Ғаламтордағы қазақ тілі мәселесі және қазақы оқырмандар аясы

Бай да баянды қазақ тілі ғаламторда өз орнын тауып қана қоймай, сонымен қатар алыс-жақын жердегі қазақты байланыстыратын ұлттың қасиетті құралы боп, күннен күнге етегін кеңге жайып отыр. Енді мәселе осынау бір елдің мәдени, ғылыми, саяси салалары басқа тілді сайттармен қатарлас ия болмаса одан асып түсу керек деп ойлаймын. Ол үшін дүниені алаңдатып отырған мәселелерге ұтымды шешімдерді айту арқылы қазақ тілді сайттарға көңіл аудартып, оны өркендете аламыз. Ол үшін не қажет сол туралы сөз қозғайық.
Бөлісу:

48 пікір

meirzhan
Мына сайттағы материалдардай болса: www.geopolitika.kz/
tienshi
Қазақ мемлекетінің тарихын қарасақ біз әрдайым өз тәуелсіздігіміз үшін күресетін ел боп жаралғанбыз, сондықтан, күнделікті іспен қатар ертеңгі күнге көз жүгірту керекпіз. Қытай айтады ғой ертеңгі күннің қамын бүгін ойла деп.
sigma
Қытай айтады ғой ертеңгі күннің қамын бүгін ойла деп.
Қыс шанаңды жаз сайла деуге болмады ма?
konvict
Жоқ, болмайды. Өйткені, қытай ол Қытай ғой
chimaq
Қытай айтады ғой ертеңгі күннің қамын бүгін ойла деп 哪句来着?
satibaldi
Бай да баянды қазақ тілі ғаламторда өз орнын тауып қана қоймай, сонымен қатар алыс-жақын жердегі қазақты байланыстыратын ұлттың қасиетті құралы боп, күннен күнге етегін кеңге жайып отыр.
Өтірік.
Енді мәселе осынау бір елдің мәдени, ғылыми, саяси салалары басқа тілді сайттармен қатарлас ия болмаса одан асып түсу керек деп ойлаймын.
Шылқыған өтірік.
Ол үшін дүниені алаңдатып отырған мәселелерге ұтымды шешімдерін айту арқылы қазақ тілді сайттарға көңіл аударып, оны өркендете аламыз.
Далбаса.
Ол үшін не қажет сол туралы сөз қозғайық.
Сөзді әбден қозғап-қозғап, керісінше — тоқтата алмай жүрміз.
tienshi
1. Біз қазір немен айналысып отыр екенбіз?
2. ))
3. Біздің елбасымыз дүниенің талай мәселелері бойынша ортақ кеңесетін жер қылып Казақстанға көңіл аудартқан. Сол арқылы қазақ дүниенің әртарапына сапар шегіп, кәсіп қылып, ғылым оқып жатыр.
4. Бірінші ой, екінші сөз, үшінші іс. Сізге үміт жетпей жатқан сияқты.
satibaldi
Біздің елбасымыз дүниенің талай мәселелері бойынша ортақ кеңесетін жер қылып Казақстанға көңіл аудартқан. Сол арқылы қазақ дүниенің әртарапына сапар шегіп, кәсіп қылып, ғылым оқып жатыр.
Осыған кәдімгідей сенесің бе?
tienshi
Мен сол істердің жемісін көріп жатқан адамдардың бірімін. Әрине, бәрі ойдағыдай емес, дегенмен саналы азаматтардың саны өсіп барады.
e_zhalgas
Біздің елбасымыз дүниенің талай мәселелері бойынша ортақ кеңесетін жер қылып Казақстанға көңіл аудартқан.
отандық және сатылмалы шетелдік имиджмейкерлердің үмітсіз құрбаны
meirzhan
Мына "қорытындыны" жазуға ұмытып кетіпсің.
З.Ы. Аға, араласпаңызшы))))
AKA
Мейіржан жолы
 
