Манақ пен құлпынай
Ал бекер қарап отырғанша сендерге бір тәрбиелік-тәлімдік мәні терең, тағылымы мол әңгіме айтып берейін. Әйтпесе, іш пысып кетті. Не ғо, Жоха, анау газетті әперіп жіберші, әйтпесе, кө… оппа, пардон, арамызда дама бар екен, суық өтіп кетеді, елки. Ертең баласыз қалып жүремыз, уахахаха, на… кхм…
В общем, ерте-ерте-ертеде, әлдебір манақ жүгіріп келе жатады. Жүгіргенде Пекин олимпиадасынан медаль алу үшін дейсің бе, жолбарыстан қашып келе жатады. Артынан ілескен никотин түтіні шұбалаңдап әлгі бейбақ жар қабаққа келіп тірелді. Көз алдына қомағайланып ет асап жатқан жолбарыс елестеген манақ жар қабақтан секіріп кетеді де, шұбатылып өскен шырмауықтан ұсталып қалады.
Бір сәттік құтылдым деген эйфорияға берілген манақтың обломын төменде жатқан қолтырауын бұзады. Қанды екі көзін, сосын мұрнының ұшын судан шығарып қадала қалған крокодилді көрген діндар неменің жүрегі жер бауырлап жата кетеді.
Дәл сол сәтте антұрған екі тышқан келіп әлгінің ұсталып тұрған шырмауығын тістерімен қажалап, қия бастайды.
Өлдім деп құдайына жалбарына бастаған манақтың көзіне сол беткейде өсіп тұрған, жемісі уылжып пісіп тұрған бір құлпынай түседі. Манақ қолын созып әлгіні жейін дейді.
Міне, осымен нақыл әңгімем бітті. В общем мораль: Не болғанда да клубничкадан татып қалудан қашпаңдар, ахахахахах… А? Манақ тірі қалды ма дейсің бе? Әрине, тірі қалды, тормоз, әйтпесе бұл әңгімені бізге кім айтып берер еді, уахахах… кхм…
есіме манақ туралы басқа бір оқиға түсіп кетті. қазір пост қылып жазайын, шаң басқан ескі поштамды ақтарып келейін. бұрын приколдарды пошта арқылы Тенгизде істейтіндерден алатынбыз
23, 24, 25 желтоқсан күндері Алматыға Шаолинь манақтары келіп, Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында кәнсерт қояды дейді. Поштама келді бүгін.
Деректің әлгі жері
Қисық новелла жазсай бәйгеге.