Сенемін

Мен жастарға сенемін!

Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты —
Қырандай күшті қанатты.
Мен жастарға сенемін!
Көздерінде от ойнар,
Сөздерінде жалын бар,
Жаннан қымбат оларға ар,
Мен жастарға сенемін!
Жас қырандар-балапан,
Жайылып қанат ұмтылған.
Көздегені көк аспан.
Мен жастарға сенемін!
Жұмсақ мінез жібектер.
Сүттей таза жүректер.
Қасиетті тілектер —
Мен жастарға сенемін!
Тау суындай гүрілдер,
Айбынды Алаш елім дер,
Алтын арқа жерім дер,
Мен жастарға сенемін!
Қажу барма тұлпарға,
Талу барма сұңқарға,
Иман күшті олрарда,
Мен жастарға сенемін!
Алаш айбынды ұраны,
Қасиетті Құраны,
Алаштың олар құрбаны,
Мен жастарға сенемін!
Мен сенемін жастарға,
Алаш отын оспанға
Шығарар олар бір таңда,
Мен жастарға сенемін!
Бөлісу:

4 пікір

meirzhan
Тақырыбына қарап Роза Рымбаеваның «Сенемін» әні ме деп автоматты түрле әндетіппін
araika
Ал мен болашағыма сенемін!
негізі, өзіңіз аса дайындықпен келгенсіз-ау, ортаға? Айналасы 1-2 сағаттың ішінде бірнеше постыңыз жарық көрді...
TERISKEY
копипасттың құдіреті-ай десеңші!