ТІКЕН
Ертеректе бір елде жазаның мынандай жан түршігерлік түрі болыпты. Кінәлі адамдарды аш арыстанға жегізетін көрінеді. Халық жиналып тамашалайды екен.
Кезекті кінәлі мырзасынан қашып кеткен бір құл еді. Биік қабырғалармен қоршаған алаңның ортасына кінәлі құлды байлап қойып, он күннен бері аш жатқан арыстанды жібереді. Байғұс құлға қарай бар екпінімен жүгіріп келе жатқан арыстан бірден тоқтап қалып, кінәлі құлдың қолын жалай бастайды. Жиналғандар тегіс таң қалысыпты.
Құлдан бұл керемет көріністің себебін сұрағанда, құл былай депті:
-Мен орманда осы арыстанға кез болған едім. Аяғына кіріп кеткен тікеннен ыңырсып тұр екен. Тікенді алып астап, екеуіміз дос болдық,-депті.
Оқиғаны тыңдаған халық таңдай қағысып:
-Құлды босатыңдар! — дейді. Кінәлі құл мен арыстанды босатып жібереді. Арыстанның құлдың соңынан үйреншікті мысық секілді ілесіп бара жатқанын көрген жұрт қайран қалады.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.):

Аяғанды Аллаh та аяйды. Сендер жер бетіндегілерді аясаңдар, көктегілер сендерді аяйды— деген.
5 пікір