"Алтын сапа" байқауы

«Алтын сапа» қалай өтті, ық-ық.."
АКУ


Мына велотрекке алғаш кіруім, іші кең екен. Осында 9 желтоқсанда «Алтын сапа» президент байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Залдың жартысын бөліп сахна жасап қойыпты. Біздің «сүйікті жұлдыздарымыз» «Астана, Қазақстаным» деп ән шырқады) Қазақстанның 14 облысы мен 2 қаласы Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арнап мынадай кәсіпорындарды іске қосты :
Қостанай обл. Соколов-Сарыбай кен орнында бірдеңе ашылды общым
Маңғыстау обл. Планшет шығаратын зауыт.
Ақтөбе обл. Газ өңдеу зауыты.
Жамбыл обл. «Super Farm» дәрі дәрмек шығаратын зауыт.
Қарағанды обл. «Арселор Миттал» АҚ домна пешін шығаратын болды.
Қызылорда обл. Күкірт қышқылы зауыты.
ШҚО Былғары-тері өңдеу комбинаты.
БҚО Қарашығанақта бірдеңе.
Алматы обл. Ет өңдеу кәсіпорны.
Алматы қ. Метроны іске қосты.
Астана қ. испандық Тальго вагонын шығаратын зауыт.
Павлодар обл. «Павлодар Энерго» АҚ зауыты турбинаны іске қосты.
Атырау обл. «РауанНалко» ЖШС Реагенттер зауыты.
СҚО Егін кәсіпорны Нан-ұн-макарон өнімдерін шығарады.
ОҚО Түбіт (кашемир) өңдеу кәсіпорны
Ақмола обл. Өсімдіктерді қорғайтын пестицидтер зауыты.

Белгілі бір критерийлер бойынша үздік деп танылған кәсіпорын басшылары, ұжым мынадай ескерткіш мүсінге (?) ие болды.

Облыстармен тікелей телекөпірді тамашаладық
Бөлісу:

50 пікір

asaubota
Планшет зауыты! уау!!!
sammita
«алдымен мектептерге арнап шығарамыз» деді әкімі.
dark_nazgul
планшет зауыты блогтурға арнап бізге планшеттер беруі керек еді. бермеді. блогтурда біз твиттерді, посттарды сол планшеттерден жазуымыз керек болған. кейін, Аллматыға әкеп таратып береді деген. Күтіп отырмыз енді.
sammita
осының басшысы сотталып жатыр ма?
Aikona
Ашылулар көп сияқты
sammita
соның бәрін жинап күттіріп тәуелсіздік күніне нағыпты ғо)
a63a1
Қарағанды обл. «Арселор Миттал» АҚ домна пешін шығаратын болды.
Түтінге түтін қосылса құт!
Nurgisa
Салтанатты шара басталмай жатып ивент-әкімгері студенттерді жарыстырғаны қызық еді. ЕНУсі бар, аграркасы, тағы басқасы. Әдемі ұрансөздерді жаттатқызып қойыпты. Жүргізуші Азаматтың дауысын қарлықтырып алғаны дұрыс болмады. Одан соң екі конферансье жігіт те алдын-ала жазылып берілген мәтіннен ауытқып, өздерінің еркінсөздерін қосқысы келген жерлерінде оңбай қателесті. Мұндай деңгейдегі шара үшін бір түрлі екен ондай шикілік. Ал сахна ұнады, жарқырп тұрды.
sammita
қалалық әкімдікке 2000 адам көрермен табу жүктелді, студенттер бұндайда таптырмас құрал))
Былтырғысы күшті өтіп еді Қазақстан концерт залында. Өзің болдың ба мында?
Nurgisa
Марапатталушылармен бірге «С» бөлігіне отырғызылдық.
asaubota
қалай ерінбейсіңдер осындай жиындарға баруға?
Nurgisa
Аудару үшін алдырғызды ғой «жасай берсін Жұмағұлдар».
sammita
шақырса міндетті түрде барады ғой. Ал біз жылда ұйымдастырушы комитет, бірнеше ай жүгіретін
sammita
біздің тізімде атыңды байқамап ем, ғық-ғық мен де сол маңайда партерде отырдым.
Ұнағаны: испандық тальго вагондары, жол жүру уақыты 2 есеге азаяды дейді.
Nurgisa
Стандарттаудағы ана басшы жігіт жүр еді ары-бері. Соңғы сәтте ПӘ-дегілер отырғызу ретін ауыстырып жібергені аздап қиындатты ма деймін ұйымдастыру ісіне жұмылдырылған қыз-жігіттердің ісін. Біткеннен кейін «мен» деген атқамінерлермен бірге қарақұрым халық таласып жатты киімін алмаққа. Гардероб жақта. Өнерпаздардың соңғы әні де естілмей қалды ма деп қорқамын, Елбасы кеткесін іле-шала бәріміз шығаберіске оқталдық.
sammita
атқамінерлердің киімі вип-гардеробта еді ғо. Басшы-қосшы бәрі сонда түнеді. "Үффф" деп бір-бірін құттықтап жатты. Тыныш өткені маңызды, гардеробты қойшы)
izbasar
Астана Алматы ма?
sammita
Астана-Алматы арасында бар ғо. Енді біртіндеп барлық пойыздарды осы вагонмен жабдықтамақ.
Nurgisa
Өзендегі кішкентай бүлдіршіннің тентектігі біраз күлдірді. Бір орында тұрмай, сөйлеп жатқан әкімді біраз әбігерге салды. Одан соң Нұрлан Смағұловтың өз марапатын он бір жасар Жансая мен жеті жасар Бибісараның қолынан алғаны символикалық мәнге ие ме деймін.
sammita
сол баланы бекер шығарды-ау, біраз уақыт күтіп қалғаны көрініп тұр, қиқалаңдап шаршап кетті бала
patick
Домна пеші көнерген технологияның өкілі емес пе еді?

