүзеге ассын
saken
бұл жазбада тек қана мешіт деген жазу тұрған жоқ қой? шіркеу мен синагога, болмаса костелден де іздеу мүмкіндігі туралы жазылғанын байқаған боларсыздар.
Тіпті болмаса:
Жастардың көбі қазір атеист. Оларды да гуманитарлық көмек, қайырымдылық акцияларын өткізетін ұйымдардан іздеңдер.
деген жерін оқысақта болады ғой.
Gulistan
Зираттарды аралағынан білмеппін
19852407
Тақырыбы шыңғырып тұр екен, жұмыс жайына қалды
Тағы да қораға кеп кірдім, кәәзз оқып шығайын
19852407
«
Рухани» орындардан іздеңдер… Ең жақсы орын – мешіттір, шіркеулер, синагогалар, костелдер…
 Күдік кетті… Аптор бала сектант емес пе

Былай келісуге болатын ережелер еке.н
Театр, кітапхана, спортзалдар мен жұмыс орындарын да байқап көрудің еш сөлекеттігі жоқ. Сосын жиі-жиі кластастың достары, курстастың кластастары, жұмыстастың туыстары жиналалып қалатын жиындар мен қонақтыққа баруды әдетке айналдырыңыздар, қыздар
Gulzhanat
аха) қосыламын) обычно солай танысады ғой адамдар.
dark_nazgul
бұйырғаны болады ғой…
madlen
Барлығы дұрыс шығар
Менде бір кезде қыздарды қалай қарату керек деген сияқты бірдеңе жазған едім… Атқанмен, оны істеп жүргеніміз шамалы.
satibaldi
Үйтіңдер де бүйтіңдер. Отқа басын үйітіңдер.
Лібә, бақылап отырсам, бас-бастарыңа би болып, қарсы жыныстылардың маманы болып алған сияқтысыңдар. Адамның рухы не теңдерің сендердің, ең болмаса қоян екеш қоян асырап, соның көңілін тауып көрген адамсыңдар ма өздерің?
madlen
Попугайларым бар, көңілін тауыватрым
Altygradus
Дашамен үйреністі ме?
Gastarbaiter
жаппай қоян асырауға кете берсек бола ма?
satibaldi
Сөздің негізінде көпоқығандық емес, үлкен тәжірибе жатса екен деген зебрдәме ғой біздікі баяғы.
Gastarbaiter
Мен түсіндім ғой, бірақ сен байқадың ба, жоқ па, сенің сөзіңді тура мағынасында түсінетін фанаттарың бар.
Kipshakkyzy
Былай жақсы екен. Бұйырғанын көрерміз!
VKM
рахмет кеңесіңе)қажет болып қалар)
araika
Жақсы жігітті кездестіру деген қыздардың осы күнгі остросоциальная проблемасы

Жақсы сөзге жомарт болыңдар
 орындаймын
meirzhan
«Рухани» орындардан іздеңдер.
Діни сайттар, ақпараттық-рухани сайттар жата ма? )
AKA
 Сіз олай бұрмаламасаңызшы, «рухани орындар» дегеннен кейін жазды ғо қай жерлер екенін.
meirzhan
Ұмыт қалдырды ма дегенім ғо.
AKY
бәрі шеттерінен ақылды әйтеуір.
Gastarbaiter
бәрі шеттерінен ақылды әйтеуір.
Ал сен не іздеп келіп едің негізі бұл тақырыпқа
dark_nazgul
автобуста, троллейбуста, аялдамада, сүттің, нанның кезегінде, Пушкиндағы картотека залында таныса берсе бола ма?
Gulzhanat
Ол енді само ссобой, случайно бола береді ғой. Ана кісінің кеңесі, наверное, танысуға әдейі дайындалып, әдеміленіп, определенный орындарға охотаға баратын бикештерге больше адресовано
nurbergen_makym
Өзінің уақыты мен ресурстарын әлемді жақсарту жолына риясыз жұмсап жүрген адамдармен қорықпай отбасылық қарым-қатынас құруға болады.

Қыртыған әңгіме. Тегінде, әлемдік масштабта ойлайтын адамдар, сол әлем мәселелерін шешуге келгенде отбасы секілді үш-төрт адамды құрбан етуден дүз жанбайды. Қорқыңдар!
nurbergen_makym
Ер адамды бар ынтаңмен тыңдап, сөзін құптап отырсаңдар, ешқашаң ұтылмайсыңдар.

Ия, әсіресе, Қапшағайдағы казинолардың бірінде…
nurbergen_makym
Жастардың көбі қазір атеист.

Лібә, қандай статистикалық мәліметтерге сүйеніп жазған мынаны. Тап, осылайша, «Жастардың көбі қазір кришнаит. Сары сариге оранып алып, көшеде „Рама на сакахин нама гун гай“ деп айқайлап жүрсеңіз, өз бақытыңызды кездесетіретініңізге Рама кепіл» — дегенді де айтуға болатын сияқТ.
a63a1
Ең жақсы орын – мешіттір, шіркеулер, синагогалар, костелдер.
Алдымен келсін, одан кейін өзіміз қатырамыз деп отыр жасырынжарнамаңдыссс…
Zere
Негізінде діншіл бір адам жазған сияқты. Фитнесс-центрді неге тізімнен сызып тастағанын түсінбедім. Денаулығын жөндеу үшін баратын адамдар көп қой. Жалпы бәрі адамның ниетіне келіп тіреліп тұр. Менің ойымша, жақсы ниетті жігіттен үміттену керек, және өзің соған лайықсың ба, сонымен жұмыс жасау керек.
Gulzhanat
Байқауымша, үшінші пункт бәріңізді смущает ) Өз басым, ол жерін ирония деп қабылдадым. Жігіт табу үшін ол жақтарға в здравом уме тек муравьевалар ғана баратын шығар
satvaldo
атын білмейтін араб кемпірінің қызына айтқан өсиетінің ремэйкі ғой мынау. басқа көйлек кигізіп қойыпты…
gajaiyp
jigit izdey maksatinda mewitke bary? tan kalip otirmin
Gastarbaiter
Жігіт табу үшін фитнессцентрлерге барыңдар, Ақзере меңзегендей. Ол жерде небір семіз қатындарға да ерекше назар көрсетіледі. Тап сол территорияда қыз-қатындардың проценттік мөлшері аз болғандықтан.
Бірақ, нағыз атлеттер ол жерде қыздарға қарауға мұршасы келмейді.Бар ойы, концентрациясы бағдарламасынан таймауда болады.
Қыздарға сұмдық ұнайтын, поджарый пляжный атлеттер бар тек көктемде сұлулық үшін бір-екі жаттығу ұрып тұрады. Олар сіздің юбкаңызды да, бай іш киіміңіз… астапырбудда, бай ішкі дүниеңізді де назарсыз қалдырмайтын сол ептілер
Gastarbaiter
Тағы да азшылық-көпшілік контрастында ойнау үшін полицияға қызметкер боп тұруыңызға болады. Нафф сэд.
Sebastian
қыздар үшін тым ауыр кеңестер емес пе мыналар?
aru
Қайта оп-оңай ма деп қалдым. Қазір мұның өзіне алдана қоймайтын қасқыр бов алған сияқты жігіттер
ken
осындай сайттардан іздеңдер