Құттықтаймыз!

Уа, жамағат!
Бүгін сайтымыздың аруы — Саммита ханымның туылған күні!  Сұлу Көкшенің сүйкімді қызына бүгінгі туылған күнінде айтар тілектеріміз көп-ақ!
Саммита ханым, сізге мол денсаулық, ұзааақ ғұмыр тілейміз. Отбасыңызды береке мен ырыс-құт мекен етсін! Жазарыңыз көбейсін! Жұмысыңызда табыс болсын!
Ал, керекшілер, тост сендерде!
Бөлісу:

99 пікір

AKA
Құттықтаймын, Саммита әпке! Жақсы көрем сізді!
AKA
Осы қуанышты күні Сізге деніңіздің саулығын, шаңырағыңызға ырыс байлығын, жүрегіңізге мәңгі жастық жалынын, көңіліңізге сезімнің шалқыған шаттығын тілеймін. Әрдайым осы тыңғылықты да тындырымды қалпыңыздан танбай, табыстан табысқа жете беріңіз. Отбасыңыздан ынтымақ, басыңыздан бақ таймасын.
sammita
АКА қатарынан үш тілек айтып үлгерді
Рахмет үлкен, бақытты бол!
Zhan
Қасиетті 7 санында дүниеге келіпсің деп «боян» сөзді қыстырып жіберейін. Туған күніңмен. Зор денсаулық, мол бақыт тілеймін!
sammita
рахмееет құрдас, жалпы 7 санының менің өмірімде алатын орны ерекше екенін кейін айтармын бір
VKM
Саммита!
Туған күнің құтты болсын!
Жанарың әрдайым нұр шашып,
Жүзің күндей күлімдеп,
Жүрегің жаздай жайнап,
Көңілің көктемдей жадырасын.

sammita
бақытты бол ВКМ, рахмеет!
Мынаны кісіні күтем бүгін
VKM
Үлкейттің бе, көзін қысыватр ғой
a63a1
Туған күнің құтты болсын!!!
patick
Жасың құтты болсын. Жанұяңмен бақыт пен молшылықта ғұмыр кеш.
sammita
рахмет, отыздан асып барамын айххоу
asaubota
торт алып келдім экс-құрдасыма
туған күніңмен на

sammita
экс-құрдас
рахмет на
asaubota
ээээ-неее-нааа!

пибі ішик, ақша биш а?

бүгіннен бастап февральға дейін саған еркелесем бола ма? апасың ғой енді
sammita
пибі ішерміз алдағы апталарда амандық болса, астаналық керекшілер.
шыдармыз еркелікке, екі айлық інішек
asaubota
ағасы бардың жағасы бар, інісі барың тынысы бар, ал апасы бардың апасы бар!
Zhan
Шынымен Аршат енді қашан жиналамыз? Өткен-кеткен туған күндердің басын қосып?
AKY
былай ма:
AKY
Солдан оңға қарай: Самми, Аршат, Жан, Бекжан, Нұрғиса, айналып жатқан Алдекен және Жанасыл жұбайымен. Мен видеоға түсіріп жүрмін.
sammita
окорочкасы мықты екен бақаның
Алдекен тұралап жатыр ма
Aldeken
Алдекен тұралап жатыр ма

нижний брейк Саммита ханымның құрметіне десем, иә? реалда нижний түгілі верхниін де билей алмайм ше
Zhan
реалда нижний түгілі верхниін де билей алмайм ше
өлдім күлкіден
AKY
Бекжан ваще мәз (сенің жаныңда, фиолетовый киімдегі)
Zhan
Бойдақтарды жағалап билеген дұрыс қой, не де болса
AKY
 Сол брейк қой, тұралағаны нес, Самми-ау)
asaubota
мейрамда жиналып көрейік. біз әйтеуір жігіттер болып точно жиналамыз.
Aikona
Туылған күніңізбеееееннннн!!!
sammita
мен де сені жақсы көрем
Zere
Туылған күніңмен, Сэмми ханым! ) Бүгін менің ең жақын құрбымның да туылған күні.
sammita
мерген қыздар қалай былай
asaubota
біреуі менің әйелім

