Ғазиз Байтасов – Халық қаһарманы. Бұл қандай атақ өзі?

Тараздағы теракты кезінде қаза тапқан полиция капитаны Ғазиз Байтасовқа осыдан бірнеше күн бұрын «Халық қаһарманы» атағының берілгенін білетін боларсыздар. Артында қалған туған-туыстары мен отбасындағыларға демеу болар.

Халықтың қаһарманын қаһарман деп санай бермейтіндер бар екенін былтыр Тоқтар Әубәкіровты өзінің есімі берілген көшеден қуғанда көрдік.

«Халық қаһарманы» атағын анау-мынау адамдардың еріккеннен ала бермейтіні бар. Өткенде президентті осы атаққа ұсынды. Бірақ Нұрсұлтан Әбішұлы ол ұсынысты қолдамады. Айтайын дегенім, елбасының ол атаққа лайық немесе лайықты емес дегенде емес.

Мырзатай Жолдасбеков деген кісіні білетін шығарсыздар. Сол бір сөзінде «Халық қаһарманы» бәрі де алып жатыр ғой осы: әнші де алып жатыр, шошқа баққан адам да алып жатыр" деп әңгіме айтты.Құдай-ау, ол не сөз болды сонда дедім. Бүкіл елдің қаһарман дегендерінің арасында еріккендері немесе шошқа баққандары бар дегенін еш қабылдай алмадым. Шошқа баққандар алса, оларға ол атақты берген кім? Жарлыққа кім қол қояды? Осыны бір сәт ойлап қойса болар еді.

Енді Байтасовты ол атаққа лайық емес деп алабөтен ниеттілердің шықпасына кім кепіл? деген сұрақ туды.
Бөлісу:

6 пікір

konvict
Алабөтен ниеттілер бұтағымды жей бермесін. Или өзі барып денесін гранатаның астына тоссын
asaubota
Енді Байтасовты ол атаққа лайық емес деп алабөтен ниеттілердің шықпасына кім кепіл? деген сұрақ туды.

қазақ журналистикасының иісі шығып тұр. жұқтырғансың. емдел. секс, алкоголь керек мұндайда. болмаса банальды ононизм және намаз.
Abilakim
соңғы кезде көп араласып кетті ғой.Журналисттермен дейм
Zako
Енді Аршат араласуды қойып, журналистермен жақындасу қалды дегенді меңзеп тұр ма деп сескенемін