Atyrau. Juma namaz. Konflikt!!!

Atyraudamyn… Jumaga bardym. Bul jerde shynymende adamdardyn minezi kyzyk eken. Dalirek aitsak kiyndau… Meshittin kyzmetkerleri men jinalgan jamagat arasynda kadimgidei tusinbeushilik aikyn korined. Amindi ishten ait dese bari hormen aikailap aitady)) sosyn sunnet okyp bitpei eshkimdi shygarmaidy eken… Bir birine azer azer shydap turgany korinip tur. Kiyn eken…
Бөлісу:

69 пікір

Medium
Бұрын олай емес еді. Қызық екен сүннеттен кейін шығармайтындары. Ал дауысты Амин кім айтатынын біліп тұрған шығарсыз?
bekmur
belgili goi. Tolyk okylyp bitpei ewkimdi shygarmady)) mektep jastagy balalar tur sabagymyz bar dep…
Medium
Әрине дұрыс емес. Мүмкін Атыраудағы оқиғалардан кейін қауіпсіздік шаралары шығар, мешіттен шықса бәрі бірге шықсын дегендей.
bekmur
jok meshit shartyna bagynsyn degeni
araika
mektep jastagy balalar tur sabagymyz bar dep…
Ужссс…
araika
Amindi ishten ait dese bari hormen aikailap aitady
қорқынышты екен…
meirzhan
Мектеп оқушылары сияқты екен  Мұғалімді тыңдамайтын
meirzhan
Сол сүннетті жартысынан көбі оқымайтын. Мен де басында кетіп қалып жүрдім  Кейін қарасам, алдыңғы қатардағылар қалады екен.
molly_zhan
Негізі сүннетті оқыған дұрыс емес па? Қалай сонда? Кімдікі дұрыс?
meirzhan
Сүннетті оқыған абзал
nurjanbay
сүннет оқыған дұрыс. ал уаххаб/салафилар сүннет оқымайды. сол себепті Атыраудағы мешіттің имамдары осындай шараға барып отыр деп ойлаймын. яғни барлығы сүннет оқып болмайынша ешкімді далаға шығармай, Имам Ағзам мазхабы бойынша сүннет оқу дұрыс екенін жамағатқа жеткізуге тырысқан.
izbasar
Алла сабыр берсін. бұл жағдай кездесіп жатқаны рас. Оны әшкерелеп анау сүйтіп мынау бүйтіпке салудың қажеті жоқ-ау сірә.
bekmur
Auruyn jasyrgan oledi… Bir ortalykka bagynbasa eshkashan tynyshtyk bolmaid
izbasar
Оларға алла сабыр берсін дейік оны барлығымыз көріп отырмыз.
nurjanbay
бұл мәселе тек қана Атырауда емес. Ақтөбенің Нұрдаулет мешітінде «Фатихадан кейін Аминді іштен айтыңыздар» деген ескерту ілулі тұр.
Aldeken
Не ғо, бір пәтуаны естігенім бар еді, мұсылман мешітке келіп, жамағатпен намаз оқитын кезде, ол мешіт қай мазһабты ұстанып тұрса, намазын сол мазһабтың тәртібімен оқысын деген. Яғни, осы бір пәтуаның өзі мұсылмандардың ауызбіршілігіне шақыратын пәтуаның бірі. Дегенмен, Атырау мешітіндегілердің әрекетін дұрыс дей алмаймын, мешіттегілердің намаз түгел оқылмайынша мешіттен шығармауы дұрыс емес, себебі, дінде зорлық жоқ, имамның ескертпесін қабыл алмайтындардың ісі де дұрыс емес, жауабы жоғарыдағы пәтуада… Өз ойым…
sigma
Түгел оқымаса несіне келеді екен
Өйтіп оқы не, оқыма не?
Zilola
толыктай косыламын!!!
MrQ
Масһаьтың бірінде мойындамайды, Иманды тыңдамайды, Құран оқылып жатса пысқырмай шығып кетеді, Бұл Оралда бар нәрсе, ал Атырауда одан бетер деседі
timurrr
Сигма,
Түгел оқымаса несіне келеді екен
Өйтіп оқы не, оқыма не?
