Алыс әрі жақын @KILYZAMAN

ҚылизаманТұрмыс бәрібір сананы билейді. Билемек түгілі, санаңның сахнасына мәңгіге орнығып алып, өмір бойы «Аққулы көлді» ойнап шығады, плисецкаясстың. Ең болмағанда "Өлмелі аққуды" сомдамай кетпейді, VKM -сстың. Ақыры тұрмыс — әдет қалыптастырады. Бір мысал: туған әкесі тауып алғанға дейін жезөкше болған азаматша Д., қалтасында мың-ақ теңге қалғанын көріп, дереу панельге шығып кетіпті. Сонда қауышқан әкесі бар жиған-тергенін осының шотына салып қойғаны тіпті есіне де келмепті, әнасс.
KILYZAMAN -да солай. Өмір бойы елдің ішіндегісін сыртқа тасып, тың тыңдап қалтырап күнелткен адам. Содан ба — тұспалдап сөйлеп, ымдап жеткізу болмысын әбден меңдеген. Ішпиен ең болмаса нанды да ел қатарлы сатып ала алмайды. «Заводской екі бөлке нан» дегенге әбден үйренген сатушы енді:«ас атасын алып бер, жұптап қана салып бер» деген сықылды нақыло-шешено-базынао-мәтел сөзді қорытып тұруға мәжбүр.
Бірақ соншама түсініксіз деп, адам қатарынан шығарып та тастауға болмайды. Әсіресе, белгілі болған соңғы деректерге қарағанда, KILYZAMAN адамзат үшін әлі жоғалмаған сияқты. Айталық, мәліметті тұспалдауы келесі заңдылыққа бағынып отыр:

E = PRMLUL − 1M − 1R − 1P − 1, мұндағы E — бастапқы мәлімет.

Әрине, бұл формуладан көті қарақты криптографтар әлден-ақ «ENIGMA» шифрлеу мәшинесінің жұмыс принципін шырамытып отыр.
Формуланы сынап көру үшін KILYZAMAN — ның кейбір сөздерін дешифрлейік.
Қазақты бүтіндейтін Қыздарымыз: Үш жүзді емес — құдандастық пен майлы желкеге қарай аңдысы мен ындынын аударып: мінезі өр қаны қаныққан-таза ұрпақтарды сол жүздердің арасында топырлатып жіберіп...
= Жүзге-руға бөлінбесек екен

Еркектің тірлігіне араласпаңыздар, дейін десем — Кюри ханымға тарих арнаған Бек пен Рыстарды қайда жіберем?
= Әйелдер де адамдар.

Өмір еркелетпейді — ал сен еркелей біл. Керек емес нәрселер керек жерде мысыңды басып жіберетінін түсінетініңе сенімім мол: Тек нигіңе байланысты нәрсе деп түсінерсің. Райхан — жерәлемнің бәрінде Райхан!!!
= Адам бол.
Бөлісу:

