Менің үнемі айтып жүретін сөзім..........

Менің қай жерде жүрсем де айтып жүретін сөзім КЕТШЕЙ. Біреу менің жыныма тисе, тиісе берсе, мазақтай берсе Кетшей дейтінмін. Әлі сол әдетім қояр емес. Бұрындары бір ШЕТЕЛДІК КҮЙЕУБАЛА дейтін түрікше кино болған. Сол киноны қатты қызығып көретінмін. Өзі тап-таза қазақшаға аударылған. Ішінде бір Мимик деген шал бар. Жасы 80 нен асып кеткен болу керек. Ал баласы 50 ден аскан болу керек. Сол баласы әкесіне Әке үйде қал, Әке ештене істеме, Әке араласпашы дегенде Әкесі КЕТШЕЙ дейтін. Соған қатты күлетінмін. Сол киноны әлі де көргім келіп жүр. Көруге тұрарлық өте қызықты сериал. Әрі Мимик деген шал өте күлкілі. Сол сериалды көруге кеңес беремін. Өзім де іздеп қазақшасын таппай жүрмін.
Бөлісу:

10 пікір

meirzhan
Ван Перси, мынауың әйбат дүние екен. Шынайы адами, бала-көңілден шыққан жазба. шынайылық бар.
qusbegi
сауатты жазады екен ә? не дедің?
meirzhan
Сауаттылығын білмим, бірақ позитивтің желі еседі. Автордың текстінде белгілі бір энергетика болады деп жатады ғой, осы Робиннің жазбаларында энергетикасы таза.
шамалы қуып кеткен сияқтымын, бірақ мен солай ойлайм
dark_nazgul
мына бала шал болғанда қандай болар екен?
Aya
көз тимесін, тфәй тфәй…
satibaldi
Менің үнемі айтып жүретін сөзім
Өзіңе өзің таыбынып бара жатқан сияқтысың, культличностиісстің…
qusbegi
аясаңшы байғұс баланы Мейіржан фан-клубын ашып жатыр
Erkekyz
Мен ол сериалға «орта» деген баға берер едім. Бірақ сериалдың өлендері тамаша болатын.