МБ немесе бір түрлі коктейль
Баян Есентаеваның «Ғашық жүректің» біріншісіндегі қарарман көрермендегіні дөп басуы ұнап еді. «Рэкетир» әкелген тың леп сияқты бір жаңашылдық байқап едім онысында. Кеше екіншісіне жұмыстан сытылып шығып барып қайтып едім.
Бұған дейін барғаныма өкініп, фильмнің бастауалды жиырма минутынан кейін тұрып кетіп қалған екі «кином» бар екен. Біріншісі бір жыл бойында әсіре жарнамаланған ана Шаолинь тәріздес тақырбас бала туралы (фильмнің атауы да есімде қалмапты), екіншісі – орыс кинематографиясындағы ең көп шығынды керектіргендердің бірі, ертегі жанрындағы Кончаловскийдің туындысы. «Щелкунчик» пе еді…
Баяннан тағы да ерекшелік, ұқсамаушылық күттім бе екен, мерекелік көңіл-күйге жақын бес минутсыз эйфориямен барып едім. Өзі, ары кетсе, бір жарым сағаттық кино. Алғашқы жиырма минутынан ары аса алмадым. Фильмді бастайтын сюжеттер тізбегі бірінен соң бірі опырылып жатты, қадалып қалғым келді, таппадым. Рас, Мейрамбегі бар, Заттыбек-тәттібегі бар, біріншісіндегі винегрет-оливьесін ұтымды шешім деп тапқансып еді киноман жамағат. Мынаусына да сол концепция тықпаланыпты. Марқұм, Құдайберген өз ролін келісті сомдап еді, мынаусында тағы сондай көріпкел-бақсы амплуасының болуы алдымен бір түрлілеу, сосын оны сомдаған апай, жалпы, сол апай мен Айгүл арасындағы бес минуттық әрекеттер актерлік орындалуы жағынан өте төмен, мағынасыздау болды. Мейрамбектің қасындағы Азамат театрдағы әжептеуір актер-ау деп едім, киноактер емес екен. Жасандылығы көзге ұрып тұрды. Еркін Мәуленді о бастан қабылдай алмайтындарданмын… Тура біріншісіндегідей Айгүлдің қарамағындағы әлгі бейбақ қыздың «новичокқа» әлімжеттік көрсететін тұсы да жаңа бір леп әкеле қойған жоқ. Копипаст. Мұндай кинодан ешқандай қантөгіс, шабыс, атыс күтпейсің ғой. Етті үйреттік (үйретпедік, дәлірегі). Бірақ тым құрғақтау басы. Эмоциямның бәрі фильмнің тек бастапқы жиырма минутына тиесілі. Одан кейін оқиғаның шиеленісуі қызық та шығар. Бірақ тек соңғы жарты сағаттағы апогей үшін ғана фильм түсіру, оған дейінгіні қиқым-шиқыммен нығыздап толтыру көрерменіңе деген бейәділдік.
Баянды осы фильмнің біріншісі, «Еларнадағы» ән мүшәйрасы үшін қатты сыйлаймын. Бірақ бұл «коктейлі» шикі шығыпты. Асығыс тірлік пе екен әлде… Сіздерге бармаңыздар деуден аулақпын. Біреуді баурап, басқасын баурай алмайтын, талғамға қарай құбыла беретін дүние ғой. Бірақ алданып қалған сияқты күй кештім. Киноөнеріміздің өрлеуін көксеушілерденмін. Келесіде мұндай таяздықтар ескерілсе екен.
Әнші — әнші, продюсер — продюсер болуы керек деп қай «керекші» айтып еді?
ПыСы: осы "-2" болып шығатын жалғас киноның тәуір шығуы (алғашқысымен салыстырғанда) өттте сирек.
жетпейтінінкөреді.Алғашқы «мама, помогои мне мама...», «100 дней любви», сосын тағы бір әнде осы қыз, кейін Нәйля қосылды да мына қзы жоғалды.
отызыншы секундта пайда болатын қыз
Негізі дейм да, екіншісінде әзілге көп орын берілген секілді. Екіншісінде режиссерлік тізгінді Жасұлан Пошанов алыпты. Баянның бір сұхбатында айтқаны бар еді: «Асқар Ұзабаевпен бірге жобаны әрі алып кете беруге болатын еді, алайда мені басқа ой толғантты. Әр режиссердің түйгені әр түрлі. Асқардың не түйгені маған белгілі, оны „Ғашық жүрек — 1ден“ көре аламыз. Екіншісінде өзге режиссерді таңдау себебім, киноға басқа дәм, басқа әр қосады.»
Мына "Ғашық жүрек — 2" фильмін түсірген Жасұлан Пошановты жақсы танимын. Бізден 2класс жоғары оқыған. ОҚО, Бәйдібектің жігіті. Мектепте жүргенінен әзілге, сатира бір бүйрегін бұрып тұратын. Мектепте 7-11 сынып арасындағы талантты ұл-қыздарды жинап, «Жұдырық» деген театр құрып, режиссерлық жолға сол сәтте-ақ бетбұрыс жасап жүретін. Кейін комедия кино түсірем дейтін. Ақыры мектеп бітірген соң, Жүргеновте оқыды. «Жел қызы» деген филм түсіріп, «Дидар» фестивалінде ғой дейм, бас жүлде алды.
www.presidentfoundation.kz/ru/activity/tvor/videos/2009/004/ — мына жерден де таныса ааласыз бұл жігіттің еңбегімен.
Мына пікірден Жасұланды танитыныңды ғана ұқтым
Айгүлдің актерлік шеберлігі мен Мөлдірдің аз да болса ысылып, рөлге еркін кіре алғаны қуантты. Авторлардың көздегені комедиялық образдың сәтті шығуы болған екен, сәтті-ақ шыққан! Жадыраның (Жанар Дугалова) вокалдық шеберлігіне тіптен ризаааааааааа бодым, не деген дауыс, Құдай-ау! Мейрамбектің рөлдегі жасандылығы тіптен ұнаған жоқ!
Сізден жауап бар ма? Маған сол ән ғана ұнады.
Дуганованың «Сюемдеш-и» деген әні жақсы.
Дугалова деш Әнді бейнебаянымен қабылдаған соң, біраз минусталып кетті.
«ақшаң бар ма?! дымың да жоқ»
«Говори что хочешь!» деген сияқты диалогтар естіліп қалад та