Fm - жаңа химиялық элемент

Қазақ ғалымдары жаңа химиялық элемент тауыпты. Бұл элементті ең алғаш боп біз танытып отырмыз.



Менделеев кестесінің 115-ші элементі
Элемент: 115
Аты: Әйел
Белгісі: Fm
Атомдық массасы: 60кг, сондай-ақ 40 кг-нан 250 кг-ға жететін изотоптар кездеседі.
Таралуы: өте кең таралған.

Физикалық қасиеттері:
Ерекше сөздер арқасында ериді. Мысалға: еркелету, комплимент.
Өзінен өзі қайнайды, бұрқылдайды, ешкімнің көмегінсіз суиды.
Көбею коэфиценті: жылдан жылға өседі.
Үстіне ауыр салмақ түскенде майысады, бүктеліп әр-түрлі позаға ауысады

Химиялық қасиеттері:
Au, Ag, Pt және қымбат элементтермен өте еркін қабысады.
Қымбат метталдарды көп мөлшерде жұтады.
Кенеттен жарылуы мүмкін.
Этил спиртімен тез қабысады.
Өмірге деген белсенділігі тез өзгеріп отырады.

Пайдаланылуы:
Декоративті мақсатта кең қолданылады, әсіресе автомобильдерде. Өте белсенді жуушы, тазартушы
құрал.Стрессті, шаршағанды басатын бірден бір құрал.

Өзіне тән реакциясы:
Егер жанында өзінен жоғары сапалы, дәл өзіндей үлгі отырса, көк түске енеді. Қаны басына көтеріледі.

Сақтық белгелері:
Тәжірибесіз қолға түссе өте қатты қауіп төндіреді. Бір үлгіден артық ұстауға болмайды. Бірақ біреуден көп үлгілерін ұстауға болады, тек оларды бір-бірінен алшақ, бірін-бірі білмейтіндей етіп ұстағаныңыз жөн болады. Ал енді олар бір-бірін біліп қойса сіздің өміріңізге үлкен қауіп төнуі ықтимал.

Авторы: Гауһартас
7 жыл бұрынғы Керекинфода жарияланды
Бөлісу:

45 пікір

Abilakim
Тамаша элемент екен. Судың үш күйі бар дегендей.Бұл элементте неше күй бар екен?
Gulistan
Осының ерлерге қатысты нұсқасы бар ма?
asaubota
біз жаратылыстың басқа бір түріміз. элемент деп айтуға келмейді.
Gulistan
Әрине! Скромныйсың ғой сен
Kuralai
Жазуға болады, бірақ олардың агрегаттык күйі тек біреумен шектелер)
asaubota
Егер жанында өзінен жоғары сапалы, дәл өзіндей үлгі отырса, көк түске енеді.

дәл!

сосын қыздардың бірін бірі танымайтын болса да жоғарыдан төмен не кигенін көзбен сканерлеп шығуына күлкім келеді. әсіресе кезек күтіп отырған тар кордиорларда көп кездеседі.
Abilakim
еркектерге бірдей киім киіп тұрғандары бәрібір ғой.Олар ондайды қаламайды
VKM
Аршат аға,женоненавистник
asaubota
қателесесің. маған олардың барлығы, барлық күйдегісі ұнайды
VKM
Неге кісіні таңқалдырып,қыздар сондай, сондай деп жазасыз?
meirzhan
Мүмкін сен барлық нәрсеге таңқала беретін шығарсың.
asaubota
Гаста айтқандай мен үшін маңызды болмаса жазбас едім.
Doctor
Химиядан онсызда шамалы едім, жаңа элемент қосылыпты-ғой менің бағыма
Aya
Шынымен химиялық элемент деп ойлап қалсам...Өз бейнемді жақсылап таныдым есесіне)))))))
dark_nazgul
жазба құсық. аффтарды бастилияға
asaubota
аффтар сіздермен жыныстас айтпақшы.
dark_nazgul
суреттегі бір индийская актриса ғой, иә?
berkut
Жынды екен. Алла жазса осындай элементтің бірін алайын деп жатырмын.
dark_nazgul
алма, керегі не))
berkut
шіркін, ертерек айтқанда ғой…
izbasar
Бүке бұл элементтің бір қасиеті адамды жіпсіз байлап тастауы мүмкін абай бол. Бақыт тілеймін.
balzaminka
элемент емес, адал серігіңді табуға тілектеспін болашақ жарыңнан! Бақытты шаңырақ иесі болғайсыңдар!
berkut
рахмет, балзаминка!
balzaminka
тұра тұрш, түсінбеушілік пайда болып жатыр, үйленгелі жатрм деп АКҮге лубопқа признаватталып жатырсың, келін АКҮ ме?
berkut
 АКҮ телефон номерін бермеген соң басқа қызға үйленейін деп жатырмын… *(
balzaminka
құдай-оууу, өзімнен сұрамадың ба
berkut
айтпакшы, әлі Үндістандасың ба? Тойға келсей?
balzaminka
әлі сондамын , бал айына сендер келіңдер
berkut
о, ол күшті екен! Балзам қыздың қолынан үндінің қою шәйін ішеміз
balzaminka
Алтынбек Қоразбаев шәй құя алмайды екенсің деп бағалап тастаған мені , содан бері шәй құймаймын, бірақ милк-шейкті өлтірі жасап берем
berkut
мяссаған! Алтынбек Қоразбаевқа өз қолымен шәй берген балзам қызжың қолынан милк-шейк жеу деген күшті ғой. Айтпақшы, милк-шеик деген не? жейтін нәрсе ме?
balzaminka
сүтке неше түрлі ингридиент қосылған сусын, банан, папайя, мята т.с.с
nurbergen_makym
Құтты болғай қолыңа қондырар құсың!
madlen
Девочка, девушка, женщина,
Нежная, милая, блиязкаяяяя — деген ән тыңдап отыр едім…
nurbergen_makym
Нежная, милая, блиязкаяяяя — деген ән тыңдап отыр едім…