Балалық шақтан естелік...
бала кезімде қолды аяққа тұрмайтын тентек едім (қазірде алысқа кеткен жоқ сияқтымын) әпкем екеуіміздің арамыз 1,5 жыл. қосылып алып, егістікті аралап(күріштікті)мал қуып, сосын жұрттың қауын,қарбызын ұрлап, полевойстанда тұратын басқа да күрішшілердің балаларымен( көбінесе ұлдар) балыққа баратынбыз. таң атқаннан кеш батқанға дейін, Құдай айдағандай далада жүретінбіз. осы екеуіңді байлап өсірмесем, қыз секілді сызылатын түрлерің жоқ деп мамам күңкілдеп жүреді. бір күні полевойстанның алдына бір тележка отын аударылды. қызық енді басталды. әпкем екеуіміз үйден бір тостаған ұрлап алып, әлгі отынның астына кіріп, торғайдың жұмыртқасын жинадық. әдетте, біздің жақта торғай жыңғылға ұя салады. ұяның мықтылығы соншалық, жыңғылды шауып, оны тележкаға тиегенде де жарықтық түсіп қалмайтын. аударған кезде жұмыртқалардың бәрі астында қалады. соны теріп, бір тостаған жұмыртқаны мамамызға әкеліп бердік. «Иттің балдары, бұны НЕ ҚУЫРЫП жеймін бе?!!!» деп айғайға басты. полевойстанның асханасынан оқтау ұшпай тұрғанда ытқып далаға қаштық. ол кезде күлу қайдааааа, қазір ғой еске алсам шегім қататын. сол мезетте ақ ұмытып кеттік қой бұл жағдайды, тоғайға қарай қашып, тығылып отырғанда алтын қоңызды көрдік. өзі жап-жасыл, қап-қатты қоңыз қай баланың болмасын қызығушылығын туғызады ғой. әйдаааа, кеттік, етегімізді түріп алып, алдымызға толтырып тұрып, тоғайдағы бүкіл алтын қоңызды жинап шықтық, иір-шиір болып, бір-бірімен айқасқан қоңыздарды етегіңмен көтеру қиын болғанда,үйге қарай беттедік. екеуіміздің түріп алған етегіміз көріп, мамам ващеее жынданды, сол күні шнурмен өліп тұрып таяқ жедік, оқтауымыз айналайын болып қалды ғой. кейін бүкіл совхоз жұмысшыларына полдникке берілетін 100 литр айранды бүлдірдім. оны кейін айтып беремін…
Негізі, қаланың баласынан гөрі ауылдың баласы қызыққа қарық екен.
Сосын да шнур жеп (таяқ жеп) көрмедім. Есесіне (ол кезде парктің жанында тұратын едік) жаз бойы паркта жүреміз, резинка, скакалка, классики, тығылыспақ, аспандағы кілт, казаки разбойники, Джони сияқты ойындар ойнайтынбыз. Гараждан гаражға секіріп, құлап, оны жасырмақ боп)))
Ит пен мысық, шымшық пен кептер ғана біздң фауна)
Ауылда өскен басқаша екен)))
Қыз баланың мұндай қылықтар жасайтынына күмәнім бар