Бітпейтін бала бақша мәселесі.

«Ел болам десең бесігіңді түзе» деген бар емес пе. Соңғы кездері «біз қандай ел болады екенбіз»?- деп жамааааан қапаланып жүрмін. Обшым… Балаларымыз балабақшаға жарымай отырғаны былай тұрсын, балама жеке меншік қазақша балабақша таппай дал болдым. Үйдің маңайында бір қазақша балабақша ашыла қалып еді, онысы бір айдан кейін жабылып қалды. Үйден алыс жерде болса да «Көкіл» деген мектептің мектепке дейінгі балаларға арналған орталығы бар екен. Енді соған берсем бе деп отырмын. Балам жоқ дегенде домбыра деген не екенін біліп шығатын шығар ол жерден. Басында 40 мың деген қымбат,-деп отыр едім, қазір сол ақшаға балабақша табылса қуанамыз. Ееееехххх! Елім менің! Бала өсер… Өзің аман болшы әйтеуір.

сурет мына жердікіforum.azh.kz
Бөлісу:

31 пікір

omarbirat
Қазақ топтары да жоқ па екен?
balzhan
Үйге жақын ауданда мүлдем жоқ. қаланың шеткі аудандарында мысалы Таугүл, Мамыр сияқты жерлерде бар. Бірақ олар тым алыс. Жалпы қалада қазақшалары аз екен.
patick
Арктикаға экспедиция, яхтамен жер шарын айналуға миллиондап ақша жібергенше, 10 балабақша салса — 400-500 бала қазір балабақшада тәрбиеленіп жатар еді шамамен…
KILYZAMAN
Түйін осы жерде Жаыасыл бауырым!
Janasil
Шынында қуып кеттіңіз.
KILYZAMAN
Жекеменшік балабақша ашам деушілерге де жолды ашып қойыпты деген сыбысты естідіңбе?
Erke
Айтпа акшаны далаға шашқанша жөнімен жұмсау керекқо! Біреулер Келін мектебі керек деп кырып салған жақында осында!
balzhan
келін мектебі? ))ха-ха-ха! табылған ақыл
KILYZAMAN
Ауылнайлармен, әкімсымақтары(шырақтары) қысқасын айтқанда атқамінерлер халықты қой санап жүргенін түсінентін кез келді ғой… Егізге де сегізге де олардың өз негіздері жетіп артылады: Себеп — Жаман атқа жалдың біткені!
Janasil
Балабақша дәл қазіргі уақтта ақшалай пайда түсірмейді, қазақша болса тіптен. Сондықтан кейбіреулерге балабақша салғаннан казино н/е клуб ашқан тиімді. Астанада балабақшадан ойын сауық орталықтары 10 /мүкін 50/ есе көөөөп екендігіне сенімдімін.
KILYZAMAN
Балабақша дәл қазіргі уақтта ақшалай пайда түсірмейді, қазақша болса тіптен.
— не деп кеттің? Жаныасыл есімді бауырым?
Janasil
әлде дұрыс емес па?
KILYZAMAN
қысқасын айтқанда атқамінерлер халықты қой санап жүргенін түсінентін кез келді ғой…
patick
Пайда табуды көздейтін жеке компаниялардың емес, мемлекеттің міндеті ғой әлеуметтік жобаларды жасау.
KILYZAMAN
Өзектегі сыздап тұрған пәлені жұлып алар кім бар?
balzhan
Бір баладан кем дегенде 40-50 мың теңге айына алады. Бұл пайда әкелмейді ме?
KILYZAMAN
Жалпы — пайда шығар. Ал егер тереңірек үңілсек бар ғой…
Adiletshu
Текссерістер зайып алады ғой
KILYZAMAN
БАЭ-ындағылардағы қауымдастықтың жетістігі — Жетістік. Не бары отыз қанша жылдың арасында жарық көргендеріне түгілі жарықкөрем ниетіндегілеріне шейін…
araika
Кеше автобуста екі апайдың әңгімесі де осы тақырыптың ауанында болған-тын. Құлағымның түбінде тұрып айтылғандықтан, тыңдамай қалу мүмкін емес. Іштей риза болдым.

Бұл мәселеде жеке пікірімді айтар болсам, қазақ не орыс болғаны маңызды емес. Маңыздысы, тәрбиелеу жағы.
balzhan
araika дәл осы тәрбиелеу деген сөз қазақ не орыс деп бөлінетіні бар.
araika
Солай шығар, бірақ ата-ананың тәрбиесі — бастысы, қалғаны әсер етуші факторлар деп түсінемін.
boztorgai
тойхана деп ашылған кейбір ғимараттар нысан мақсатын өзгертіп балабақша боватқан жайы бар
balzhan
тойхана болама, әжетхана юолама жақсылап жөндеп, санитарлы нормаға сай, тәрбиесі дұрыс, адал, таза жер болса, неге бермеске.
asaubota
менде де дәл сенікіндей жағдай болды. айналада орысша тәрбиелейтін бақшалар. мем.бақшаға кіргізу үшін 1000 доллар пара керек екен. ал маған және буддистерге пара беруге болмайды. амалсыздан баланы ауылға жіберуге тура келді. қазір ауылда тәрбиеленіп жатыр, сол жақтың бақшасында.

менің ойымша қазақтілді тәрбиешілер аз болғандықтан қазақша бақшалар жетіспей жатыр.
Gulistan
Балаңды сағындың ба? Уақытша жібердіңдер ме, әлде мектепке барғанша сонда бола ма? Әлижан қалай?
asaubota
сағынғанда ол да біз де үйреніп кеттік. видеочат арқылы сөйлесіп тұрамыз. көктемге дейін болып қалатын шығар. күн жылынғасын осы жақтан қараймыз енді алыс та болса бір қазақша бақшаны. Әлижан 4 ай болды, ағасының копиясы болып өсіп жатыр.
balzhan
Ата-әжесі Астанада тұрады ол жақта да осы мәселе. Әйтпесе, ауылда жақсы ғой…
izbasar
Мемлекеттік бала- бақшада тәрбиеленіп жатқан балалар мемлекеттік тілде сөйлемеген қандай өкінішті.