Кейде деймін де...

Негізі бұл пост ОН.кз сайтында жарияланған. Бірақ күнделікті өмірде осындай жәйттерді көргенде осылай жігіттердің жалпы жастардың осындай ойларды көңілдеріне түйіп жүрсе дейсің…

Осы нағыз еркек болып жүретін адамдарды көп кездестіремін.

Нағыз еркек шығар деп ойлаймын да.

Бірақ автобуста қыздар тұрып тұрғанда міз бақпастан отыра беретін жігіттер көп. Мұндай кезде «нағыз жігіттік» туралы ойларының қайда кететініне таңмын.

Қыздардың ақшасына қыдырғанды ұнататындар да бар.

Өзіне сыйластықпен қарайтын қызды пайдаланып қалуды ойлайтындар бар.

Көшеде қыздар ауыр зат көтеріп келе жатса немесе сүрініп құлап жатса, «менің қатысым қанша?» дегендей, қол ұшын беруге қысылатындар бар.

«Оның қолынан қалай ұстап жүрсің? Ол жезөкше ғой» дейтіндерді де жек көремін.

Көбі құрбысының туған күніне "әйтеуір бірдеңе" сыйлап құтылуды ойлайды. Сыйлық — ниеттің көрінісі. Сондықтан жақсы сыйлық алудан қашпау керек. Арзан, сапасыз дүние сыйлағанша, сыйламаған артық.

Осындай-осындай жағымсыз мысал-адамдарды көргенде өзімді cуперрыцарь сезінемін.

Кейбір ережелердің мен үшін құны жоқ болса да, бәрібір мен азаматпын, сондықтан, автобуста қыздар тұрып тұрғанда отыра алмауым керек, қыздардың ақшасына қыдырғанды ар санауым керек. Тағысын-тағы. Бұл нәрсе «нағыз жігіттердің» түйсігінде болып, тіпті әңгіме болмауы қажет. Негізі.
Бөлісу:

31 пікір

Janasil
Осы немесе осы секілді тақырып бұл арада да біріз мыжғыланған.Сондада тағы бір рет артық етпейді.
Aikona
Меніңше мәселе жазылғанда емес шығар, адамдарға ой салуда шығар.Қалай ойлайсыз?
Мынандай күйге түсіп жатқанда осылай жайды ойлаймын мен.
Janasil
Өкінішті. Қазір қоғамды Өзімшіл /эгоист/ сана жаулап жатыр. Осының әсері болар.
Zere
Ох, автобус, автобус…
satibaldi
Бұл пікірді мен ОН.КЗ сайтында да жариялаған болатынмын. Бірақ, бір еске салып қойғанның артығы жоқ-ау дейсің.

Айкона, дұрыс айтыпсың.
Aikona
Рахмет аға сіз қолдамасаңыз мені
satibaldi
Аға, аға деп шеттеткенді қашан қоясыңдар осы, кілең Айжан жиналып алып?
dark_nazgul
«екіқабат» жігіттерді де көргенбіз. ничо, бара бара үйрендік қой. Бір жақсысы, өздері сәл де болса ыңғайсызданып отырады. сол үшін ұйықтап қалады…
VKM
Маған соншама сұмырай жігіттер кездеспепті.
Тағы да мені «тепличная» дейтін сияқты… шыным сол.
Aikona
мүмкін сен көлікпен жүрген соң шығар
ken
блогшы бұндай пост жазудан ұялу керек
Aikona
себеп?
ken
ммм… қалай десем екен… көп нәрсе айтуға болар еді. бірақ көп сөйлегенді ұнатпаймын.
қысқасы, егер өзіңе ұнаса, ары қарай да жылай бер жаза бер.

ренжіме. бұл жәй ғана менің субъективті, ақылымның жеткен жерідегі ойым ғана, бар болғаны.
Aikona
Жарайды, сен менің және Болаттың ойымен келіспедің дейік, сонда нағыз жігіт қалай болу керек? Мында жазылғанның бәрінен адамын демекшімісің?
ken
Кейбір ережелердің мен үшін құны жоқ болса да, бәрібір мен азаматпын, сондықтан, автобуста қыздар тұрып тұрғанда отыра алмауым керек, қыздардың ақшасына қыдырғанды ар санауым керек. Тағысын-тағы. Бұл нәрсе «нағыз жігіттердің» түйсігінде болып, тіпті әңгіме болмауы қажет. Негізі.
Әңгіме болмауы керек деп оытырып қалайша пост қылып қойғанын түсінбей қалғаннан сау ма өзі, Болат досың?)))))))))
Aikona
Меніңше, ол біз сияқты жігіттердің тарапынан болған осындай кемшіліктерге ренжігеннен жазған сияқты.
ken
ал, меніңше, оған сенің плюсың керек болаған.
Aikona
 оған + қажет болды деп ойламаймын, ода и так + жетеді
ken
сұмырайды тап сол жерде тәрбиелегені бұлай жазғаннан көрі тиімдірек болар ма еді?
Aikona
ол ондайды көрсе бірден айтып тастайды и так, короче болды оның жеке басына өтпей-ақ қояйық жарай ма?
araika
Дәл осындай жағдайлар тек жігіттерде ғана емес…
"Үлкенге — құрмет, кішіге — ізет" жасау жойылып барады.
Aizhantabyn
осының бәрін жасап жүріп те, Жанчик, нағыз жігіт болмай қалғандары қаншама…
адамгершілікке саятын іс-әрекеттер ғой.
Болат бірақ красапчег, эниуай))))
Delhi
Осы нағыз еркек болып жүретін адамдардың көбі… нағыз еркектер ғо )))
ushkin
«Бірақ автобуста қыздар тұрып тұрғанда міз бақпастан отыра беретін жігіттер көп. Мұндай кезде «нағыз жігіттік» туралы ойларының қайда кететініне таңмын.» Ботиктің өзі бір рет автобуста кетіп бара жатқанда ұшып тұрып қыздарға орын берген. Сондай риза болдым
meirzhan
Біреу соны көрді ме деп қарап қоя ма еще )
aza
Соңғы сөйлемің адемі… ББұл тіпті ойланбау да, талқыланбау да керек, мен үшін солай!
Gastarbaiter
Жарайды, сен менің және Болаттың ойымен келіспедің дейік, сонда нағыз жігіт қалай болу керек? Мында жазылғанның бәрінен адамын демекшімісің?

«Нағыз жігіт қандай болуы керек?» -деген сұрақты мұң қылғанша, қарапайым жігітті өлесі ғашық қылыңдырар өздеріңе. Сол қарапайым шарамига сіз үшін нағыз болуға тырысады. Егер ғашық болса.
Gastarbaiter
Бірақ, подкаблучник боп кету қауіпінен де ешкім кепілдендіре алмайды
dark_nazgul
Есіме түсіп кетті ғой.
дәл осы пост жазылған күндері, метро ашылды емес пе. Мен бірінші күні бардым балаларыммен. қырғын кезек. содан, менің кезегім енді жақындай бергенде бір топ жігіт кимелеп кіріп кетті. шыдамадым. «жігіттер, бағанадан бері тұрмын ғой мына жерде, ұялсаңдаршы» дедім. «ой, апай, бағанадан бері тұрсаңыз, бір адамның арысы не, берісі не, менен кейін де ала саласыз ғой» дейді. тұтығып қалдым…