дегенің бір қарағанда дұрыс көрінеді, алайда ол «Түгел оқымағасын несіне барам,
Өйтіп оқы не, оқыма не?» деп мүлдем намаз оқымайтын адамдарға одан сайын сылтау болмауы тиіс. Біреулер мына аласапыран кезде парыздың өзіне әрең сұранып, уақыт тауып, жанталасып келеді. Ал акцент сірә парызда. Енді біреулер жолда сапарлап жүреді. Оларға тіпті парыз намазының өзі жеңілдетілгенімен, ниеттері бойынша өздері тек парыз оқуға келеді де сүннетіне қарамай кері қайтқысы келеді. Т.с.с. жағдайлары көп оның. Ол сондықтан да сүннет деп аталады. Яғни оқысаң да, оқымасаң да өз еркің. Оқымай қалғаннан саған күнә болмайды. Тек оқыған абзалырақ болады. Әрине, ештеңе қыстамаса. Бұл жердегі мәселе бұл сөзден емес, бұл жердегі мәселе регулярно түрде әдепсіздік жасап, өзгелерге кедергі келтіретін «быраттар» туралы болып отыр…
sigma
Жалпы менің де арандатушы ойым жоқ, осы парыз сүннет деп неге бөледі екен деген ой келеді. Шыны керек осы уақытқа дейін білмейді екенмін сондай бөлімдер бар екенін. менің жеке ойым әрине, осылайша (сүннет, парыз) бөлу адамның ісі деп ойлаймын. осы ойдан туындаған пікір ғой, Түгел оқымағасын (уақыт таппағасын, ниет қылса табылады) оқудың қажеті қанша расында да.
timurrr
Хммм… осы жерден контрудар жасағым келіп отыр «Шыны керек осы уақытқа дейін білмейді екенмін сондай бөлімдер бар екенін» — ниет қылсаң білер едің. Құлап қалған серверді тұрғызғаннан қиын емес Мына жерде қырғын инфоға сілтеме беруге де болар еді, бірақ іздеген адам өзі де табар деп ойладым. Сүннет деген ол Пайғамбарымыздың (алейхи уассалату уассалам) өзі оқыған, өзгелерге оқуға кеңес берген намаздары. Ал парызды тек Аллаһ бекітеді. Оған анау-мынау, қылтың-сылтың деген болмайды Обшым «мұсылман адамның жауапкершіліктері» деген тема. Көресің ғой…
sigma
+1 Шынымен менің көзқарасым бөлектеу
Бірнеше мазхаб пен секталарға бөлінген діннің қайсысы дұрыс екенін ажырата алмағасын, өз дінімде қалғанды дұрыс көрдім.
timurrr
Бірнеше мазхаб пен секталарға бөлінген діннің қайсысы дұрыс екенін ажырата алмағасын
болғанда бірнеше серверлік стойкалар мен линукстың бірнеше дистрибутивін өзара ажыратқаннан қиын емес "өз дінімде қалғанды дұрыс көрдім" — оған ешкімнің дауы болмас… Бәлкім уақыты келмеген болар
sigma
Неге серверге қадалғаныңды түсіне алмадым, дегенмен дін жолында адассаң — өмір бойы адасасың, дистрибутивті шатастырсаң екі сағат қой басқасын орнату.
timurrr
Метафора ғой Екі сағатта басқасын қондыру саған оңай болғанмен, лузерлер үшін азап емес пе? Тіпті «дистрибутив» деген сөзді де ұқпайтындар бар, сол сияқты ғой? Дегенмен «дін жолында адассаң — өмір бойы адасасың» деп басты алып қашу, адаспай жол табудың варианты емес Ренжімеші, ренжімеші, ренжімеші? Қойдым!