негізі жақсы қыздар Мерген қыздар. мен өзім жақсы сөйлесемін әйтеуір.
sammita
ер мінезділеу келе ме?
Стихиямыз ауа, еркіндікті, ашықтықты, кеңістікті жақсы көреміз.
asaubota
обшым кәдімгі сол Стрелец қой, сендер сияқты. 1 желтоқсан туған күні.
Zhan
Еркіндік, кеңістік. Ер мінезділеуміз. Стихиямыз ауа емес от емес пе, Сэмми… Отпыз. Ашықпыз, көбінесе көңілді жүреміз. Тез ашуланғанмен, тез қайтамыз. Жөн сөз болса тоқтаймыз е Сэмми. Туған күніңмен тағы да))))
sammita
аа ия от. Ауамен жақсы тіл табысамыз екен ғой
e_zhalgas
Туған күніңмен, Самми… Саммита
qisyq
Ал, құтты болсын! Табысың мол болсын, қарның тоқ болсын, проблемаң жоқ болсын! Кешегі жартыны ала келдім.
sammita
аззаматсың сен))
"Қызылжар", «Старлей» деген жақсы дейді, бас ауырмайтын
Zhan
Өлә, менде туған күніме қандай арақ аларымды білмей басым қатып, Апрель магазинінде жарты сағат жүрдім ғой. Үйдегі сілтейтіндерге қайсысын алайын деп звондасам, артында бәйтерегі бар бір Қазақстан деген арақты ал деді. Ал кеп іздейін. Бәрібір таппадым. Қолымда бір сетка зат. Жерге қойып қойдым ақыры. Сөйтсем магазиннің охраннигі кеп тұр қасыма. Ойбай ана заттар менікі. Ауыр боп кеткен соң жерге қойып қойып едім, іздеген арағымды таппай тұрмын дедім. «А» деп кетіп қалды. Сосын бір дәу орыс кісі келді. Содан көмек сұрап едім ол да таппады. Ақыры бомаған соң, супермаркеттен шығып, үйдің қасындағы кішкене магазиннен басқа арақ ала салдым)))
sammita
арақ ішеміз де… жұмыста… мммм
Zhan
Жұмыста емес үйде, сосын мен емес сілтейтін достарым )))) Бұрмалауыс жоқ
AKY
Немирофф немесе Финляндияны ал келесіде, достарың риза болады
Zhan
Негізі дастарқанға достарымның көңіліне қарамастан тек қана вино қоятынмын. Бұл жолы достарымды ренжітпейін дегенім ғо. Көптен бері арақ алмаған соң ба, білмейді де екенмін қандайын алу керектігін. Келесі жолы есте болады
araika
УаУ, өткен туған күніңізбен!
Алда болады деп жүрсем, зуууу етіпті ғой.
AKY
Мыналарды бірінші рет естіп отырм
asaubota
басжіверик



Саммитаның холодильнигінен ұрлап алып шықтым
sammita
мамам звондады, пысықпын ғо, дереу: «Мама, туған күніңмен!» десем, "Әй, менікі январьда ғо" дит)) «енді мені тудың ғо» деп миын ашыттым біраз)

