Тырқ-тырқ, жырқ-жырқ

«Жүре берсең көре бересің» деген. Екі дәрігердің әңгімесіне куә болдым еріксіз.
-Күйеуімнің гамажын киіп кетіппін шатыстырып…
-Ауында тесігі бар ма? (Екеуі тырқ-тырқ күліп алды)
-Тесігін қойшы.Арт жағы салбырап кете береді.Ол менен үлкендеу ғой.(Шамасы менен сәл үлкен Алдекеннен сәл кіші жігіт болса керек)Жүргенің сол қайта-қайта көтеріп
-Сені қойшы, күйеуің байғұс не істеді екен? Жұмысқа сенің гамажыңды киіп кеткен болар(тырқ-тырқ, жырқ-жырқ)
Бөлісу:

22 пікір

a63a1
аман-есен елге оралуыңмен Әбеке
Abilakim
Норма бәрі.толық біткен жоқ. Әлі «больничныйда» жүрмін.Енді, барып келіп дегендей… Көп отыра алмаспын бүгін- ертең
Aldeken
айхоу, Әбіләкім кеп қалыпты ғо. Әйелін көрсең де күйеуін көрмегенің дұрыс болған екен, негізі…
Zhan
Таңертең жұмысқа асығамын деп екі-үш рет топик пен кофтамды, т.б. киімдерімді теріс киіп кеткен кездерім болған. Жұмысқа келген кезде бір-ақ байқап оң қаратып киіп аласың.
Abilakim
Теріс киіп алғанның жарасы жеңіл ғой
Aldeken
теріс кию, шатысып басқаныкін киюден тәжірибең мол-ау, осы…
19852407
 Университетте оқығанда теріс киіп кетсең, екі алып қалар едің, Жансая
Zhan
Мүмкін))) Бұрын мектепте жүргенде сондай түсінік бар еді. Сумкаңды теріс ұстасаң, кітапты теріс ұстасаң да «екі» алып қаламыз деп кәдімгідей қорқатын едік.
sammita
т.б. киімдерімді
осы жерден толығырақ..))
Zhan
Ой енді анау ғой, сосын капрон колготки
salta
осы жігіттерге арналған гамажға неге тесік салады екен?! оны бәрібір қолданбайды ғой ешкім…
Aldeken
оны бәрібір қолданбайды ғой ешкім…

осы тұжырымға қалай келгеніңізге таңданып отырғаным…
asaubota
соны айтамын

еріншектерге арналған ілгегі (түйме) бар трусилер де болады
salta
өзіңіз елестетіп көріңізші, белбеуіңізді шешкеннен кейін ышқырыңызды түсіре салған оңай ма,әлде қолды сәл тереңірек сүңгітіп, біраз қимылдап, оның ар жағындағы ішкі киімнің ішінен дәлдеп тұрып шығарған оңай ма...? жауап бере алдым ба?
Aldeken
сіз меңзеп отырған әрекетті шалбарсыз тек қана гамаж киіп тұрған кезде жүзеге асыру мүмкіндігін назарыңыздан тыс қалдырған секілдісіз…
одан кейін ол әрекетті белбеуді шешпестен, ілгек ағыту арқылы жүзеге асыратын нәсілдестеріміз бар…
жалпы еркектер үшін ілгекті ағыту түгел шешуді білдіре бермейтінін де айта етейін…
salta
кешіріңіз, еркек болып тумағаныма тағы да мың да бір тәуба деймін… менікі жәй тұжырымдау, тәжірибем жоқтығынан қателескен шығармын.ер азаматтың тағы бір құпиясымен таныстым…
TERISKEY
осы жігіттерге арналған гамажға неге тесік салады екен?! оны бәрібір қолданбайды ғой ешкім…
ужсссс...