Маңғыстау обл. Планшет шығаратын зауыт.

Өйтіп шығарған планшеттері құрысын — корпоративті клиенттерге арналған. Алматыдан да бір планшет шығаратын кәсіпорын ашып еді, ол да сондай — оптом алу керек, дордойбазарынссс
sammita
Домна пеші көнерген технологияның өкілі емес пе еді?
енді дәл сол облыс-қалада биыл не іске қосылады, соны айтып отыр. Мүмкін өзгеше бір пеш шығар. Мен блокнотыма түртіп отырдым айтылғанды. Қаптаған цифр мен өнімдерін мақтауын онша тыңдамай. Дегенмен «20 жылда мынаған қол жетті, ішкі жалпы өнім бәлен пайызға өсті, жалақы көтерілді т.б.» деген статистика 80 пайызға өтірік ақпар деп жатыр білетіндер.
patick
лібә, мақтануға шаршамайды да, ұялмайды да екен. өңірдегі ауылдарды көз алдарына әкеліп көрсетсе, ішкі өнімі мен өскен жалақылары мен жәрдемақылары наққа кетер еді.
izbasar
ЖІӨ 10 мың доллар деп жатыр.
sammita
адам басына шаққанда сол шама шығар, айтуларына қарағанда))
KILYZAMAN
Біреудің қыйы біреуге отын болған заман ай
KILYZAMAN
Писарларда өз ыдсына сиуді әдет қылды
Дегенмен «20 жылда мынаған қол жетті, ішкі жалпы өнім бәлен пайызға өсті, жалақы көтерілді т.б.» деген статистика 80 пайызға өтірік ақпар деп жатыр білетіндер.
— өңкей АҚӘ — тің әрекетшілдері...
saken
Қызылорда обл. Күкірт зауыты.
негізі күкірт қышқылы зауыты деп еді. Зияны көп бәле сияқты… Біздің облыста қашан бір халыққа зияны аз кәсіпорын ашылар екен
Nurgisa
Күкірт Атыраудағы мұнаймен ілесе шығатын өнім (құзырлы органдар өнім емес, қалдық деп айыппұл төлеткізіп жатады кейде күкіртті ашық түрде сақтайтын жер қойнауын пайдаланушыларға). Миллиондаған тонна жатыр тау-тау боп үйіліп. Құрту үшін бірталай жұмыстанып жатыр, бірақ әлемдік нарықтағы басты кәдеге жаратушы Қытайға негізінен канадалықтар жеткізе ме деймін күкіртті. Қызылордадағы нысанға күкірт батыстағы өндіріс ошақтарынан жеткізіле ме деймін.
Nurgisa
Жүргізуші қыздың алақанына жақсы ойластырыпты пойызды, схеманы. Артынша Елбасы медиа-орталыққа келді, әлі толық бітпеген супералыптың тыныс-тіршілігімен танысты.