Adiletshu
Дұрыс емес деп ойлайм. Әр кім өзі біледі ғой қалай оқысады. Бүйректен сирақ шығарып қайтеді. Адамдардың парызды оқығанына шүкіршілік ету керек кой
Zilola
окыса да, окымаса да озiне. Бiреудiн озi ушiн окылган намазына неге шукiршiлiк ету керек?
sigma
Дұрыс айтасыз, біреудің парызын оқығаны сол имам үшін де, мен үшін де сауап болмайды.
Zilola
Amindi ishten ait dese bari hormen aikailap aitady
Неге дауыстап айткызбайды екен? Ер азаматтын дауысын шыгарып «аумин» деген унайды маган!!!
Zilola
Бiр жолы жездем дауыстап азан шакырып жатса, артында жиенiм кара жорга билеп тур дейдi, саби гой ендi бiрге толган, билейтiн музыка екен деп калса керек )))
a63a1
бірддеңе айтайын дедім де ел дүрлігіп кетер деген оймен қайтып алдым. Бала сәбиғой, періште!
Adiletshu
Маган да унайды. Жынды естіледі. (Өзім іштен айтам)
timurrr
Пайғамбарымыз (алейхи уассалату уассалам): «Дұға іштен айтылады» деп кеткендіктен "әмин" іштен айтылады. Өйткені, ол Құран аят емес. Ол дұға. "Әмин" түгілі Фатиханың бірінші аяты «Бисмиллахир рахмонир рахим» де іштен айтылады.
konvict
Әмин жайлы білмедім толық. Бірақ егер ол қалған 3 мәзхабтың бірінде болатын болса оны жоққа шығара алмаймыз.
timurrr
Әмин жайлы білмесең мына жақта Қайрат Жолдыбайұлы ағаңның «Ислам ғылымхалы» атты іргелі еңбегі бар. Көшіріп ал да оқы! Ал басқа мәзхабта рұхсат етілген пәтуаны ұстанғысы келген адам үйлерінде, не өз еріктерінде ұстаса болады. Бұл жақта мешіттің ішіндегі тәртіпті айтып отырмыз. Ал мешітте мәзхаб — Ханафи. Исламда имамға бағыну уәжіп. Уәжіп деген парыздан бір саты ғана төмен, істемесең күнәлі болатын іс. Ал имам "іштен айтың" деп тұрса, оның үстіне «Аллаһ разылығы үшін?» деп өтініп, қиылып сұрап тұрса, онда «быраттар» айтқанды тыңдауы уәжіп болады. Бұл жерге басқа мәзхабтың пәтуасын пихать етіп, білмейтін жұрттың басын қатыруды қой, бауырым. Түсінбестік, айқай осындай жұлым-жұлым ақпараттан шығады.
nurjanbay
Мақпал сен дұрыс түсінбей қалдың. біз «аумин» деп бата жасағаннан кейін, дұға қылғаннан кейін, тілек айтқаннан кейін дауыстап «аумин», "қабыл болсын" деп айтамыз. ал бұл жерде талқыланып жатқан мәселе намаз оқып жатқанда іштен айтылатын "әмин" сөзін дауыстап хормен айтылуы болып тұр. біздің Имам Ағзамның мазхабы бойынша (Ханафи мазхабы) "әмин" сөзі намазда Фатиха сүресінен кейін іштен айтылады. точка.
(егер «точка» демесем ана хадисте былай деген, мына хадисте былай деген деп көпіртіп жаза беруге болады. бұны "әминді іштен айтылу керек деп Имам Ағзам мазхабының ғұламалары бұрын бекітіп кеткен. мен осыған мойын ұсынам. себебі мен осы мазхабтамын" деп қоя салу керек).
Esdaulet
Juma namazinin sunnetin uyge barip okudin sauabi kop dep estigem. Meshitte sunnetti okimai shigip ketudin sebebi osi bolar
timurrr
Juma namazinin sunnetin uyge barip okudin sauabi kop dep estigem.
