Проект: «Зымырандар». I бөлім. Кіріспе.

Ичкерия қолбасшысы Джохар Дудаев телефонмен сөйлесіп тұрғанда, сигналды іздеп ұшатын зымыранмен өлтірілді. Бейресми мәліметтер бойынша, бұлайша ажал құшқандар көп көрінеді. Олардың қасында баналды пышақ, тапаншадан не асылып өлген адамдардың өлімі онша қызық емес, бекер туған сияқты болып көрінеді, нақтың.

Қаззақтар ойлайтындай, зымыранды ойлап тапқан немесе жасаған халықтар әулие Петрден бата алып, бірден данышпан болып тумаған. Зымыранға да көптеген қателіктер мен күлкіден бұтқа жіберіп қоятын әрекеттер арқылы келген. Бір мысал.
Мысалы Сізге:«мейлінше алысқа ататын қару жаса» десе, не істейсіз? Сіздің логикаңыз былай болар еді: «ох шешесс, онда оқ дәріні көбірек салайын». Яғни, бұрын оғыңыз қырық метрге ұшса, оқ дәріні екі есе көп салсам – 80 метрге барады деп ойлар едіңіз. Ендеше, шамамен осылай ойлаған немістің «Krupp» әскери зауыты жасаған зеңбіректі қарап, тоқ ішегімізді бір тазартып алсақ:



Алдарыңызда, неміс әскери өндірісінің құбыжығы – «Дора» зеңбірегі. Монстр сандарды естіп, сиырларың қашып, тауықтарың безіп кетпесін епті, айта бастаймын. Сонымен.
Анау дүмінің ұзындығы – 50 метр!
Салмағы – 820 тонна!
Епті, бұл құбыжықты есекке-атқа не болмаса мәшинеге сүйретіп қойып, өзім сырнай тартам деп ойлама, жеген екенсің нақ. Мұнымен атудың өзі келесідей жұмыстарды қажет етеді:
— Алдымен орналастыратын жерге қарай… теміржол салу керек нақ, хромтауалтынсаринсстің!!!
— Теміржол тартылып болғасын (шешесс, құлақтан кетті) зеңбіректі тасу керек. Оған… 100 вагон керек!!!
— Зеңбіректі әкелгесін ішінде инженері бар, қаражұмысшысы бар… 4 000 адам құрастыру жұмыстарына кірісіп кетеді. Көп емес, бас-аяғы… 3-4 аптада бітіреді (унитазға етбеттеп құладым, лібәд-ай).
— Сосын ең жағымды тұсы – атуға болады. Ол да ит арытатын жұмыс, тігейіннің: алдымен барлаушылар барып, оқ түсетін жердің координатасын анықтап келеді, оған екі-үш күн кетеді. Сосын зеңбіректің дүмін сол координатаға келтіру жұмыстары басталады, әрі кеткенде 1 күн алады…

Естіп отырғандарыңыздай, «неғұрлым алысқа ұшу керек болса – соғұрлым ұзын, қалың, үлкен етіп жасау керек» (әңгіме әлі зеңбірек туралы, анайы ептібайымайд!) деген қате қағида өмірде қолданылып та көрген. Мұндай алапат жұмыс үшін адам мен уақыт шығыны генералдардың тасын сыздатып, мазаларын кетірді. Оның үстіне жер-жерде реактивті ұшу туралы теориялар пайда болып, әскерилер мен ғалым-бұтақбастардың көңілі соларға ауа бастады. Ол туралы муаххахаламыздың келесі бөлімінде.
Бөлісу:

