Ұлан жылдың үздігі!

«Алаш айнасындағы» Әзиз ағамның ғана емес, бүкіл қазақ жанкүйерлерінің сүйіктісіне айналған Ұлан Қонысбаев 2011 жылдың үздік футболшысы атанды! Ұлттық футбол лигасы жүргізген дауыс беру нәтижесінде Тараздық өреннің мерейі үстем болыпты! Не дейміз, Құтты болсын! Қазақ футболын өрге сүйрей берсін! Ұланның Түркия қақпасына соққан голы ешқашан есімнен кетпейді. Осындай голдардың талайын соғуыңа тілектеспіз!Ұлан Қонысбаев
Бөлісу:

13 пікір

Abilakim
гол әдемісін әдемі ғой. Бірақ оны ол гол соғам деп тепкен жоқ қой. көтере пас берді.Навес.Ар жақтағы командаласының басына шығарған пасы.Ал, Ұланның үздік футболшы болғанына қуанбасам ренжімеймін.
manfan
гол ма гол, факт па факт! осы орыстар туймедейди туйедей кылып, жаксысын асырып, жаманын жасырып жатады гой. пас деп айта берменизши, ол ГОЛ! адеми ГОЛ! сондыктан да, ноу коммент!
asaubota
әдемі гол болуы үшін ол мақсатты түрде қақпаға тебуі тиіс еді. ал ол тіпті қарағанда жоқ, ортаға қарай пас берді. сол пасы дұрыс шықпай гол болып кетті. мұндайды әрине қақпашы да күткен жоқ.

мұндай фальштарды асқақтатпайықшы. как будто Рақышев деген кісінің түсіргендерін кино деумен бірдей сияқты болып көрінеді екен.
manfan
қалай ойласаңдар да, бізді әбден мазақ қылған түріктерге гол соқты! Біздің қақпамызды жылатып кетіп еді ғой түріктер. дал казир бизге оз озимизди демеп, колдау кажет. Әйтпесе, Қазақстан футболының быт шытын шығара салу оп оңай ғой
asaubota
өтірік мақтау арқылы қолдамай, шынымен әдемі салынған голдарды қолдау керек. мысалы румындарға қырық метрден салған Абзалдың голы керемет!
manfan
Абзалдың голына сөз жоқ! Бірақ, Ұланның голы бәрібір мен үшін әдемі гол! айттым, бітті)))) негізі, үлкендермен сөз таластырған жақсы емес, бірақ бұл менің пікірім!
asaubota
тек қана үлкеннің кішімен емес қыздардың футбол туралы еркектермен сөз таластыруы тіпті қош емес.
manfan
ол ангимениз маган отпейди. мен сизбен соз таластыру ушин емес, озим рахат алу ушин футбол коремин! футболды баска кыздардын не оймен коретинин билмеймин, озим жаксы коргесин караймын. осы сиз кыздар футбол карайды десе жиырыла каласыз е?! одан да назик жанды бола тура доп куып, еркектерше куресип журген кыздарды тиып коринизши. ал биздики жай гана гой. экраннын берги бетинде…
dark_nazgul
одан да назик жанды бола тура доп куып, еркектерше куресип журген кыздарды тиып коринизши.
дискриминация қашщан тиылар екен)))
Gastarbaiter
негізі мен феминист едім
Nurgisa
Men ushin biylgy janalyk Gridin boldy.
MrQ
Ұлан жарап тұр, 2012 де Мұрат Өнал қазақ азаматы атансын,,, әумин!