Мүмкін емес…
Esdaulet
mumkin emes bolsa mumkin emes shigar, anygin aita almadim. men de ol angimeni 1ret kana estidim. Osinda sol jayli biletinder bar ma degen oymen jazgam.
bekmur
Timurrr Atyrau jaryk jakta juretin sen ba? Kaita kaita korem))
timurrr
 Ия. Қайта-қайта көргенде, бір амандасу ойыңа келмейді ә?
bekmur
2 ret kordim. Bir jerden.Sen ba dep oilagansha otip ketesin))
timurrr
Енді ойланып болған шығарсың? Келесі көргенде «керекинфо ееееееееееей...» деп әндетіп өт. Өзім барып амандасармын))
bekmur
endi jana jyldan son kelemin.Kelgesin andetem onda..))
timurrr
Келгесін хабарлас. Келіншегімнің шәйнегі үнемі қайнап тұрады
timurrr
«Сүннет оқып бітпей ешкімді шығармайды...» болғанда, былай ғой, бауырым. Ол бауырларға негізі мешіт қызметкерлері «Асығыстарың ешкімге кедергі келтірмей қайта шығып кететін жерге отырыңдар, жұма намазының парызы оқылып болған соң, топырлап, соңғы сүннетті оқып жатқан адамдардың алдын кес-кестеп өтпеңдер...» дейді. Өкінішке қарай, кейбір бауырлар (әсіресе өздерін салафит санайтын жігіттер) мешіт қызметкерлерінің айтқанына құлақ аспайды. Пачкасымен бірге парыздан соң өре түрегелед де, сен намаз оқып жатсың ба, жоқ па, шаруасы шамалы, топырлап есікке қалай ұмтылады. Әсіресе, ондай бауырлар көбіне екінші қабаттан тарс-тұрс, сарт-сұрт етіп шапқылап түседі. Ең жаман нәрсе сол — өзгенің құлшылығына кедергі келтіру. Рас, кейбіреулер парызға әрең келеді. Сабақ бар, жұмыс бар. Оларға сөз жоқ. Бірақ, өзіміз 3 жылдан бері байқап келе жатқан соң айта кететін нәрсе ол: сол топырлап шығып кететін бауырлар сыртқа шығып алып, әбден жұрт тарағанша даурығып әңгіме айтып тұрады. Осындан соң олар асығып шықты дегенге сенгің келмейді. Солардан зәрезап болған соң мешіт қызметкерлері негізгі мешіттің бас үйіндегі есікті ұстап тұрады. Өйткені, өзге халықдың сүннет оқуы қиындап кетеді. Ал енді ауыз үйде, сыртта тұрғандар өздері білсін. Мұндай жағдай тарауих кезінде де қайталанады. Мешіт Ханафи мәзхабы бойынша 20 ракағат оқиды. Ал әлгі жігіттер 8 ракағат оқиды. 8ден соң олар топырлап, мешіт ауласына жамырап кетеді де, үйлеріне тарамастан, даурығып «иншаллаһ, субханналла»-лап әңгімелесіп, қауқылдасып күліп тұрады. Сен мына жақта қалған 12 ракағат тарауихты оқып жатқаныңмен шаруасы жоқ. Мен айтар едім, бұл қазір сыздауық секілді, пісіп тұрған жара. Кешікпей жарылады-ау…

ПыСы: ал ауыл жақта ондайды байқай қоймадым. Маңғыстауды айтам. Өйткені, әу бастан-ақ біздің имамдар кім әмин деп даусын шығарып айқайласа, бірден намазды бұзады екен де "Әмин дегендер қашан іштен айтпайынша, біз намазды бұза береміз. Ал обалын өздеріңіз арқалайсыздар" дейді екен. Кейбір имамдар бұл радикалды әрекетті құптамайды. Алайда, тәжірибе бұл әдістің қазіргі таңда жұрыс шешім екенін дәлелдеп тұр. Өйткені, Маңғыстауда да «салафтар» баршылық болғанмен, жұма намазын да "әмин" деген айқайлап айтылмайды және "іштен айтыңдар" деп те айтылмайды. Өйткені, айтатындар арттарын қысқан…

Аллаһ берекетін берсінші! Қиындау ғой жағдай…
asaubota
адайский шешім ұнады, базар жоқ! террорды да солай күшпен тоқтату керек. біздің ауыл жақта (Ойыл) да пайда болған сақалдыларды ауылдың положенецтері жинап алып, көпірдің қасына әкеліп қолдарына бритва беріпті. я секіресіңдер, я қырасыңдар деп. содан кейін көттерін қысыпты.
