Еуро-2012. Жеребе

Футболдан Еуро-2012 турнирінің финалдық кезеңдері жеребесі тартылды. Төмендегі суреттен кім қай топқа түскенін көре аласыз.


Финалдық кезеңге бірден жолдама алған Польшаның Украинаға қарағанда жолы болған секілді. Себебі қарсыластары 2004 жылғы жеңістен кейін Гректердің өндіріп ойнағаны шамалы. Ресей де ала-құла ойын көрсетіп жүр. Бірақ, екеуі де топтық кезеңде жақсы көрсеткіш көрсетіп, бірінші орынмен шықты. Тек Чехтардың бәсі төмен секілді ме?

«В» тобы «смертельный» деп айтуға болатын шығар. Роббен, Роналду, Мюллерлердің аянып қалмасы анық. Тек 2002 жылы 1/8 финалға шыққан Даниялықтар әлсіздеу көрінеді топта. Соренсон мен Томассондар ойнайды ма екен келесі жылы? Айтпақшы, топтық кезеңде бірінші орынға ие болыпты бұл Дания. Және екінші орынға Португалияны сырғытыпты!

«С» тобындағы басты фаворит Испания екеніне ешкім дауласпас. Хави мен Иньеста, Хаби Алонсо мен Серхио Рамостардың екпіні қатты. Іріктеу кезеңде 8 ойын өткізіп, 8-де де жеңіске жеткен. Доп айырмасы 26-6. Испания немістерден кейін ұпай жоғалтпаған екінші команда. Ирландияны аутсайдер санауға болатын шығар бұл топта. Срналар өз деңгейінде болса біраз қарсылық көрсетуі мүмкін.

Украиндарға жеребе жолдас болмаған секілді. Англия мен Францияны ұту? Қайдам, Шева мен Ворониндердің қолынан келмейтіндей. Швецияны ұтпаса… Жеке Ибра бір нәрсе бітіруі мүмкін. Сондай ақ, қақпашысы Иссаксонға сенім артса болатын шығар Швеция. Ал, Францияның командасына қарасаң керемет-ақ. Бірақ ойындары жүрмейді онша. Әйтпесе Насри, Рибери, Абидаль, Клиши, Ллорис, Малуда, Бенземалардың аты жер жарып тұр.
Бөлісу:

10 пікір

TERISKEY
Ресейге шанс бар, мықтап тұрып ойнаса, топтан шығады. Қалған үш топтың үшеуіне де оңай келмесі анық, жан алысып, жан берісетін болыпты. Қызық болғалы тұр!
MickThatsMyNick
Өз басым осы додада тек Францияға болысам!
saken
В тобы шынында да кіл мықтылар жиналған топ екен.
Осы додада мен Германияға болысамын.
Nurgisa
Бодысуын болысасыңдар ғой. Бірақ қызыл пурия таптап өтпесе деңдер бәрін.
konvict
Осы уақытқа дейін қызыл фурияға бодыспап едім, өткен әлем чемпионатынан кейін бас иетін болдым
Adiletshu
Неміс мәшнесі бәрін айдайды.
asaubota
өте қызық жарыс болайын деп тұр. В тобы өлім тобы, Германияға ілесіп кіш шығары белгісіз. Франция мен Англия да бұрынғыдай күшті емес. Ресей де шыға алмауы мүмкін. не болса да қызық ойындар болайын деп тұр.
qisyq
Оппа, рахмет, Абай. не болса да француздарға жақтаспын. Одан қалса немістер. «А» тобы қызық шығыпты. Жеребе соқыр деген)
asaubota
танымал букмекер кеңсесі WilliamHill Еуро2012 үшін линия ашыпты:

олардың ойынша ең басты үміткер Испания 3.25 одан кейін немістерге 4.5 беріп тұр.

сондай-ақ чемпионат ойындарына да линия беріпті.

бомбардирлерден алғашқы орындарда Вилла мен Марио Гомес тұр 8 коэффициентпен. одан кейін Ван Перси, Криштиану мен Клозе.

ал В тобынан Германия мен Голландия шығады деп отыр. Португалияның коэффициенті 2.25
sports.williamhill.com/bet/en-gb/betting/t/346/Euro-2012.html
asaubota
мұны бөлек пост қылып жазғаным дұрыс болатын шығар