Два в одном

Бүгін өзіміздің шағын жанұямызда екі мереке.Біріншісі,әрине Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні болса, екіншісі біздің отбасы құрғанымызға 4 жыл толды. 2007 ж. дәл осы күні үйге келін түсіріппін. Осы сайттағы барлықтарымыз бақытты болып, біздерден тараған ұрпақтар тәуелсіз еліміздің көк туын биіктерден желбірете берсін!
Бөлісу:

60 пікір

VKM
құттықтаймын! Балаларыңыз көп болсын!
Abilakim
Рахмет қарындасым! Три в одном болып қала ма деп күтіп ем, болмай қалды)))))
saken
жассыңдар ғой. )))
Abilakim
Әрине))))Алла амандығын берсе үлкен отбасылы болғым келеді.бес-алты баламен, бір келіншекпен дегендей…
Aizhantabyn
Kutty bolsyn!  endi kiwkene-kiwkene abilakim4ikterdi kutemiz
Abilakim
біреуі бар ғой, айтқаның келсін!
Zilola
Куттыктаймын! Кумiс той, алтын той, бриллиант той, баска да тойларында сендерден тараган урпак куагер бола берсiн!
Abilakim
айтқаның келсін!!!
asaubota
постты көрген бойда Ринат аға болған екен девацам

вызывающий бермегенсіңдер ғо

ал құтты болсын!
Abilakim
Негізі 16-сы босанып қалғанда қызық болар ма еді.Қайнағамның келіншегі босанды осы күні.Мемлекеттен сыйлық болып қалар ма деп екі алақанын ысқылап отыр
Zako
Төрт жыл деген не тәйірі, Алтын тойға да жеттік қой деп отыратын тойларыңыздан да жазба оқиық, Әбіләкім!
MickThatsMyNick
Керемет! Құтты болсын!)
araika
Біздің отбасымызда да үлкен қуаныш — сәби дүниеге келді
asaubota
құттықтаймын! ұл болса атын Егемен деп қойыңдар
araika
Ұл бала, бірақ «Егемен» газеті кедергі келтіруші еді
omarbirat
«Тәуелсіз» деген ат қою бір түрлі болатындықтан, соның синонимі ретінде Еркін деген атты да бір вариант ретінде қарастырып көруге болатын сияқты.
Aizhantabyn
Еркін керемет, өте әсем есім! Мен білетін Еркіндер ылғи да красавчигтер))))
Abilakim
ғұмырлы болсын және сол ғұмыры бақытқа толы болсын
FaraOn1
Құттықтаймын! Жұмажан деген сияқты Жиырмажан деп қойса да болатын сияқты
TERISKEY
Елін биікке көтеретін ұл-қыздардың ата-анасы болуларыңызды жазсын!
Aikona
Құтты болсын! Кемпірің әдемі келіншек екен ғой . Балаларың көп болып аман-есен, қызықтарын көріп жүре беріңдер!
Abilakim
иә, әдемі кемпір болатын секілді.Шүйкедей қара кемпірге айналып кету қауіпі де жоқ емес)))
Aikona
Қойшы  Шынымен жеңгеміз әдемі екен
serjan
А сенде касекке кірген бе едің? мерей той құтты болсын.
Abilakim
осы уақытқа дейін үйленбей жүрсем бір жерімде кінәрәт бар деген сөз ғой.
FaraOn1
Ештен кеш жақси дит. Құтты болсын! Жеңгеміздің балағынан бала саулай берсін)))
Erkekyz
Уау, жеңгеміз красавица екен ғой. Құтты болсын! Шаңырақтарыңыз берік бола берсін!
Арайка, ініңнің бауы берік болсын!
Осы күні біздің үйде де 8 жыл бұрын беташар болған. Бірақ құттықтаймын деп есімнен шығып кетіпті .
araika
Рахмет, Еркеқыз ескергеніңе
omarbirat
Құттықтаймын, амиго!
KILYZAMAN
Тақырыпты дәл осылай таңдағаныңа себеп таппай әлекпін…
satibaldi
Бәлкім — Олегпын дегіңіз келген шығар?
KILYZAMAN
Тузигім нені түзегісі келді екен?
Aizhantabyn
енді, аға, ол шаңырақт қос мереке: бірі баршамызға ортақ Егемендік мерекесі, келесісі өздерінің жеке мерекелері))))
Aldeken
Айсұлтан, құтты болсын!
Armanjan
Бақыттан бастарың айналып, «саймандарың» сайланып, көңілдерің жайланып, кіндіктерің өмір бойы байланып ЖҮРЕ беріңдер еу…
Gulistan
Құтты болсын! Қуаныш қуанышқа ұласа берсін!
Abilakim
Рахмет!
19852407
Қысқасы, құрдас, қара кемпір, қара шал боп бірге қартайыңдар!
Maya
О, Әбеке, құтты болсын! Алла бастарыңа амандық, дендеріңе саулық, отбасыңа бекере-бірлік берсін. Үбірелі-шүбірелі болып, үлкен АҚ ОРДАҒА айналыңдар!
Zhan
Құттықтаймын! Отбасылық береке, амандық тілеймін.
ErNur
Құтты болсын Айсұлтан! Ештен кеш жақсы мен жаңа аңғарып отырмын.
AKA
Ұқсайды екенсіздер, сүйікті жарыңыз әдемі.  Көп балалы ата-ана болуды жазсын, шаңырағыңыз шаттыққа толы болғай!