Фоторепортаж: Лампа шығаратын «Maxlight Group» ЖШС-на саяхат
Шымкенттегі «Maxlight Group» ЖШС болашақта жылына 5 млн. 807 мың шам шығаратын болады. Аталған зауыт үдемелі индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының аясында іске қосылған. 2011 жылдың сәуірінен жұмысын бастаған «Maxlight Group» ЖШС-на 116 млн. теңге инвестиция салынған.
Жылуды аз шығаратын «MaxLight Group» шамдары, негізінен, 4 бөліктен тұрады. Төртеуі де Қытайдан сатып алынып, құрастырылады. 1. Трубка 2. Корпус 3. Электронды балласт( шам «миы») 4. Цоколь
Шамдарды жасауда ұқыптылық талап етілетіндіктен, негізінен қыз балалар жұмыс істейді екен.
Дайын болған шамдар KLX II бақылау автоматынан өтеді.
«MaxLight» шамдары 3 қабатты люминоформен боялған. Мұндай шамдар электр қуатын 80 % -ға дейін үнемдеуге мүмкіндік береді. Өзге шамдарға қарағанда қызмет ету уақыты 8 есе көп. «MaxLight» шамдары:
Сатылымдағы бағасы — 330 теңге.
2012 жылы «Maxlight Group» ЖШС жоспарында:
Сағатына 1200 дана шам жасау;
Жылына 50 млн дана шам шығару;
Электронды балласт жасау;
Шамдардың 50 түрін шығару;
Тағы бір KLX II бақылау автоматын қою.
Жұмысшылардың жалақысына келсек, бір қызығы, ешкім жалақысы жайлы айтқысы келмеді. Әйтеуір Ғалия апай 45 мың теңге алатынын әрең айтты. Бір кісі «Білмеймін жалақымды» дейді. Түсінбедім. KLX II бақылау автоматында жұмысшылардың аты-жөні жазылған екен. Сөйтсек, әр жұмысшының жасаған шамы есептеліп отырады екен. Бір шам — 17 теңге. Күніне 100 шам жасаса, 1700 теңге алады. Бұл жайлы KLX II бақылау автоматында жұмыс істейтін Шарбат есімді қыз айтты. (4-фотодағы қара көзілдіріктегі қыз)
Осымен бітті.
37 пікір