konvict
Дұрыс, адамның иманы сондайда тексеріледі ғой. Сүннет деп сақал қойды ма, өлтіремін десе де қырмауы тиіс.
omarbirat
"Әмин дегендер қашан іштен айтпайынша, біз намазды бұза береміз. Ал обалын өздеріңіз арқалайсыздар" дейді екен.
Нәтижелі шешім. Жай ғана "Әмин" демей, арасында оны созып әндетіп кететіндері бар, адамның күлкісін келтіріп. Имамға ұйып тұрған адам күлсе, оның намазы бұзыла ма, жоқ па, одан хабарым жоқ екен.
meirzhan
Қатты күлесіз бе сонда?  әлде  мүмкін ?
omarbirat
Әлгілердің әндеткенін естісең, кемінде мырс ете қалуыңа кепілдік беріледі
nurjanbay
намазда тұрып күлсең намазыңмен бірге дәретің де бұзылады. *54
timurrr
Қателеспесем, намаз үстінде жұрт еститіндей дәрежеде күлу — оқып тұрған намазыңды да, дәретіңді де бұзады.
Altygradus
8 рәкаат оқыса да өзі біледі ғой, бірақ басқаға кедергі келтіру жағын ойламайтындары біртүрлі. Ғибадат жағынан болғанымен, Ахләқ, тәрбие жағы жетпейді. Дінді ұстанып жүргені болсын, ұстамағаны болсын.
Бірақ дінді ұстанып біртүрлі әрекеттер жасап жүретіндерін ай… Ақтаулық имамдар дұрыс істеген екен.Радикалды болса да жүйеге келтіру,әйтпесе оларға басқадай түсіндіру мүмкін емес.
timurrr
8 ракағат оқымақ түгілі, тіпті оқымаса да өздері біледі. Бірақ өзгелерге кедергі келтірмеу керек. Өйткені, ол мезетте имам-қари құран хатым түсіріп жатады. Онымен қабаттасқандары өз алдына. Өзгелерге кедергі тұрмақ, мешіт аумағында дарақыланып күлуді, бостан-босқа дүниелік мәселемен қауқылдасуды, өз басым түсінбеймін.
Gulistan
Тимур, басқа тақырыптарда да осылай көсіліп жазсаң ғой
timurrr
Хмм… Кәдімгідей ыңғайсызданып қалдым… Қалай түсінсем екен ә? Жақтырмағаның ба?
Gulistan
Осылай көбірек жазып тұр дегенім, бөтен ойым жоқ.
timurrr
ааа Кешірші, қапелімді қалай түсінерімді білмей қалдым.
timurrr
Менің көсіліп жазатын жерім — өзімнің жеке блогым. Сол жақтан оқысаң болады ғой?
konvict
Бізде де сол жағдай. Имам ылғи іштен айтыңдар деп қақсап отырады. Момындау ғой бірақ Данияр. Баяғыда Ербол бар кезде қалай еді. Сәләфтардің біреуі аузын аша алмайтын
satibaldi

Бәрібір әрқайсың өз көзқарасыңда тарайтының бар екен — о бастан несіне пікірталас туғызасыңдар, а нақ?
satibaldi
Дін — апиын. © И.В. Джугашвили
satibaldi
«Артыма еріңдер! Артыма еріңдер! Алдым уже занят: артыма еріңдер!»-деп кейіді Ол сонда". © Евангелие от Амандық, стих 45:79
satibaldi
«Қорқыңдар! Қорқыңдар! Өзім де бұтыма жіберіп бара жатырмын, сендер де қорқыңдар»-деп жекіді Ол сонда». © Евангелие от Амандық, стих 45:80