51 пікір

satibaldi
Дереккөт — мына жерде.
KILYZAMAN
Тузик елкелсеңде жаламашы оны…
Дереккөт
dark_nazgul
немістер екінші соғыста шифрлеуде мүлде немқұрайлық танытқан дейді ғой ә?
meirzhan
Сол кісіні тыңдап орта ғасыр, жаңа заман қазақтарының қалай сөйлейтінін білуге болатын шығар. «Уақыт машинасымен» немесе портал (Абай.кз емес) арқылы бірнеше ғасыр бұрынғы қазақ жеріне жіберсе нан сұрай алатын деңгейде.
ас атасын алып бер, жұптап қана салып бер
VKM
Кеше Сатыпалдының негатив жазу жазудан триумф күні болды.Настры нәскиге түсівотқаны таңертең-ақ білінген. Керекшілердің бәріне 1,2 реттен тиісіп шықты. Одан түк позитив алған жоқ, тіпті 1 йотаға да көңілі көтерілмеді. «Не істим? Бүгін осылай түк „жақсылықсыз“ кетемін бе» деген философиялық ойда отырғанда, Қилызаман ағайды түннің бір уақытында көріп қалады. Эх… деп басталып кетеді осы тақырып)
P.S.Маған би позитив сыйлайды.Сатыпалды, дабай үйретейін.
Nurgisa
Шұлығы кеуіп кеткен Сатыбалдының Қилызаманның басқа бикешпен жұбын түртіп өтіп жатқан паларын елестетемін. ВКМ болса Сат-шәкіртіне: «Осанканы ұмытпаңыз, осанка дедім сізге» деп шарт-шұрт болады… Қимылдары сондай ширақ, шапшаң, пластикалары еріксіз тамсандырады.
VKM
 хехе)Осанка туралы мына жерден оқуға болады:http://www.abcdances.ru/osanka.htm
VKM
«Заводской екі бөлке нан» дегенге әбден үйренген сатушы енді:«ас атасын алып бер, жұптап қана салып бер» деген сықылды нақыло-шешено-базынао-мәтел сөзді қорытып тұруға мәжбүр.
Jacqabaies_Chirac
херемет сараптама, біратала артын ашыпсың, ішпиендігіне күмән бар еді аздап
monti
расмен, Қилы атайдың пікірлері өте күрделі мен үшін, мен ғанамын ба десем, көбіне түсінбейтін, ажь сатта түсінбейд?
сосын, байқағанымдай керекте тіл мамандары көптеп отырғандықтан ба, әлде мен соңғы кезде көп кірмеймін бе пікірлердің әнегін* түсінбей, не жайлы айтып атр деп бәрін оқып шығуға тура келеді сосын
KILYZAMAN
Жаңалық ашқан түрің бар болсын…
Zere
Шын айтсам, Қилызаман ата, мен де сіздің пікірлерді мүлде түсіне алмаймын.
KILYZAMAN
Сумидың сүзгісенен шыққан нәрсе дәмсіздеу болуы мүмкін
Nurgisa
Келісем.
KILYZAMAN
Ғаламтор кең..., іздене бер дәмдісі табылар.
Zere
Солай шығар.
KILYZAMAN
Солай екені анық, сүзбеске де амалым жоқ… Не көп — приправалар көп, дәмдеуге ынтаң болса әрине…
Zere
Не дид, құдайым-ау ))
KILYZAMAN
:-), ренжуіңе себеп көрінбейтін сияқты.
Zere
Өзімнен үлкен адамға ренжімеймін ғой. ))
MrQ
Сумилар көшеде жүр арақ ішіп,
Орындары өмірде 0 боп қалған.
Біздер үшін Ағалар орны артық,
Ойлары қазақ үшін мөр боп қалға(н)(й).
AL-ASTER
Сізді Джон Нешпен шатастырамын кейде) Айыпқа бұйырмаңыз. //Игры разума
Zilola
oi ol agai magan unaidy, jalpy san-esepke katysty kinolar unaidy
meirzhan
Қилызаман — Джон Нэш?
AL-ASTER
Жоқ, автор)
meirzhan
Джон совиетски саюздың тыңшыларына қарсы күресу үшін дешифровкамен айналысушы еді.
Aikona
Қилызаман кісінің блогтарын қарап тұрам, ұнайды. Қап, сырадан қағылатын болдым
konvict
Осы ше, Қилызаман мен Сатыбалды екеуі бір адам емес па
Adiletshu
Менім ше (менің ше) Гастарбайтер мен Сатыпалды бір адам сияқты
meirzhan
Мына комменттерге қарап Абай мен Әділет бір адам дерсің
konvict
шегіп алған жоқсың ба?
meirzhan
Себебі дедукциялық ойлау жолдары бір
Adiletshu
Лібә буду, Абайды танымаймын
19852407
 Оу, Гастекс қайдасың, сені Сатыбалдыға теліп жатыр мына жақта…
madlen
Оны теліп теліп болған уже
AL-ASTER
Меніңше Сатекең мықты физик/математик/тарихшы адам
AL-ASTER
Меньше знаешь, крепче спишь.
meirzhan
Қилызаман Ұлықбектің замандасы һәм әріптесі.
AL-ASTER
Ол кісіге 30 жас қана беруге болад)) Атпен түскен суреті бар ед ғой)
meirzhan
Көрмеппін суретін.
Adiletshu
Шпиен пластикалық операция жасатқан ғой
AL-ASTER
Шпиен боса, Сатекеңе шпиен, маған шпиен емес))
Altygradus
ерінбей жалықпай осындай сюретке шейін ілгеніңе болайын хахаха)))
dark_nazgul
"ішпиен деген не?" "ішпиен емес, ішбүйен, ішінде бүйені бар, сол бүйенінің ішіне елге қарсы боқтық жинайтын адам" (примерно осылай) ©
KILYZAMAN
боқтық жинайтын адам
— бәріміз боқтың қабымыз ғой, Әбекең айтпақшы.