Мен оқыған бір кітап. "Психологическое айкидо".Михаил Литвак

Өзге қалаға келгелі, құрбы-құрдастан жырақтағалы кітаппен қайта достастым.3 күн поезда келе жатып, Поуло Коэльоның «Мактубын» оқып келдім. Рекомендеймін деп айта алмаймын. Оқып,өз керегіңді алуға болады. Жалпы Пауло Коэльоның шығармаларын сүйіп оқымайтындардың қатарынанмын. Ұсынайын деп отырған кітабым ол емес, Михаил Литвактың «Психологическое айкидо» кітабы.Психотерапия, психологиясы туралы.

Оқыған адам қазақы психологияға келмейді деуі мүмкін. Бірақ барлығы салыстырмалы түрде ғой. Құр құрғақ теориямен емес, әртүрлі жандардың басынан өткен оқиғаларын мысалға келтіріп отырады. Бәлкім, сонысымен қызық болар. Басымды көтермей 2 күнде оқып шықтым. Автордың басқа да кітаптарын оқысам деген ой жоқ емес.
Жалпы осы психология саласында қандай кітаптарды оқуға кеңес берер едіңіздер?
Бөлісу:

14 пікір

asaubota
психологияға қатты қызығамын. бірақ, кітап оқып отыруға уақытым жоқ
Tarazkyzy
Қолға қызықты кітап түсіп жатса, уақыттың қалай табылғанын байқамай қаласың:-)
менде неге смайлдар жоқ а???
asaubota
смайл ң әрпіне жабысып қалған, жабыстырмасаң шығады.

адамдарды зерттеген ұнайды, кейде психологиялық шабуыл, блеф жасаймын.
Erke
менде катты қызығамын,қызыққаным соншалық 1 бетін оқып калған беттерін жәй ғана ақтарып щығамын!!!
meirzhan
Психологиялық кітаптар дүкен сөрелерінде қаптап тұр ғой. Сұраныс көп болға-дықтан күйзеліп, мәселені шеше алмай жүргендер көп пе дедім )
meirzhan
Ішінен керегін таңдап алу — керегі.
Tarazkyzy
Көбі көп қой, бірақ аннотациясына қарап кітап таңдай алмайды екенмін де. Ал дүкенде кітапты таңдау оңай емес. Дейл Карнеги сияқты есімі таныстары болмаса.
Zhan
Луйза Хей, Ронда Берн, Джон Кехоны оқы. Менде тағы бір екі психологтың кітабы бар, бірақ аттарын ұмытып тұрмын. Дипак Чопраны оқуға қолым тимей жүр.
Tarazkyzy
Рахмет, қарап көрейін
monti
аннотациясына қарап кітап таңдай алмайды екенмін де
 әрине, ол жерге мықты етіп жазып қояд ғо, қаз былай жақс ғо, инетін боса, кітап сүйер қауым форумдарда не жайлы талқыланып атқанын көріп шығуға болад, өзім сүйтем , форумда маған өткен* соң ғана бастайм кітапт
Tarazkyzy
Монти, керекшілер не ұсынар екен дегенмін ғо
aizhan
сәлем! мына кітапты оқып көрмеппін, оқу керек екен егер психологияға қызықсаң, «Трансерфинг реальности» деген кітапты оқып көр, авторы Вадим Зеланд, әдеттегі батыстың психологиялық кітаптары сияқты емес, басқаша кітап деп айтар едім
Tarazkyzy
рахмет, Айжан!Іздеп көрейін