meirzhan
тсс. Tienshi деген Меломеннің қолдаушысы
satibaldi
Біздің елбасымыз дүниенің талай мәселелері бойынша ортақ кеңесетін жер қылып Казақстанға көңіл аудартқан.
Мынадай эксперимент жасап көр.
Интернетте отырсың. Он еуропалық елдің (exUSSR елден басқа) Қорғаныс Министрлігінің телефонын тауып ал. Сосын телефон шалып, шамамен өтірік былай де: «Мен Бәленбай Түгенбай, Қазақстаннан хабарласып тұрмын. Сендердің легиондарыңа (дефензивке, сегуранцаға — телефон соғып тұрған еліңе байланысты) қызмет жасауға бола ма?» де. 10 елдің — 9-ы "Қазақстан деген не?" демесе, хирургиялық асай-мүсейіңді арқалап келіп, тасымды кесіп ал. Неге сенімдімін? Себебі өзім сүйтіп көрдім. Іске сәт. Бұл метод марқұм Майкл Марлидің «Ақпараттық тұмен кезіндегі навигация» деп аталатын кітабынан алынған. Пяншік, ішетіні болмаса — жақсы автор еді.
tienshi
)) Қызық ойлайды екенсіз. Тағы бір рет түсіндіруге күш салайын. Бізден басқа дүниеде 6 млрд. адам бар, оның ішінде экономиканың 90 пайызын иемденген 20 шақты мемлекет бар. Біз олар үшін кімбіз? Олардың тірлігі өзара болып жатыр. Дегенмен қазақ дегенді естігендер жылдан жылға санап өсіп келеді. АҚШ, Британия, Түркия, Малайзия мемлекеттері біздің жастардың дарынына таң қалып жүр.
Сіз бізді білмейді деген деректерді жинаудың орнына, бізді тағы кім біледімен жургеніңіз абзал шығар?
e_zhalgas
Сіз бізді білмейді деген деректерді жинаудың орнына, бізді тағы кім біледімен жургеніңіз абзал шығар?
солай жүрген кезде уақыттың қалай оңбай алдап, артқа тастап кеткенін байқамай да қаласың
Adiletshu
дүниеде 6 млрд. адам бар
7 млрд
satibaldi
Дұрыс алты миллиард қой, бұ кісі тек Егемен Қазақстанның ақпарына ғана сенеді, ал онда әлі — 6 млрд.
Adiletshu
Егемен Қазақстаны жақсы газет. Қалың. Қажетханада біразға жетеді
satibaldi
Осы жерде сақалды әнекті айтып, ұсталдың. Қазірде қажетханаға да жарамайды. Білетіндер «цинкі көп краскімен басады» дейді, сондықтан артты удай ашытатын көрінеді.
konvict
Малайзия бізді "қыздарымыз" арқылы танып жатқан шығар
satibaldi
Сіз бізді білмейді деген деректерді жинаудың орнына, бізді тағы кім біледімен жургеніңіз абзал шығар?
Жоқ, кез-келген жолмен бақытты болуға болатынын келісемін. Адам өзіне керек ақпаратты жинаса және сондай ең болмаса бір ақпар тапса — мәз боп отыра береді. Өмірі пойызға отырып көрместен, бақыттымын деп о дүниелік болғандар бар. Үш ұшақ, он тікұшақтың жобасын сызып, бақытсыз өткендер де бар. Гитлер заманында жөйіт болып бақытты болуға болады. Дәл сол уақытта, айына 11 000 доллар жалақы алатын Бруней сұлтатының атқосшысы өмірге лағнат айтып жүрген де болуы мүмкін.
Жеке бақыт пен табысты — саясатпен шатастырма.
kokbori
сол гитлердің еврей екенін есттің бе?
satibaldi
Қызық ойлайды екенсіз
Қызық ойламайм, істейм. Істеп көр де — нәтижесін айт. Болмаса, Еркектер қауымдастығына кіріп, шын келбетіңді көрсетіп кет.
e_zhalgas
тақырыптың өзінде арт шошытарлық факт жатқан сияқты…
satibaldi
Сендердің елдеріңнің (Қазақстанның) ақпарат таратушылары өтірікші екені рас. Жалпы, кез-келген ел халықты қой сияқты ұстауға қуана келісер еді, АҚШ-та, Франция да. Бірақ оларда азаматтардың арасында осындай методикалар кең тарап кеткен, сосын амалсыз өтірік айта алмайды.
Криминалистика әдістері жалпы өте пайдалы әрі қызық. Оны тек кісі өлімі мен ұрлық-қарлыққа байланысты ғылым етіп көрсетіп келген менттер ғой. Ішпесе, жақсы ілім, нақтың.
satibaldi
Ол үшін не қажет сол туралы сөз қозғайық.
Қазақ тілінің аясын қайткенде кеңейтеміз деген кемеңгерлер саған дейін де болған, тіпті біреулері сүбелі еңбектер жазып, өздері о дүниелік болып та үлгерді. Солардың бірі — Саян Сыдық. Оқы, жақсы ойлар тастайды, бәрі де қолымызда тұрғанын көріп, қайран қаласыз. Егер таба алмай қиналсаңыз, осы жерге біраз үзінділерін салуға әзірмін.
tienshi
Жаксы болар еді. Заты бар қазақтар көп, бірақ оларды дәріптеудің орнына болып жатқан іс болып жатыр. Мен қазақ мықты ел болсын деген адамдардың бірімін.
Janasil
талаптанған адамның басын қатырмай айналып өтіп кетсеңдер екен. satibaldi
serjan
Cатыбалдыға сөз жоқ енді.
asaubota
Ол үшін не қажет сол туралы сөз қозғайық.

Жыныстық қатынас қажет ең алдымен.
Zhan
Не деген жаттанды әрі қысқа жазылса да дым қызық.
nurjanbay
«дым қызық» Ордалықтардың сөзі.
janarbek
алыс-жақын жердегі қазақты байланыстыратын ұлттың қасиетті құралы боп, күннен күнге етегін кеңге жайып отыр.
— Бұл өтірік болса мен мында не қып отырмын)))))
Бұрын аз едім енід мен танитын жерлестерім саны қосылып келеді.Соған қарап Ғаламтордағы қазақ тілі мәселесі және қазақы оқырмандар аясы кеңеиіп бара жатқанына қосыламын.
a63a1
алыс-жақын жердегі қазақты байланыстыратын ұлттың қасиетті құралы боп, күннен күнге етегін кеңге жайып отыр.
Алыс жақын жердегі қазақтардың байланыстырып етегін ашып жылт-жылт еткізіп тұрған Майлыарудың агент деген бөксесі
janarbek
Еркіндік, тәуелсіздік деп еркін ойлы елдің азаматы болғанымызбен санамыз әлі боданда Майл рудай тең қазақ тілінде бір агентті жасай салып бар қазақты ішіне топтай салар, бір қазақи админ шықпай тұрғаны өкінішті.

Енді "Қассәт-2" не оның ұрпағы жоғалып кетпесе екен қазақ ғаламторында адал қызмет жасайтын қауымның айы оңынан туса екен-деп тілеп жүрген ғой)))

Майл рудың агент деген бөксесі Стандық заң саясат топтастыра алмай жүрген қазақтың бастарын қосып жатса рақметтен басқа не айтасың))))
Есектің еңбегі адал, еті арамды осындайға айтпаушыма еді)))
izbasar
Бұныңыз дұрыс айтылған пікір болды. Шіркін…
dark_nazgul
соозды гана козгаудан шаршагаен жоксындаро ма?