Музыкалық бағдарламаны жасақтаушылар Р.Рымбаеваны сүйемелдеген домбырашы жігітті 2 соло номермен жібергендерін түсінбедім. Біріншісінің өзі жетерліктей еді, меніңше. Концертте мен сүйіп тыңдайтын әншілер болмады, кілең Беркут мен Мәдина Сәдуақасова… Бірақ репертуарға қарап іріктелді ме деймін, кіл патриоттық рухтағы әнмен сусындатты.
sammita
Ана Жұлдыздар фабрикасы деген нағып жүр даңғаза? Патриоттық әндер іріктелгені шын енді. Ал Медиа орталық қай жерде?
Nurgisa
Фабриканттарды жетінші арна көрсетеді. КМ-ке тиесілі, қателеспесем. Арғы жағы түсінікті. Төрт мәрте шықты ма…
Медиа Орталық «Керуенге» жапсарлас маңайда, "ҚТЖ" кеңсесінен кейін.
Aldeken
ҚТЖ-ның қасынан өтіп бара жатып, қабырғасына үлкеееееееееен 3 телевизір ілінген ғимарат көрсеңіз сол Медиа орталық деп ойлаңыз…
salta
ШҚО Былғары-тері өңдеу комбинаты — бұл комбинаттың аты ғана бар, тіршілігін жасамағалы қаааааай заман… өтірік көз бояушылық… жақында ғана президент әкімшілігінің тапсырысымен Хабар агенттігінің тілшілері барып түсіріп келді, олар келеді деген соң 1-2 адамды әкеліп, картина үшін жұмыс істегенсіпті… так что анау жыл сапасы үшін алған сыйлықтарын, қаңырап бос тұрған зауыттың бір бұрышына тумаған сиырдың уызын ішкені үшін лақтыра салатын шығар…
sammita
так что анау жыл сапасы үшін алған сыйлықтарын
түсінбедің, сыйлық бұл кәсіпорындарға берілген жоқ. Бұл тек биыл іске қосылды деген кәсіпорындармен, әр облыспен телекөпірден көргеніміз.
«Алтын сапа» сыйлығы белгілі бір критерийлер бойынша беріледі, арнайы комиссия бар, талаптары бар, облыстан озып шығып республикалық деңгейге қатысып жеңіп алады. Жыл бойы іріктеледі. Олар туралы толығырақ ақпарат іздеп көрші табасың.
dark_nazgul
комбинат екі жарым жыл тоқтап тұрған, енді қайтадан іске қосылды. сен айтқандай бейшара кейіпте емес. өзім барып көріп келдім.
salta
не де болса, зауыттың жұмыс істемейтіні пакт))))
sammita
ол жаңалық емес біз үшін)
salta
жұртты таң қалдырып шалқасынан түсірейін деген ниет болмаған негізі…
sammita
түсінбедің, қазақстан үшін таңсық емес дегім келген.
abzik
Ал, біздегі,
Шымкенттегі Кашемир зауытының, әзірше бірінші кезеңі іске қосылды. Қой және түйе жүнін өңдеп, импортқа шығарамыз дейді ондағылар. Технология Қытайдікі, жұмысшылары да сол жақтан, онысы сәл ұнамай қалды. Стандарт-цементтіктер ұқсап, Қытайға оқуға жіберсе, Қазақстандықтарды, жақсы болар еді. Сонда біздікілер де жұмысбасты болып қалар еді
dark_nazgul
Көкшетаудағы «Агример Астық» кірмепті ғой. Шынымен жұмыс істеп тұрған кәсіпорын сол. Бидайдан нанға дейінгі барлық сатыны қамтиды.
izbasar
Е, ел басы кәсіпорында ашады. Ол іске 1 жылдан соң қосылып жатады.
dark_nazgul
жоқ, агример шынымен жұмыс істеп тұр, кәдімгідей.
sammita
мен де Көкшетауды көріп қалармын деген үмітте едім. Степногордың кәсіпорнын ғана көрсетті. Бір облыстан бір кәсіпорынды таңдапты.
saken
планшеттің атауы қандай екен?
izbasar
Шара қатысқандарда жыртылып қоймай қойды.
sammita
жыртылатын түгі жоқ, қауымдастық атын оқы.
balzaminka
менің маңдай терім мен бүйрегім тоңған соңғы нысанам ғо бұл Ұрпағым не істедің бұл өмірде десе, ұялмаймын жауабымнан бүгін менің мақтанатын күнім