Мерекені қалай тойлаудамын?
Күн суық. Қашанда кешігіп жүретін әдетіме басып, Алматыдан келген таныстарды Астананың аязына үсіріп, әйтеуір кездесетін орынға әрең дегенде жеттім. Бұл орын — Астана-Арена еді. Мұнда келуімізге себепкер — «Тәуелсіздік — қазағымның арманы» атты музыкалық дастан. Ғимараттың есігіне жету қандай қиын еді: алдымен күзетшілер билетпен өткізеді, келесі айналмалы есіктен сол билетті тексертесің. Онан қала берді ішке кірген соң... тіпті фотоаппаратымды суретке түсіртіп тұрып тексерді ғой.
Жайлы орынымызға жайғасайық деп жатқанда, орындықтарда «сыйлық» тұр
Ішінде мына заттар болды
ақ түсті — жамылғы, сонан соң А4 форматты суретті қағазымыз болды. Оны кейін тілек айтып, құс жасап ұшырып жібердік Бұлар тегін берілмеген, ережеге сай қолданып отырдық.
Енді суреттер сөйлесін: концерт әлі басталмаған кез
Репетиция Не дегенмен, тікелей трансляция…
Байқасаңыздар, бір бұрышында алғашқы болып қалықтап жүріп ән айтқан Роза Рымбаеваны көре аласыз
Әр ұлттың билеуі де керемет шықты және жоғарыдағы жазулар
Мына композиция да , Мейрамбекті де осы сәтте естідік. Оның қайда отырғанын таба алмай біраз әурелендім, сондықтан суретке дұрыс түсірілмеді.
Ех, алып кітапты парақтасақ…
Құрылысшылар биі+ көрінісі мен үшін ерекше, бірақ сурет сапасы нашар
Бәйтерегіміз тұрғызылуда
Әншінің арманы жоқ
Соңында Бәйтеректің айналасында мынандай гүлдер пайда болды:
Әр нөмірді тамашалаған сайын, таңданысым үдей түсті. Ұйымдастырушыларға да, идея авторларына да алғыс!
Көңілді түсіргені: Елбасымыздың алғы сөзінің ресми тілде айтылуы.
P.S. Суреттердің сапасы үшін кешірім сұралады. Және де көк жәшіктен көрген де боларсыздар, мен тек естелік үшін жаздым
Тағы да мерекелеріңізбен! Мендегі тойлау процесі жалғасады

Егер біз осылай жалғастыра берсек, кейінгі халіміз қандай болмақ?
З.Ы. Тіпті мына ОС-тің де тілін қазақшалау керек ед, «пуск», «стандартные», бәрін қазақшалап тастау керек.
Жерлес емеспіз бе, сөздеріңнен ұсталынып жатырсың?3Д көріністерді көре алмадым өкінішке орай, арнайы көзілдіріксіз ))
Арайка көрген шығарсың? әсеріңді айтсаң?
ақсақал орыстар астанамды тартывалып қоя ма деген қауіппен сақтанатын болса керек
мұны кемшілік емес қулық деп қабылдадым
Суық қаруымның бар екенін өзім айтып қойдым да, әлекке түстім ғой.
Кештің жүргізушілері ұнамады, оның үстіне әншілердің сонау заманда хит болған әндерімен сусындау деген… аказыбаетца мен Мақпал Исабекованың фанаткасы екенмін, мұны сол күні білдім және өзім таң қалдым.
Мәдинаның «Сенім»-інен соң шығып кеттік және біраз адамдар да сол сәттерде залды босатып жатты.
Бір конференцияда әкім біз жаққа қарап, «оны атқаратын сендерсіңдер, қара халық»
дегенде мен де біртүрлі болып қалғам. Бірақ бұлар сәл әр-түрлілеу нәрселер
Бір қызығы, ол қазақша сөйледі. Әрі әдемі ұйқастыра алды Әйтеуір өзгеріс бар.
Сөйтсем шын ән айтуын ұнатып қалыпсың ғой.
Минуттық қой Бірақ, алғашқы өлеңін ұнатамын.
Жамылғы ғой, бір жағынан жылы. Үйде де тоңған кезде жамылып отырамын, монахтардай боп