Ит

Таңатар аға әйелімен егістікте егін орып жүрген еді. Кішкентай балалары Құтжолмен итімен бірге егістіктің шетіндегі ағаштың астында ұйықтап жатқан болатын. Демалу үшін ағаштын жанына жеткендерінде, қорқынышты көрініске тап болды. Балалары аударылып, етпетінен қозғалмай жатыр, ал Құтжол үсті-басы қан күйде қыңсылап тұр еді. Таңатар аға ашуланып кетті. Құтжол баланы талап тастаған екен деп, қолындағы тырмамен басынан қойып қалғанда, байғұс Құтжол жер жастанды.
Әйелі баланың сап-сау екенің, тәтті ұйқы құшағында жатқанын айтқанда, аңырып тұрып қалды. Анадай жерде үлкен жыланның өліп жатқанын көргенде, Құтжолдың сонымен айқасып жараланғаның, әрі балаларын өлімнен құтқарып қалғанын түсініп, қатты өкініп қалды. Таңатар аға Пайғамбарымыздың мына бұйрығы бойынша әрекет қылғанында, қандай бақытты болар еді:
Алдын-ала ойлап әрекет жасау - Аллаhтың ісі, асығыс тірлік - Сайтанның ісі.
Бөлісу:

34 пікір

balzaminka
ит жыланнан қорқып тырп етпейді деп ойлаппын осы күнге дейін. Бұрынғы естіген әңгімелерде мысық туралы айтылатын еді
dark_nazgul
күшікті қойып, итке көшкенсің бе, балақай?
balzaminka
осы күнге дейін мысық жайлы көп айттық қо, қарымтасы қайтып жатыр ))
dark_nazgul
Әбілйкімнің аулында иттің жеті атасына дейін түгендеп тастамап па едік?
Erlan
кішкене кунімізде бір құрдас баланың иті болды, алгі балаға ойнап тиіссең, иті азуын ақситып, танауын тыржитып шыға келеді, еркелетсең еркелиді, ұрыссаң қоя қояды, адам сияқты санасы бар аздапта болса ))
balzaminka
итті сол адалдыңымен жақсы көреміз ғо, әйтпесе мысық өзін қатты жақсы көретін эгоист қо )
AKA
Толық қосыламын, мен мысықтарды түк ұнатпаймын, тіпті кіп-кішкентай әрі сүйкімді болса да…
saken
мысықтың тілегі жаман, қарғысы жаман деуші еді ҮЛКЕНДЕР!
dark_nazgul
мысыққа жамандық жасасаң ғана қарғайды)) мысалы: құйрығын сындырсаң, мұртын күйдірсең деген сияқты.
balzaminka
бүгін мысықты жек көретіндер жиналып қалыппыз ғо ))
Robin
Жоқ. Мен мысықты иттен гөрі қатты жақсы көремін… Бұрын мысығым болған… Әп-Әдемі. Қазір ол өліп қалған. Сонша бір де болса жануарды жек көруге болады ма екен? Аясандар етті?! *(*(*(
balzaminka
неге жек көрмеске?  Оның қасында кейбір адамдарды да жек көреміз ғо
saken
бірақ мен бала мысықтарды жақсы көремін. Үйде асырауға қарсымын.
dark_nazgul
дұрыс. токсоплазмоздың емделуі қиын)))
saken
Сіздің арқаңызда көптеген ғылыми сөздермен білім базамды толықтырдым.
Рахмет саған Дарк десем бола ма, болмай ма? )))
Aizhantabyn
Ит: «Адам мені тамақтандырады, жуындырады, ойнатады, демек ол Құдай»
Мысық: «Адам мені тамақтандырады, жуындырады, ойнайды, демек менн Құдай»))))
salta
мысық адамның көкірегіне жатып ұйықтағанды жақса көреді. сондағы оның арманы, мына жүрек қашан тоқтайды екен деп күтіп жатады екен дейтін әжем… бала кезімнен мысықты ұнатпаймын…
dark_nazgul
Адам мысықтардың арман-тілегінен бұрын, өзінің нені қалайтын-қаламайтынын білмейді, түптеп келгенде.
meirzhan
Күшті айтқан екен әжеңіз.
dark_nazgul
Мысықтар неге моншадан қорқады а?
saken
м… иәәә…
моншада неғып жүрген мыШық ол?
Sabions
просто Құтжолға обал…
Robin
ия ия. Ит жеті қазынанын бірі деп бекер айпаса керек.
meirzhan
Энергетика алмасуда ит — донор (адамға энергетика береді) екен, ал мысық — вампир (адам энергетикасын сорады) екен. Сондықтан егер сізге ит көбірек ұнаса, демек сізде энергетика дефициті, ал мысықтар ұнаса — керісінше.
мүмкін жай теория шығар. бірақ қисын бар.
konvict
Мынадан кейін өзімді энергия көп адамдар қатарына жатқызсам болады ма екен?
meirzhan
Мүмкін көп, мүмкін орташадан жоғары, энергичный вы мой. © гараж
dark_nazgul
менікі тіпті атқылап тұр десеңші онда)))
meirzhan
Субъективтілеу пікірім, олай айтпас ем. сізде сабырлы мыс бар
meirzhan
Жалпы комментарийлеріңнің өздерінен энергичный деп айтуға негіз бар сияқты.
Lola
жақсы ит өлігін көрсетпейді.