Мен үшін осы туған күн мен 8 наурыз жақсы мейрам.
ErNur
Туылған күнің құтты болсын Саммита ханым! Көңілің күндей жарқын болсын! Өміріңіз гүлдей құлпырып аман-есен жүріңіз! Бүгін менің ағамның туған күні, бір күнде туылған екенсіздер
sammita
бақытты бол! декабрьскийлер көп, көктемнің жемістері
Aldeken
Саммита ханым, құттықтаймын! Бағындырар белестеріңіз бен алар асуларыңыз әрдайым биік болсын!
Armanjan
Жылына бір-ақ рет келетін туған күннің орны әр адам үшін ерекше екені сөзсіз. Ендеше сол ерекше күнде әу демей қалу ұят болар. Туған күнің құтты болсын! Өмірің ұзақ болсын! Жүрегің нәрлі де сырлы болсын! Денсаулығың мықты Өмірің тәтті болсын!
sammita
рахмет, осы тілектер басыңа келсін
Gulistan
Саммита, туған күнің құтты болсын!!!
sammita
бақыт тілеймін, рахмет
omarbirat
Құтты болсын туған күнің, Саммита ханым!
sammita
рахмет, Омарбратишка
19852407
Ал, нән бәйбіше бол!
sammita
соны айтам, тезірек пенсияға шыққым келеді кейде, жұмыс қинап жібергенде
19852407
Пенсияға 1-2 жылы кем қатар шығамыз, бұйырса

AKY
Ойбу, бірінші құттықтайм деп едім, ұқтап қаппын
Туған күніңмен Саммиым!
sammita
саспа, біріншісің, астынан санағанда
тілегіңе алғысым шексіз
madlen
Оооо, туған күніңмееееен! Басың бақыттан айналсын!
sammita
ооо, даа, Мэд, рахмет тілегіңе
balzaminka
Құттықтаймын! Бүгін сені қаужайды екенбіз ғо
sammita
Керекші қыз-жігіттер, ақ тілектерің қабыл болсын, әрқайсыңның орның ерекше мен үшін! Мына тілектер өздеріңе еселеп қайтсын!
Жұмыста отырыс өтеді шағын.
Көрші Күлпәштің дастарханын сұрап алам, екі жерден май, екі жерден қант қоям, ыстық бауырсақты шәшіііп жіберем, үстелді гүл қылам дегендей общым
AKY
шалқып отырсың ғұӘ, ужы 100 грәмді тартжвергеннен саусың ба
Жақсылап тойлат енД
sammita
шалқығанды кешке көресің, осында бол
AKY
мына жер ойран болад деЧ, асыға күтем
Aizhantabyn
Құтты болсын! Бақыт тілеймін, шаттық тілеймін, армандардың орындалсын)
altynka
Тіркеле салып тойдың үстінен шықтым ғой:-) Әлі ешкімді танымаймын бірақ туған күн иесін құттықтаймын))))
sammita
қош келдің, ұзағынан болсын
Delhi
Туылған күніңіз құтты болсын!  Биіктерден көріне беріңіз.
nurbergen_makym
Менен бір жарты мен бүтін ниет!
sammita
одан артық не керек, ризамын
meirzhan
Туған күніңмен, Саммита!!! Зор денсаулық, мол бақыт, ашық аспан, бар жақсылықты тілеймін!!!
Erkekyz
оо, Саммита әпке, туылған күніңізбен! Осы жасты кемі үш есе жасаңыз! Өміріңіз мәнді, сәнді болсын!
konvict
Вааай, құтты болсын!
Lyaila
Құт-тық-тай-мыыын
Өмірдің ұсынар несібесі, бал-шырыны таусылмай, бақыттан шаттанып жүре бер
19852407
sammi уже мас шығар
sammita
қуған күнім деген пост жазайын ба
AKY
и ниипет деп жазшы
Esmeralda
Құттықтаймын. Бақытты болыңыз!
araika
Кеш те болса, құттықтауымды қабыл алыңыз! Жақсылық жаныңызға үйір болсын!
Мергендерге ортақ күн
Dinara
Туылған күн тарқап кеткен ба мейлі, остатки сладки ғой анау сельдь под шубой қалды ма
Саммита туылған күніңмен! Алланың назарында, бақыттың базарында жүре бер осылай шалқып-тасып
KILYZAMAN
Кеште болса… Барлығың нарлығың өлшмесіз жігерің үшін алып қойғым келіп кетті. Құйып жібер Киелі фабриканың келелі жетекшісі болуыңды тілеймін…