25 пікір

satibaldi
Дереккөт — мына жерде.
Gulzhanat
Ух ты! Сізден военная техника турлы тегін сабақ алып тұруға болады екен ғой
Әрине, мынаның жартысы мен үшін китайская грамота, сонда да клево!
konvict
Келесі бөлімді асыға күтеміз
asaubota
шыныменде бос шығын екен. неге жасаған сонда?
Zhan
Алдарыңызда, неміс әскери өндірісінің құбыжығы – «Дора» зеңбірегі. Монстр сандарды естіп, сиырларың қашып, тауықтарың безіп кетпесін епті, айта бастаймын. Сонымен.
Анау дүмінің ұзындығы – 50 метр!
Салмағы – 820 тонна!
Осыған шамалас қып «Сарбазға» типа мақала жазып берсем бастығым шалқасынан құлайтын шығар.
sammita
жоқ, былай жазу тек Оның қолынан келеді
Zhan
Әрине Сатекеңе дауым жоқ. Айттым ғой, шамалас қып жазсам деп. Проста өзімнің бастығымның әлгі мақаланы оқып болған соң қандай күйге түсетінін көз алдыма елестетсем…   Сосын бастыққа «Не ғой, ағай Сатекең осылай жазушы еді» десем, «Ол кім Сатекең?» десе, «Керектегі» десем, ваще түк қақпай маған не айтып тұр мынау деп қарайды да…
sammita
сол шамаласты айтам ғо, уот ұрлап жазуды айтсаң болады Ұрры журиктерден кемсің бе)
Zhan
Негізі Аршаттан рұқсат сұрап, газетке беріп тұрсам бола ма деп айтпақ боп жүргенмін. Әрине жазбасы да, авторы да сақталады. Гонорар жағын бухгалтерия мен Бас ред шешеді. Документін әкеліп, договорға отыру керек пе сондай. Ол жағын шыны керек онша білмеймін.
sammita
Документін әкеліп
бұны естісе мына зымыранмен атады сені
Zhan
Дәл біздің редакцияны жайратып салу үшін
100 вагон керек!!!
— Зеңбіректі әкелгесін ішінде инженері бар, қаражұмысшысы бар… 4 000 адам құрастыру жұмыстарына кірісіп кетеді. Көп емес, бас-аяғы… 3-4 аптада бітіреді
Иманымызды 4 аптадан кейін үйіреміз. оған дейін Сэмми өмір сүре тұрайық
asaubota
Қарулар қауымдастығындағы материалдарды алып, газеттеріңе неге шығармайсыңдар? Кербабаевқа гонорар төлеп.
Zhan
Уот, жақсы идея. Айтпақшы, кеше ГУМТО-ға (материалдық-тех қамтамасыз ету бас басқармасы) бір іс-шараға бардым. Замполит капитан мені күте тұр деп кабинетіне отырғызып кеткен. Бір уақытта кабинетте есіктің артында тұрған балтаға көзім түсіп кетті де әбден күлдім. Сатекең осы Балта туралы жазып еді, мыналар шынымен қолданайын деген бе деп мама ішім
sammita
соғым уақыты, ет бөлшектейтін балта болар?
Zhan
И еще сол суреттегі балтадан аумайды ғой Қайран Сатекең, әлгі жазбасы үшін риза болған ем, одан сайын +5 кеттім ғо
Marco
кормек түгіл, көзіме елестетіп күліп жатырмын
omarbirat
Бұл зеңбірекище әскери операцияларда қолданысын тапты ма екен, сонысы қызықтырып отыр. Мына тақырыптағыдай, жауларына сұсты болып көріну үшін жасалды ма екен деп ойлап отырмын.
patick
Немістердің бәрі ақылды емес екен
xsanatos
и еще осы немістер әлемді жаулап аламыз деп жүрген??? далбайоптар ғо, мыналар)))
just19
Теория күлге айналған екен. Ничао, біз де ел аман, жұрт тынышта "ҚазСат" ұшырғанбыз, олар енД бірдеңеге пайда әкелер деп өздері еңбектеніп көрді ғо дойчтар))
Janasil
Ал бізде: біреуге ақша беріп, анандай нәрсе жасап беріңдерн, бітсе ұшыра салыңдар, жоғалып кетсе басқасын жасай салыңдар.