Ашу-Ыза

Ербол — бір орындықты қолын бүкпестен бір қолымен көтере алатын күшті, қуатты бала. Мектепте ол күресіп жеңбеген ешкім қалмаған. Көбіне Бақытжанмен күресетін еді. Тағы да бір күні мектеп бақшасында жармасып, алыса кетті. Күресіп, жеңіліп қалған Бақытжан сыныпқа кірісімен, Ерболдың дәптерін шимайлап тастайды. Ербол бұған қатты ашуланып, жолдасының бетінен жұдырықпен ұрып жіберді. Бақытжаннын мұрнынан аққан қан киімін, әрі сыныпты былғады.
Болған іске барлығы реніш білдірді. Мұғалім Ерболды жазғырып жатқанда онын есіне Пайғамбарымыздың мына хадисін түсірді:
Мықты адам — күрескен адамдарын жеңген емес, ашуланғанда ашу-ызасын женген адам
Бөлісу:

15 пікір

meirzhan
Егер сен ашулансаң, отыр, онда да тоқтамға келмесең, жат! Егер онда да жеңе алмасаң, барып дәрет ал!»
Деген де бар. Мен «мұзды сумен дәрет ал» дегенді де естігем сабырға келу үшін.
satibaldi
Мұғалім Ерболды жазғырып жатқанда онын есіне Пайғамбарымыздың мына хадисін түсірді:
Сірә, Лама-Шарифке дейін болған оқиға болса керек…
Robin
Оны мен Балаларға арналған 40 ертегі (ХАДИС) деген кітаптан жаздым. ӨТЕ ҰНАДЫ МАҒАН.
Unknown
Қорқақ адам бірінші қол жұмсайды
omarbirat
Мына мысалды Ahi көрмесін
shimaibek
Неміс елінің әскерінде ғой деймін — сарбаз біреумен жұдырықтасып қалып, ашуға булықса, сөйтіп қарсыласына шағымданып, арыз жазғысы келсе, оған сол сәтте бірден жазуға рұқсат бермейтін көрінеді. Ол бір түн ұйықтап, келесі күні ашуы тарқап, қызуы басылғаннан кейін барып сергек ойымен жазуына рұқсат екен.
nurbergen_makym
— Қатардағы жауынгер Шульц, ашуға булықпаңыз!
— Херр майор, ол мені дүрдараз деді ғой, алайда…
— Сен — бөгілдір беретсің, сарбаз! Салқынқанды бол!
balzaminka
Шығыс елінде әрбір мемлекеттік қызметкердің столында қыш құмыра болуы керек екен. Жұмыс барысында ашуланғанда, ызаланғанда сол құмыраға айқайлап, жеңілденіп алуға таптырмайтын құрал екен. Ерекшелігі, сіздің айқайды қасыңызда отырған көршіңіз де естімейді.
shimaibek
Қыш құмыра дыбыс сіміреді ме сонда?
balzaminka
қарапайым қыш құмыра емес, арнайы, дауыс басатын